Мал түрлері бойынша ет өнімдерінің сипаттамасы және тағамдық құндылығы


Slide 1

Презентация Еттің қай мал түріне жататынын

Орындаған: Жабашхан Г.

Тобы: АП-12-7к2

Қабылдаған: Асылбеков Б.

Slide 2

Жоспар

1. Қой еті

2. Сиыр еті

3. Жылқы еті

4. Түйе еті

5. Шошқа еті

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Қой еті

Қой еті - қой өнімдерінің бірі, бағалы тағамдық шикізат. Қой етінің кұрамындағы белок сиыр етінікімен шамалас, ал майы, әдетте, соңғысыныкінен жоғары болатындықтан, қуатты. Сиыр және шошқа етінікімен салыстырғанда қой етіңдегі холестерин мөлшері 2-2, 5 есе аз, ал маңызды калыций, фосфор, мыс, мырыш секілді минералды элементтері, керісінше, көп. Қой еті сапасына қойдың сойылу жасы, жынысы, тұқымы, қондылығы, жегізілген жемшөп түрлері әсер етеді.

Slide 4

Сиыр еті

Сиыр еті - мүйізді ірі қара малдан алынатын өнімдердің бірі, бағалы тағамдық шикізат. Қорытылымы 95% дейін жететін сиыр етінің құрамындағы белок пен майдың ара қатынасы адам тағамына қажетті аралықта (1:0, 8) болып, әсіресе етті мүйізді ірі қара мал тұқымының «мәрмәр» етіне ерекше дәмділік таттырады. Сиыр етінің шығымы мен сапасы малдың тұқымына, жасына, жынысына, бағып-күтілуіне және азықтандыруға байланысты өзгереді.

Slide 5

Жылқы еті

Жылқы еті - аса бағалы тағамдық шикізат, жылқы өнімі. Жылқы еті бірінші, екінші санаттағы және құлын еті деп үшке бөлінеді. 1 санаттағы жылқы етінің құрамында 69, 6 % су, 19, 5% белок, 9, 9% май, 1, 0% күл болса, екінші санаттағы жылқы етінде 73, 9 % су, 20, 9% белок, 4, 1% май, 1, 1% күл бар. Жылқы етінен көптеген ұлттық тағамдар жасалады

Slide 6

Түйе еті

Түйе еті - түйе өнімінің бір түрі, бағалы тағамдық шикізат. Түйе етінің химиялық құрамы мүйізді ірі қара мал етіне ұқсас және қуатты келеді. Түйе етінің қасиеті толық зерттеліп бола қойған жоқ, дегенмен, еліміздің түйе өсіретін аймағының жергілікті халқы оны диеталық тағам деп біліп, дертке дауа санайды. Түйе етін өңдіруге әдетте, 18-20 айлық тайлақ (енесінен айырылған бота), құнан атан пайдаланылады. Бұлардың етінен қазы айналдырылып, сапалы шұжықтар жасалынады.

Slide 7

Шошқа еті

Шошқа еті - көптеген салқын тағамдар дайындауға пайдаланылатын ет. Өнделген ет көп уақыт сақталынады, себебі әр түрлі консерванттарды (тұз, селитра, эссенциялар, дәмдеуіштер) майлы болғандықтан жақсы сіңіреді. Шошқа еті, негізінен, Солтүстік және Орталық Еуропа халықтары арасында кеңінен тараған. Мұсылман елдерінде шошка еті де, майы да пайдаланылмайды. Шошқа етінің ішінде болатын гельминттерге байланысты оны жылумен мұқият өндеу қажет.

Slide 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ауыл шаруашылығын реформалау және басқару. // Қаз ҰУ Хабаршысы.

2. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру. // Қаз ҰУ Хабаршысы №2. 2004 жыл 19-23 б.

3. Аграрлық азық- түлік кешенін қаржыландыру мүмкінліктері. // Қаз ҰУ Хабаршысы

4. Ауылшаруашылық құрылымдары экономикасының дамуын мемлекеттік реттеудің маңызы . / Экономика и государственное регулирования №2 2005жыл 93-96\ .

5. Ауылшаруашылық өнімдерін сатудағы тиімді бағаны үлгілеу . / Саясат №5 2005жыл 61-63 б\.

6. Ауыл шаруашылығы саясатының экономикалық тұрақсыздығы жәңе шет ел / Қаз ҰУ Хабаршысы № 5 2004 жыл 191-196

7 . Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел / Ақиқат №3 2005жыл 7-11 б\.

8. Басқарудың шетелдік тәжірибесі . І . Жансүгіров тағылымы

9 . Агробизнестің дамуы және оның экономикадағы ролі . / Ясауи университетінің хабаршысы №4 2004 жыл 94-97 б


Ұқсас жұмыстар
Мал субөнімдерін өңдеу технологиясы, жіктелуі және тағамдық құндылығы
Балық өнімдерінің тағамдық құндылығы мен сапасын бақылау
Нан өнімдерінің технологиясы, сапасы және тағамдық құндылығы
Нан өнімдерінің технологиясы, классификациясы және тағамдық құндылығы
Дән өнімдерінің сақтау технологиясы, ұн дайындау және нанның тағамдық құндылығы
Сүттің тағамдық құндылығы және қазақтың ұлттық сүт өнімдерінің дәстүрлі өндірісі
Жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерінің ассортименті, тағамдық құндылығы, орау және сақтау
Балық өнімдері: түрлері, тағамдық құндылығы және өңдеу технологиялары
Жылқы етінің биологиялық және тағамдық құндылығы
Құс еті мен жұмыртқа өнімдерінің тағамдық құндылығы, селекциялық және өңдеу-сақтау талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz