Гормондар туралы ақпарат




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Гормондар»

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Жоспары
• 1. Кіріспе
• 2. Негізгі бөлім
• 2.1. Гормондар туралы жалпы түсінік
• 2.2. Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері
• 2.3. Гормондардың әсері
• 2.4. Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің
бірнеше жолдары белгілі.
• 2.5. Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері
• 3. Қорытынды
• Қолданылған әдебиеттер тізімі
Гормондар туралы жалпы түсінік
• Гормондар[1] (гормоны); (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік
қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш
бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің
ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына
байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны),
протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті
безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет
құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға
(окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін
метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар
мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон,
фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.
• Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді
заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі
аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп,
қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін
реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус
пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке
ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат
алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық
реттелуі жүзеге асады. Қызметі - Зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына
бейімделушілігі арттырады Өсу мен көбеюді реттейді Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе
бәсеңдетеді Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар
гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде
олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты
жағдайға түседі.
• Денедегі барлық құрылымдар
арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік
тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер
арқылы үнемі кең көлемде мәлімет
алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер
гуморалдық жолмен (қан, лимфа,
тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға
кодталған электрлік жүйке серпіністері
немесе қарапайым және күрделі
химиялық заттар, көбінесе мәліметтік
макромолекулалар арқылы келеді.
• Қызметтердің гуморалды реттелуінде
маңызды рольді ішкі сөлініс бездері,
яғни эндокриндік бездер атқарады.
Олар организмнің ішкі ортасына
арнаулы биологиялық белсенді
заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс
бездері жасап шығарған заттар гормон
деген атауға ие болды.
• Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сгіпео — бөлемін немесе
шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және
лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері
тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол
өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
• Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері,
айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі
аралас сөлініс бездер.
• Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала
жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті)
әйел организмінде бала жолдасы бірқатар
гормондар бөліп шығарады — эстроген,
прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс
бездерімен гипоталамус құрылымымен және
қызметімен тығыз байланыста болады. Оның
ядроларының (кейбір жүйке
жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни
гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе
гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан
тамырларына тікелей келетін және
аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер
ететін биологиялық белсенді заттар бөліп
шығаратыны анықталған. Бұлардан баска
ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар
жатады — бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі
қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар
қанға организм мүшелерінің қызметіне
ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп
шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин,
секретин, панкрео-зимин, энтерогастрин,
энтерогастрон, эритропоэтин т. б
Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму
үрдістері
• Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму
үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де
әсерін тигізеді. Гормон деген терминді
(грекше «hormon»-қоздырамын,
қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен
Старлинг енгізген. Бұрын гормондар
ағзалар қызметін күшейтеді деп қана
есептелген. Бірақ кейінгі зерттеулерге
қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар
қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де
гормондар бар екені мәлім. Мысалы,
адреналин асқорыту аппаратының
секторлық қозғалыс қызметін тежеп
бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген
атау ішкі сөлініс бездерінің атауы болып
қалды.
• Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және
бүкіл денеге әсер ете алады:
• 1) метаболизмдік — зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне
әсері;
• 2) морфогенетикалық — конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату
(диференциялық, тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;
• 3) кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды
қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;
• 4) түзетілуші (коррекциялық) — тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын
өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету
қозғалыстары).
• Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың гормондарын, химиялық құрылым
ұқсастығын, физика-химиялық, биологиялық қасиеттерінің ортақтығын негізге ала
отырып, 3 класқа бөледі.
• 1. Белоктық — пептидті қосылымдар (инсулин, глюкагон, сома-тотропин т. б.);
• 2. Стероидтар (бүйрек-үсті безі қабығының және жыныс бездері гормондары);
• 3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер -адреналин,
норадреналин).
• Гормондардың биотүзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық
аппаратында жоспарланған, сондықтан ішкі сөлініс бездерінің әрқайсысы тек
белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына
өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бос қалпында, ал шамалысы қан
плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон,
альбумин және α-глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі темен байланысқан
гормон түрі пайда болады.

• Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері
әртүрлі қызмет атқарады. Актондар — гормонның жасушаға арнайы әсерін
қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар — гормонный әсер ету жерін, нысана
жасушаларын іздейтін бөлік. Гормон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік
дәрежесін және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар мен тіндер, негізінен
бауыр мен бүйрек жасушалары гормондарының сіңіру, күйзелту және шығару
жылдамдығын реттейді. Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай
ыдырауына кететін уақытпен (Т1/2) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті
гормондар мөлшерінің екі есе азаятын уақыты. Дені сау адамда әртүрлі
гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше болады (катехоламиндер — 0,5-
2,5 мин., инсулин — 8-12 мин., альдостерондар — 30-50 мин., кортизондар — 70-
90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды).
• Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ бірқатар
физиологиялық қасиеттері бар.
• 1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете
алады. Басқа биологиялық белсенді заттар (гистамин ацетилхолин т.б.) өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді.

• 2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы әсерді
орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттік
(шеткі) вегетативті және денелік жүйкелермен қатар қызмет жасайды.

• 3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе
басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды. Көптеген гормондар жоғары молекулалы қосылыстар,
кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді, бірақ оған қарамастан олардың антигендік қасиеті жоқ, яғни оларды
парэнтеральды енгізгенде арнайы антитәндер жасалмайды. Көбінесе қарсы гормондар табиғаты белок пептид
гормондарынан жасалады.

• 4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн
сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады.
Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді (1 нанограмм — 10-9 гжоғары).

• 5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі және мембрана арқылы өтуі олардың
молекулалық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік ферменттердің ықпалымен
ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына байланысты. Қанда гормондардың қажетті мөлшері
сақталуы үшін, бездер оларды үнемі үздіксіз жасап шығарып түруы керек.

• 6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда
құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу
қарқынына әрі РНҚ және басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы
кезінде адамның бет әлпеті соншалық өзгеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады — акромегалия,
гигантизм т. б.
Гормондардың әсері
• Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір
гормонның қажеттілігі артса, гормон — белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда болады. Байланысқан
гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан
гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.

• Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға
дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір
тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы белок болып
келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды
қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гормонды
қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
• Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның
цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар өз
рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің
активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік 3151-аденозинмонофосфат
(ЦАМФ) пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды — белоктың синтезделуіне
қажетті ферменттерді — белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік
3151-гуанозинмоно-фосфат (ЦГМФ) арқылы әсер етеді.
• Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына орналасқан
және гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың
жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың әсер етуі мембрана өткізгіштігі
өзгеруіне байланысты.
Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің
бірнеше жолдары белгілі.
• 1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы
жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі,
жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер
ету жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік жүйелерді,
оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру немесе бәсеңдету жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны
адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адеіюзинмопофосфат арқылы циклды әсері дәлелдейді. б)
Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ
алмасуын және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.

• 2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай, олардың қан тамырлары меп тіндердің әртүрлі
хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан жекешеленген, бірақ
денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза тамыры арқылы адреналинді өткізгенде әдетте кан қысымының,
дем алудың, лимфа ағысының т. б. өзгерістері байқалады.

• 3. Гормондардың әсер стуінің үшінші тетіктері — орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке
орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді.
Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей адреналин енгізгеп, иттің басы
денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы байланысқан жағдайда адреналин кезеген жүйке орталығының тонусын
жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер еткенде оның қызметін күшейтеді.

• 4. Кейбір жағдайларда гормопдардың, шартты рефлекстік әсерін байқауға болады.
Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері
• Ішкі сөлініс бездерінің қызметін зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданады. Олардың негізгілері мынадай:

• 1. Эктомия немесе экстирпация — алып тастау. Бұл безді толық немесе бөлектеп алып тастау әдісі.
Опсрацияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызметтері бұзылады. Мысалы, қал-
қансерік бездерін алып тастағанда жүйке ет қозғыштығы жоғарылап, қатты жиырылады. Бұл әсерленіс
организмде паратгормонның жетіспеушілігі мен қандағы кальций деңгейінің күрт төмендеп, жасушаның
қозғыштығына әсер етуінен пайда болады.

• 2. Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан таза гормондар меп гормондық
препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.

• 3. Эпдокринді бездерді трансплантация арқылы алмастырып тігу. Жануарларда зерттелетіп безді алып
тастап, пайда болған өзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастағап безді қанмен қамтамасыздандыра
отырып дененің басқа бөлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған қызметтер қалпына келсе,
бездің ішкі сөлінісі бар деген сөз.

• 4. Парабиоз әдісі — екі жануардың тиісті қан тамырларын жалғастырып, қан айналысын ортақтастыру,
содан кейін біреуінің безін, я бездерін алып тастап, оның дене қызметіндегі өзгерістерді зерттеу.
• 5. Ішкі сөлініс бездерін эксплантация әдісі арқылы зерттеу. Без немесе оның бір
кішкене бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып, оның тіршілік
жағдайын зерттеу. Бездің қоректік ортада гормон жасауының саны мен сапасына
әртүрлі үрдістердің әсерін зерттеу.

• 6. Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа, несеп т. б.) гормондар мен олардың
метаболиттерінің мөлшерін химиялық, иммунологиялық және басқа әдістер
арқылы зерттеу.

• 7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері, нысана
гормондар.

• 8. Флюоресция беретін қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың
қай жерде көбірек орналасқанын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл көбінесе
гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.

• 9. Клиникалық-анатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі сөлініс бездері өзгерген
адамды бақылап зерттеу. Өлген адамдағы белгілі бір бездің гипер — және
гипоәрекеттік, патологиялық анатомиялық және гистологиялық, сонымен қатар
денедегі нысана тіндерде пайда болатын өзгерістер зерттеледі.
Гипоталамустың нейрогормондары
• Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы
ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл
бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды. Ол еркек
жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және
қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне
орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.

• Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің
физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және
клиникалық мағлұматтар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық
табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды.

• Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын
шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге
жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен
жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның
ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде
қарастырған.

• Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге
қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының
әсері организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір
ғана бөлімі болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі — жүйке
жүйесі. Өйткені ол көп тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімінің
өз орны, маңызы бар жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының
барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы, жүйке
серпіністерінің жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік
ерекшеліктері бұған дәлел.
• Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз ететін реттеуші механизмге
гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық
күйзелісі кезінде жақсы көрінеді. Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т. б.
жағдайларда ылғи да гипергликемия қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті глюкозурия —
несепте қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу алмасуының аталған өзгерістерінің пайда
болуы норадреналин мен адреналиннің әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты.
Сондықтан да бүйрекүсті безінің милы қабатында түзілетін гормонды «эмоция гормоны» деп те атайды.

• Сонымен, бұл мысалда көмірсу алмасуына жүйкелік, реттеуден кейін гормондық реттеу қатысады.

• Оған қоса, көптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың) тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс
бездерінің ішкі сөлініс қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің психикалық немесе физикалық
жарақатынан кейін басталатыны мәлім.
• Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің
бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің
тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы қабатынан, қалқанша,
қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне
секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.
• Бүйрекүсті бездерінің милы заттарының симпатикалық инжүйкеациясы анықталды.
Бұл жүйкені қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің шығарылуы күшейеді,
жүйкені кесіп тастаса сөлініс тоқтайды. Қалқанша безі тек симпатикалық және
парасимпатикалық жүйкелерді ғана емес, мойын жүйке талшықтарын да алады.
• Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық
бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері)
әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.
• Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын
қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және
паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне
өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі
нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы
бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген.
Нейрогипофиздің гормондары белок — нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл
байланыстан босайды.
• Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып
саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға
айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас
құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің
алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары
арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен
тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен
түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға
гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары
нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды .

• Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер
етушілер шығады.

• Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына күйылады. Олар
гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр
торын күрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без
тіндеріне тікелей эсер етуге мүмкіндік алады.
• Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы
бөліміне босатушы факторлар (ағыл. release — фактор) (кор-тикотропин
босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин босатушы,
соматотропин босатушы, лютеотропин) өтеді. Олар соматотропин, АКТГ,
ГТГ, ТТГ т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып
бөлінуін қамтамасыз етеді.

• Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік
реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп шығаратын
нейропептидтер либерин және статин деп аталады.

• Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нәтижесінде гипоталамуста
полипептидтерден құралған бірсыпыра биологиялық белсенді заттар
түзілетіні анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және
аралық бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер етеді.
Либерин (лат. liber — бос деген мағынада) босатушы, күшейтуші, ал статин
— тоқтатушы, тежеуші (ағыл. state — тежеу) факторлар. Қазіргі кезде 7
либерин мен 3 статин анықталып отыр.
• Организмнің бейімделу әсерленістерін белсендіруге
басқа да ішкі сөлініс бездері қатысады. Бұл бездердің
қызметінде өзара байланыс айтарлықтай орын алады.
Жалпы алғанда ағзаға, оның қандай да болмасын
қызметіне тек қана бір без әсер етіп қоймайды.
Қалыпты жағдайда бұл бездердің қызметіндегі өзара
байланысына қарай бірнеше без қатысады. Кейбір
бездер бір-бірімен антогонистік байланыста болады
(мысалы, көмірсуларға адреналин мен инсулиннің әсері
немесе паратгормон мен тирокальцитониннің Са++-ға
әсері т. б.).

• Синергист бездер де бар. Олардың гормондары бір
бағытта әсер етеді. Мысалы, көмірсу алмасуына
адреналин мен глюкогон, глюкокортикоидтар тағы
басқа гормондар әсері бір бағытта жүреді де қандағы
қантты көбейтіп гипергликемия тудырады.

• Гипоталамус-гипофиз жүйесінде соңғы жылдары
нейрондарды реттейтін пептидтер тобы ашылды. Олар
эндорфин, энкефалин, нейротензин, Р заты және басқа
қосымша гормондық жүйелер.

• Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) —
асқорыту жолының көп гормондар тобы зерттеліп
жатыр.
Қорытынды
• Гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар — питуициттерден және
гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі
гормонының екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық
нейрондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамустың
супраоптикалық, ал окситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы
бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп
жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сінуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан
да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады
(полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр
еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон
құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.

• Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедии гормоны түзіледі. Бұл гормон
терідегі пигменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және
олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күнге
күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедии әсері күшейіп, теріде
қара зат фусцин түзілуі үдейді. Интермедии, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент
жасушаларынан (псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор
қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедии түзілуін де гипоталамус
реттейді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. -

384 бет. ISBN 9965-409-98-6

2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь",

2009. ISBN 9965-822-54-9

3. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-

сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы:

Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х

4. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,

Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша

терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Ұқсас жұмыстар
Бүйрек үсті безі
Генетикалық ақпарат - организмдердің ұрпаққа беретін қасиеттері жөніндегі ақпарат
Гормондар жайлы
Эйкозанойдтар
Стероидты гормондардың канцерогендік әсері
Қалыпты Қызметінің артуы Қызметінің төмендеуі
Гормондармен емдеу
Гормондардың биохимиясы. Гормональді реттелу бұзылыстары. Заттар алмасуының гормональды реттелуі
Әйелдің жыныс гормондары
Бездің құрылысы
Пәндер