Донорлардың күйге келгенін анықтау
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Донорлардың күйге
келгенін анықтау»
Орындаған: Асадуллаева Г.
Әлімбек Б.
Тобы: АП-13-7к1
Қабылдаған: Абдуллаева Г.
Донорларды ұрықтандыру
• Гормоналды өңдеуден соң келесі күні донор-саулықтардың күйге келгенін
күйіттеуші қошқарлар арқылы анықтайды. Донорларды шағылыстыру үшін түсі
мен реңі әр түрлі 3 бас қаракөл қойы қошқарлары іріктелініп алынды.
• ББС салғаннан кейін күйге келген донорларды өз түсіне, реңіне сәйкес
қошқарлармен күніне екі рет ұрықтандырдық.
• Қашырғанға дейін қошқарлардың ұрық сапасын 10 баллдық шкаламен тексереді.
• Ұрықтандыруға тек қою (2 млрд/см³-тан жоғары), орташа (1-ден 2 млрд/см³)
және қозғалу қабілеті 90-100% ұрықтар ғана пайдаланылады, ал мұздатылған
ұрықтың қозғалуы 40%-тен аз болмауы керек.
Донорларды гормоналдық
препараттармен өңдеу тәсілдері.
• Донорларды гормоналды
препараттар арқылы өңдеп,
суперовуляция жасау
эмбриотрансплантациялаудың негізгі
этапы болып саналады. Мұндағы негізгі
мақсат жуып алынатын эмбриондар
санын арттыру.
• Донорларды суперовуляция жасау үшін
буаз бие қанының сарысуы (СЖК), буаз
бие қанының гонадотропиндік сарысуы
(ГСЖК) және фолликулдерді жетілдіретін
гормон (ФСГ) және тағы басқа гормондар
пайдаланылады. ББС дайындауда
алынған қанның жалпы мөлшерінің 40-
60% -нен дәрмек дайындалады.
Биелерден қан алу буаздылығының 45-
күннен бастап 90 күндігі аралығында,
аптасына 1 рет әр 1кг салмағына 10 мл-
ден келетіндей есеппен жүргізіледі. Яғни,
әр биеден 4-5 литрден қан алынады.
Донор саулықтарды суперовуляция
жасау тәсілдері.
Донор саулықтардың жыныс безін суперовуляция жасау үшін гормоналды өңдеудің
әр түрлі нұсқаларын пайдаланады.
1-нұсқа. Саулықтарды СЖК (ББС) арқылы индукциялау.
Жыныс циклі күндері Дәрмектер Дермектердің мөлшері
1-ші Витаминдер -
А (ИЕ) 75 000
Е (мг) 50
10-12-ші Витаминдер
А (ИЕ) 35 000
Е (мг) 25
12-14-ші Простогландин (мкг) 250
14-16-шы Күйге келуі және
ұрықтандыру
19-21-ші Эмбриондарды жуу
2-ші нұсқа. саулықтарды гонадотроптық
ФСГ (ФЖГ) арқылы гормоналды өңдеу (5-
күндік).
Жыныс циклі Дәрмектер Дәрмектің мөлшері мен егу
күндері уақыты
Таңертең ( 8.00) Кешке (20-00)
1-ші Витаминдер -
А (ИЕ) 75 000
Е (мг) 50
8-ші Витаминдер
А (ИЕ) 35 000
Е (мг) 25
ФСГ (мг) 2,5 2,5
9-шы Витаминдер
А (ИЕ) 35 000
Е (мг) 25
ФСГ (мг) 2,5 2,5
10-ші Күйге келуі және ұрықтандыру
11-ші Эмбриондарды жуу
Донорлардан эмбриондарды
жуу.
• Донорлардың жатыр мүйізінен эмбриондарды жуу үшін: ұрықтанып, күйіті қайтқаннан
кейін 4-5 күндері хирургиялық операция жасалды. Бұл үшін донорды операция
столына жайғастырып, операция жасалатын тері аумағын сабынды сумен жуып, жүнін
қырып, одан кейін йод араластырған 80% спиртпен залалсыздандырады. Операция
жасалатын жерді жансыздандыру үшін 2% новокаин ерітіндісін жібереді.
Лапаротомияны қарынның ақ сызығының бойымен 7-8 см тіліп, жатыр мүйізін ұрық
жолымен бірге сыртқа шығарып, егілген гормональды препараттың аналық безіне
әсерін, ондағы фолликулалардың санын және қаншасы жарылғанын анықтайды.
• Эмбриондарды жуу үшін «Дюльбекко» фосфатты тұзды ерітіндісін пайдаланады.
Эмбриондарды «Фоллея» катетері көмегімен жатыр мүйіз-шелерінен, ал ұрық
жолынан пластмасс түтікшесі арқылы жуады
Донор саулықтардың
сипаттамасы
• Сирек реңді қаракөл саулықтарын донор
ретінде іріктеуде селекциялық тиімді
белгілері арқылы сұрыптап алумен қатар,
гормоналдық статусының бір-бірімен
қаншалықты байланыс барын анықтау
мақсатында ФЖГ және ЛГ гормондары
бойынша іріктеп зерттедік.
• Малдың төлдегіштігі жасына байланысты
екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Сондықтан, әсіресе эмбриондарды
трансплантациялау жұмыстарында бұл
себеп шартқа ерекше мән беріледі.
• Сол себептен донор ретінде негізінен
биологиялық тұрғыдан қалып-тасқан сақа
саулықтарды таңдап алдық және олардың
жас айырмашылығы
Донор-саулықтардың
күйтінің ұзақтығы пайыз,
сағат есебімен
Күйтінің ұзақтығы
Донорлар Басы Орташа
24 36 48
Бұқар сұры 8 25,0±15,3 62,5±17,1 12,5±11,7 34,5±2,54
Қарақалпақ сұры 7 14,3±13,2 71,4±17,1 14,3±13,2 36,0±2,41
Қазақ сұры 9 22,2±13,8 77,8±13,8 - 33,3±1,30
Барлығы 24 20,8±8,3 70,9±9,3 8,3±5,6 34,5±1,28
Тәжірибе малдарының ішінде күйтінің тез қайтуы (33,3 1,30 сағ) қазақ
сұры түсті саулықтарда байқалса, күйлеу процесі созылмалы (36,0 2,41
сағ) саулықтар тобына қарақалпақ сұрлары жатты. Бұл көрсеткіш
бойынша сұр түсті бұқар саулықтар аралық деңгейде болады (34,5 2,54
сағ).
Жалпы күйтінің ұзақтығы 1 тәулік саулықтар саны 20,8 8,3%, 1,5
тәулік-ке дейінгілері - 70,9 9,3% және 2 тәулікке дейінгі созылғаны
8,3 5,6%.
Донор саулықтардың
суперовуляциялану деңгейі
• Қолдан жасанды полиовуляция немесе суперовуляция жасау
аналық жасушалардың қосымша өсіп-жетілуіне түрткі болатын
негізгі тәсілдің бірі болып саналады. Осыған орай, суперовуляция
жасау үшін ББС гормоналдық препаратын қолдандық.
• Мұндағы негізгі мақсат саулықтарды гормоналдық препаратпен
егу тәсілінен кейін, олардың аналық безінің реакциясын байқау
еді .
Донорлардың аналық безіндегі
фолликулалардың бөлінуі пайыз
есебімен
Донорлар саны Фолликулалар саны
5-7 8-10 11-13 14-16
24 8,3±5,6 37,5±9,9 45,9±10,2 8,3±5,6
Эмбриондарды трансплантациялау технологиясының
негізгі бөлігі – донорлардың гормоналдық статусын
анықтау, яғни оларды супер-овуляциялану деңгейі
бойынша іріктеу. Әрине, бұл технология
трансплантацияның тиімділігін көтеріп қана қоймайды,
сонымен қатар сирек түсті генотиптердің гендік қорын
сақтауға үлкен септігін тигізері анық.
Сондықтан донор-саулықтардың гормоналдық
статусын анықтаудың практикалық мәні өте жоғары.
Осыған орай, біздің тәжірибеде осы көрсеткішті анықтау
негізгі міндеттің бірі болып саналды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz