Дельфин


Slide 1

Презентация Тақырыбы: «Дельфин»

Орындаған: Жанали З.

Тобы: АП-14-8к3

Қабылдаған: Айхынбай К.

Slide 2

Дельфин

Дельфин - сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей түрі бар.

Slide 3

Биологиялық сипаттамасы

Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір - он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп. Терісінде түктері болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше ақуызды зат - миоглобиннің көп болуы денесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миы үлкен, алдыңғы ми сыңарларының сырты көптеген сайшалар мен иірімдерге бөлінген.

Slide 4

Дельфиндердің ерекшелігі

Дельфиндерде әр түрлі дыбыс толқындарын шығаратын және қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерінен өте нәзік ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағы әр түрлі кедергілерді алдын ала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ береді. Ірі түрлері елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілік етеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды.

Slide 5

Ақ дельфин

Ақ дельфин (лат. Delphinapterus leucas) - нарвалдар тұқымдасының ақ дельфин түр тармағына жататын сүтқоректі. Туыстың жалғаз түрі. Дене ұзындығы 6 м, салмағы 2 т, басы дөңгеленген, кішірек. Дене түсі жасына байланысты өзгереді: жаңа туған дельфин (ұзындығы 1, 5-1, 6 м) ақшыл-сұр соңынан караяды содан кейін түсі сүрланады ересектерінің түсі ақ. Арктика, Чукотка, Беринг және Охота теңіздерінде таралған, кейде оңтүстік аймақтарында кездеседі. Балық және шаянтәрізділермен қоректенеді. Жүйелі түрде орын ауыстырып тұрады жазда су жағалауымен ашық теңізде, қыста жусарда мекендейді. Балық соңында өзенге 100 шақырымға дейін жүзіп көтеріледі. Еріксіздікке төзімді. Шектелген кәсіпшілік нысаны.

Slide 6

Иравадди дельфині

Иравадди дельфині- жоғалып кетудің алдында тұрған дельфиндердің бірі. Алайда бұл дельфиндердің қанша қалғаны белгісіз. Иравадди дельфиндері жылы, терең емес жағалау суын ұнатады. Бұл дельфиндер кейде жағалауға 1, 3 шақырым жақын жерде жүзіп жүреді. Иравадди дельфині дене бітімі жағынан қорытпаға ұқсайды. Алайда бұл дельфиннің түсі оған қарағанда күңгірттеу.

Басқа өзен дельфиндеріндей, Иравадди дельфинінің мойыны өте иілгіш. Соның арқасында ол таяз жерден азық тауып жей алады. Бұл дельфиндерің тістері жіңішке, өткір және ілгек тәрізді болады. Ұзындығы - 1см. Олар жоғары және төменгі жақтарында орналасқан.

Жаңа туылған баласының ұзындығы - 1м, ал салмағы 10 келіні құрайды. Ересек Иравадди дельфинінің ұзындығы - 2, 3 м, ал салмағы 130 келіден асады. Иравадди дельфиндері басқа дельфиндерден қысқа тұмсығымен, дөңес маңдайымен ерекшеленеді.

Иравадди дельфині

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Жануарлар

Жамағаты:

Хордалылар

Табы:

Сүтқоректілер

Сабы:

Киттәрізділер

Тұқымдасы:

Дельфин

Түрі:

Иравадди дельфині

Slide 7

Күңгірт дельфин

Күңгірт дельфиннің денесі шағын. Дене тұрқы- шағын. Қып- қысқа тұмсығы сүйірлеу болып келеді. Бұл дельфиндердің ең ірісі Перу Республикасы маңындағы мұхит суларында кездеседі. Күңгірт дельфиндердің ұзындығы 1- 1, 5 метр аралығында. Ол балықтармен, анчоустармен және асшаяндармен қоректенеді. Ең ірі күңгірт дельфиннің ұзындығы 2 метрге жуық. Жотасынан тұмсығына дейінгі аралық ақшыл сұр түсті болса, бауыры мен көкірегі- ақ түсті. Тұмсығы жоқ, басы тыныс алқымынан тұмсық ұшына дейін жалғасып кеткен. Адамдардан үрікпейді. Топтасып өмір сүреді. Олардың бір үйірінде 100- ге тарта дельфин болады. Жаңа туылған дельфиннің салмағы 5 келі, ал ұзындығы 60-70 см аралығында болады.

Күңгірт дельфиндер- ақтұмсықты дельфиндер, ақ бауырлы Атлант дельфиндері, ақ бауырлы Тынық мұхиты дельфиндері, Крест тәрізді дельфиндер және Пил дельфиндері сияқты дельфиндердің түріне жатады. Аналықтары 2-3 жылда бір рет балалайды.

Күңгірт дельфиндерді алғаш рет 1828 жылы ағылшын ғалымы Джон Грэй сипаттаған. Оларда «қарақоңыр» немесе «күңгірт» деген мағынаны білдіртетін «Дельфинус оскурос» деген латын атауы берілген.

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Жануарлар

Жамағаты:

Хордалылар

Табы:

Сүтқоректілер

Тұқымдасы:

Киттәріздес

Тегі:

Дельфиндер

Түрі:

Күңгірт дельфин

Slide 8

Кашалот


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі әлеуметтік терапия және оның жүзеге асыру әдістері
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері
Кит тәрізділер отряды, негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрлысы
Кит тәрізділер отряды
Арқамен сырғанау
Қ.Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдары
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі,сыртқы құрылысы
Аутизмді емдеудегі дельфинотерапия
Жүзу спорты
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрылысы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz