Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы: «Дәрілік
заттардың әсер ету түрлері»
Орындаған: Жаңабаев Д.
Жаппар С.
Тобы: АП-12-8к4
Қабылдаған: __________________
Дәрілік заттар
• Дәрілер ауруларды емдеуге, алдын - алуға,
жануарлардың өсімталдығы мен өнімділігін
арттыруға олардың ауруларға қарсы тұру
қабілетін күшейтіп, физиологиялық
құбылыстардың бірқалыпты өтуін реттеуге
қолданады. Қазіргі уақыт талабына сай
жануарлардың өнімділігін арттыру мақсатымен
осы бағыттың барлығында да дәрлік заттардың
маңызы артып отыр.Мал шаруашылығын
өндірістік негізде дамыту дәрілерді белгілі
тәсілдермен қолданып қана қоймай олардың
күнделікті жем-шөптік, азықтық заттармен
қосып беруді талап етеді.
• Осы айтылған бағыттардың әрқайсысы
дәрілер туралы әртүрлі анықтамаларды қажет
етеді. Сол себепті әртүрлі саладағы мамандарға
бұл ғылымның мазмұны бірдей бола бермейді.
Ветеринарияда фармакологияны тірі
организмдердегі дәрілік заттардың әсерінен
болатын физиологиялық және биохимиялық
әөзгерістердің заңдылықтарын зерттеп, осының
негізінде бұл заттардың мал
шаруашылығындағы қолданылуы, қолдану әдісі
мен шарттарын зерттейтін ғылым деп арайды.
Дәрілік заттар қоры
• Дәрілік заттар қоры (арсеналы) - әр түрлі
негіздерден тұратын жаңа, әрі бағалы
препараттармен үнемі толықтырылып отырады.
Алғашқы кездері дәрілік заттар тек
өсімдіктерден ғана алынатын, соңғы жылдағы
микроорганизмдер де жиі қолданылып жүр.
Олардан өте белсенді және өзіне ғана тән
ерекше әсері бар.
• Антибиотиктерді, витаминдерді, амин
қышқылдарын және басқа джа заттарды бөліп
алуға анықталғаннан кейін, микробиология
өнеркәсібі дами бастады. Сонымен қатар,
жануарлар әлемі көптеген құнды да бағалы
препараттар, атап айтқанда буаз биенің қан
сарысуларын, инсулин т.б. берді. Препараттарды
белгілі бір бағытта қолданғанда ыңғайлы болу
үшін, одан әртүрлі дәрілік пішіндер (ерітінді,
сүртпе май, таблеткалар) дайындап қолданады.
Мал дәрігерлік фармакологияның медициналық
фармакологиямен ұқсастығы көп. Мысалы,
көптеген дәрілік заттар адамдарға да,
жануарлардың барлық түрлеріне де бірдей әсер
етеді
Дәрілік заттардың әсер ету
түрлері
• Негізгі әсер – кез-келген дәрінің әсерінен организмде болатын
өзгерістер, ал дәріні қолданғанда әсері айқын білінбесе
қосалқы әсер дейміз.
• Арнаулы әсер – дәрілік заттардың белгілі мүшеге, ұлпаға
әсері.
• Жалпы әсер – дәрілердің барлық мүшелерге өзгерістер енуі
• Жағымды – дәрілердің организмге жақсы нәтиже беруі
• Жағымсыз – организмге жағымсыз әсер ету немесе улану
• Этиотропты – дәрілік заттардың аурудың себептеріне қарсы
әсері
• Патогенетикалық – мал организіміндегі қорғаныс
реакцияларын күшейту және әртүрлі патологиялық
құбылыстардың алдын алу.
• Дәрілік заттар фармокологиялық әсерінен айқындалатын
орнына байланысты жергілікті, рефлекторлы және резорбтивті
деп бөлінеді.
• Жергілікті әсер - әсер ететін заттардың жануарлар
ұлпасымен жанасқан жеріндегі болатын өзгерістер.
Дәрілік заттар
тасымалдануы
• Дәрілік заттар тасымалдануынан
бірнеше түрі болады.
• 1. пассивті диффузия – капилляр
қабырғасы арқылы жүреді
• 2. жеңіл диффузия – мұнда
резорбцияланатын зат мембранасының
оңай диффунделінетін компанентімен
әрекеттеседі.
• 3. белсенді тасымалдану –
мембраналар арқылы арнаулы
белоктар тәрізді механизмдер арқылы
жүреді.
• Ең жақсы ену жолдарының бірі –
артерия қан тамырына егу (injektіo
intraaterialis). Бұл ену жолының
техникасы өте күрделі, өйткені
артериялар өте тереңде
орналасқандықтан оларды табу қиын
дұрыс екпесе артерия жарылып, қан
кетуі мүмкін
Дәрілік заттардың әсер ету
механизмі
• Дәрілік заттарды малдәрігерлік тәжірибеде тиімді пайдалану үшін олардың тек
фармакодинамикасын ғана біліп қою жеткліксіз. Сонымен қатар сол
фармакодинамиканы тудыратын негізгі себептер мен механизмін жете меңгеру керек.
• Дәрілік заттардың әсер ету механизмі дегеніміз тірі организмнің биохимиялық және
физиологиялық процесстерін белсендендіру, немесе әлсіздендіру арқылы ондағы
жоспарланған өзгерістерді іске асыру.
• Шартты түрде дәрілік заттардың механизмін үш топқа біріктіруге болады:
• Дәрілік заттардың организмде тудыратын бірінші реакциллары;
• Бірінші реакциядан туындайтын биохимиялық өзгерістер;
• Биохимиялық қозғалыстардан болатын физиологиялық өзгерістер.
• Әрбір дәрілік заттардың молекулалары
тірі организмнің құрылысы жатынан ең
жоғарғы комплементарлығы бар
биомолекулаларымен өзара
байланысады. Бұл байланыс неғұрлым
берік болса, соғұрлым стимулда жоғары
болады. Дәрілік заттардың резорбциясы
жоғарылаған сайын олардың
молекулалары комплементарлығы
төмен биомолекулалармен де
байланысады. Дәрілік заттардың
әсерлерінің жан-жақтылығын осымен
түсіндіруге болады.
• Дәрілік заттардың қатынасатын
рецепторлары организмдегі әрбір
ағзалардың морфологиялық
құрылыстарының барлығында кездеседі
деуге болады: ядросында,
цитоплазмасында, мембранасында,
афферентті нерв талшықтарының
үштерінде. Сондықтан да дәрілік
заттардың әсер ету механизмінің негізгі
себебі олардың сол құрылыстармен
физико-химиялық қарым-қатынасында
деп түсіну керек.
Дәрілік заттардың негізгі әсерлерін
қамтамасыз ететін рецепторлар
• Дәрілік заттардың негізгі әсерлерін қамтамасыз ететін
рецепторлар арнайы рецепторлар деп аталады:
адренорецепторлар, холинорецепторлар және т.б.
Афференттік және эфференттік нерв талшықтары
организмнің барлық мүшелерінде орналасқан.
• Дәрілік заттардан организмге келетін импульс алдымен
афферентті нерв жолдарымен орталық нерв жүйесіне барып
белгілі бір деңгейде тоқырайды да, эфферентті нерв
талшықтары арқылы тиісті ағзалар мен жүйелерге
бағытталады.
• Дәрілік заттар мен организмнің арасында жүретін бірінші
реакциялардан өте қүрделі, жаңа биохимиялық комплекстер
түзіледі. Бұл процесстердің барысында, әсіресе тотығу-
тотықсыздану реакцияларының
• барысында, организмде көп мөлшерде энергия түзіледі.
• Олар АҮФ және макроэргиялық қосылыстардың
молекулаларында жинақталады. Организмдегі биологиялық
тотығудың бұзылуы жергілікті, немесе жалпы патологияның
Дәрілік заттардың терапевтикалық
дозасының ерекшелігі
• Дәрілік заттардың терапевтикалық дозасының ерекшелігі - ол
организмнің тұрақтылығын, функциялары мен құрылыстарының
физиологиялық параметрін қалпына келтіреді. Олардың ішінде
функционалдық өзгерісті қалпына келтіру метаболизм мен
құрылысының өзгерістерін қалпына келтіруден әлдеқайда
жылдамырақ іске асырылады.
• Фармакотерапия аурулардың алдын алу; олардың себептеріне,
белгілеріне қарсы күресу; патогенетикалық және орын толтыру
әдістері арқылы іске асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
• 1 Айтжанов Б.Д. Фармакология: оқулық жоғары оқу орындары үшін
/Б.Д Айтжанов және т.б./ Алматы, 2006. -147б.
• 2 Өтенов Ә.М. Фармакология пәнінен лабораториялық сабақтарды
жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар: /Ә.М. Өтенов, Н.А. Заманбеков/
Алматы, 1991. -156б.
• 3 Мозгов И.Е. Фармакология : учебник для вузов /И.Е Мозгов Москва,
1986.-245б.
• 4 Соколов В.Д. Фармакология: учебник для вузов /В.Д Соколов и др./
Москва, 2000.- 215с.
• 5 Червяков Д. К. Лекарственные средства в ветеринарии: учебное
пособие для вузов /Д. К Червяков и др./ Москва, Колос, 1978. -175с.
• 6 Мошковский М.Д. Лекарственные средства: учебное пособие для
вузов /М.Д Мошковский, Медицина, 1984.- 149с.
• 7 Лұқпанов Ж. Пестицид және өсімдік: оқу құралы жоғары оқу
орындары үшін/Лұқпанов Ж. Алматы, 1981.-124б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz