Гаметалар мен эмбриондарды бағалау және селекциясы




Презентация қосу
Презентация

«Гаметалар мен
эмбриондарды бағалау және
селекциясы»

Орындаған:
Тәңірберген А.
Нурбаева Н.
Тобы: АП-12-7к3
Қабылдаған:
Абдуллаева Г.
Гаметаларды in vitro
культивациялау
• Ооциттер антраль фолликулда отырып мейозын жаңалайды. Гегман метафаза
пластинкасының бойьша сап түзейді.
• Фолликул жұмыртқалықтыц беткі қабатына көтеріледі, ондағы фолликуляр сұйықгық
мөлшері артады, нәтижесінде ол жұмыртқалықтан томпайып шығып тұрады.
• Превителлогенез - азырақ өсу кезеңі. Ол оогонии мейозға өткен кезден басталып,
оның профазасы кезінде жүреді. Ооцит өзінің РНК, белок және де басқа
компоненеттерінің синтезі арқасында жүреді. Бұл кезеңде ядро мен цитоплазма өсуі
пропорциональ болады.
• Вителлогенез - көп өсу кезеңі. Тез, күрт цитоплазманың қарқынды өсуімен
сипатгалады. Ол әрине ядро-цитоплазмалық арақатынастың өзгеруіне әкеп
соқтырады (1:6-ға қатынасьшан 1:550-ге қатынасындай дәрежеге жетеді).
Цитоплазма массасьшың артуы сырттан затгар келіп қосылуынан болады.
• Өсу кезеңінде I қатардағы ооциттер керекті органоидтарды (рибосома, митохондрия),
қоректік заттар қорын (белок) және энергия көздерін көптеп жинақтайды.
Ооциттердің көлемі айтарлықгай үлғаяды. Мысалы, тауықта ооцит жұмыртқалықтан
шығарға 6 күн қалғандағы көлемінен ооцит 200 есе, ал тышқанда - 300 есеге артады.
Қалыптасу кезеңі
(сперматозоидтарда)
• Бұл кезең тек сперматогенезғе тэн, және соңғы кезең болып табылады. Нәтижесінде
домалақ клетка - сперматида — сперматозоидтарға тэн морфологиялық қасиеттерге
ие болады. Қалыптасудың нэтижесінде сперматиданың ақшьш дөңгелек ядросы
біртіндеп тығыздалады, сопайып плазмолеммаға жақындай түседі, немесе
сперматозоидтың басына ауысады. Гольджи комплексі - ол да ядроға жақындайды,
тығыз гранула - акробласт шығарады. Комплекс көлемін ұлғайтып қалпақ сияқгы
ядроға киіледі.
• Акробластгьщ ортаңғы аймағында үсақ түйіршіктерден акросома қалыптасады. Бұл
гиалуронидаза ферменті мол тығыз денешік. Ядроға қарама-қарсы полюсқа
центросома алмасады. Оның екі бөлігі болады проксималь және дисталь
центриолдар. Олар клеткаға үзынша орналасады. Оның біреуі (дисталь) екіншісімен
салыстырганда ядродан алыс орналасады (проксималь). Дисталь центриолдан
талшық (жгутик) пайда болады. Ол клеткадан шығып, сперматозоид қүйрығының
орталық жіпшесіне айналады, ал проксималь центриоль үрықтандырған кезде
зиготаға еніп, оның бөліну жіпшелері түзілуге қатысады. Цитоплазманың
центриольдармен бөлінген бөлігі сперматозоид мойнын құрайды.
Эмбриондарды In vitro
культивациялау
• Имплаитациядан алдыңғы даму - бұл зиготаның бір мезгілде жыныс жолдарымен -
жұмыртқа жолы ампуласынан имплантация орнына дейін, қозғала отырып, бөліну
басталып кетеді де, ақыры бластула түзілу кезеңі. Жұмыртқа клеткасының ұрықгануы
басталуы ұрықгандыру (шағылыстыру) жүргізілген тәуліктен басталады (әдеттеұрықгану
шағылыстырғаннан кейін 6-12сағат өткенде басталады). Осы тэулік ұрықтанған
жұмыртқа клеткасында эмбриональ дамудың басталуы болып есептеледі. Сондықтанда
шағылыстырғаннан кейінгі күнді зерттеушілер "бірінші" деп белгілейді(бұрындары
болған "бір" күн, "бірінші" күн дегенді шатастырмау керек; бірінші түсінік индукциялық
жыныс циклына қатысты айтылса, екіншісі - буаздықгың басталуьша қатысты айтылған).
• Зигота - бұл ұрықганған жұмыртқа клеткасы. Зигота дамуының екі сатысы болады: екі
пронуклеу сатысы (кариогамияға дейін) және жетілген зигота сатысы (кариогамиядан
кейін).
• Пронуклеус сатысындағы бірклеткалы эмбрион. Про- нуклеус ұрықганғаннан кейін 1,5-2
сағат өткенде пайда болады.
• Кариогамия (екі гаметаның ядро материалыньщ бірігуі) жұмыртқа клеткасының екі
бөліну өткеннен кейін кейін ғана басталады. Бұл ұрықтанудың ақырғы сатысы.
Гаметаларды
культивациялау
• In vitro культивациялау - бұл фолликулдар немесе оқшауланған ооциттерді
қоректік ортаға салып олардың дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету әдісі.
Культивациялау эдісі мына міндетті түрде орындалатын іс-шаралардан
тұрады:
• 1. Жұмырікалық фолликулдарьиан ооцитгерді шығарып алу немесе
жұмыртқалықган фолликулдардың өзін шығарьш алу.
• Ауьшшаруашьшық жануарларының фолликулдарынан ооциттерді шығарьга
алу үшін сойылған жануарлардың жұмырткалықтарын пайдаланады.
Зертханалық жануарларды операция жасап жұмыртқа- лықтарын алады.
Егерде сойьшған жануарлардың жұмыртқалықтары пайдаланылатын болса,
онда олардың жұмыртқалықтарын 1,5-2 сағат Хэнкс тұзды ерітіндісіне
антибиотиктер қосып, 3-10°С температурада ұстайды. Тек осылай еткеннен
кейін ғана ооциттерді алуға кірісу керек.
• 2. Фолликулдарды сұрыптау. Культивациялауға тек диаметрі 2-3 мм- ден кем
емес фолликулдар гана пайдаланылады.
Ооциттерді алу әдістемесі

• Ооциттерді алу әдістемесі былайсводится: жұмыртқалықты қоректік ерітіндісі
бар Петри табақшасына салады. Абайлап керекті көлемдегі фолликулдарды
шығарып алады, шығарьшып альшған фолликулдарды ойығы бар зат
шынысының бетіне қояды және микроскоппен қарай отырып срғыш
пипеткамен алмаспен тілінген фолликулдан абайлап ооцитгерді сорып апады.
Алынған ооцитгерді инкубациялық термостатга Петри табақшасында 37,5°С
температурада культивациялайды.
• Ооцитгердің іп уііго культивация процессівде диплонемадан бастап мейоздың
метафазы ІІ-не дейін 18-30 сағат бойы жетілу сатысынан өтеді. Уақыты
жануар түріне байланысты. Негізгі ауылшаруашылық жануарларының
культивация уақыты 8(16) - 26 сағатқа созылады. Осындай жолмен алынған
жұмыргқа клеткаларын уақыт өткізбей, жылдам in vivo ұрыктандыруға
пайдалану керек, себебі, бізге белгілі болғандай, ооцитгердің ұрықтануға
қабілеттілігі уақыты шектеулі, орташа, 16 сағатқа созьшады, ал одан соң
олардың ядроларында хромосома дегенерациясы жүре бастайды. Әрине ол
клетка өліміне әкеп соқтырады.

Ұқсас жұмыстар
Донор мен реципиентті анықтау және оны дайындау
Эмбриондарды витрификаттау
Биологиялық бағалау
Синтездеуші селекция
Малшаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер туралы
Жануарлар клеткасының және ұлпаның культурасы
Эмбриондарды трансплантациялау әдістері
Генетика және эволюциялық теория
Өсімдіктер селекциясы
Астық дәнді дақылдар
Пәндер