Ешкіні төлдету



Презентация Тақырыбы: «Ешкіні төлдету»
Орындаған: Бахтыгерей А.
Ережеп З.
Кемпірбекова А.
Абдраманов А.
Тобы: АП-11-7к1
Қабылдаған: Божбанов Б.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ешкінің жалпы сипаттамасы
Ешкілерді төлдетуге құрал-жабдықтарды дайындау
Қораларды дайындау
Ешкілердің төлдеуі.
Лақтарды енесінен айыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ешкі шаруашылығы (козоводство) - мал шаруашылығының бір саласы. Ешкіні ет, сүт, түбіт, жүн, тері өндіру үшін өсіреді. Е., әсіресе лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Түбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады. Терісінен жоғары сапалы шевро, замш, лайка былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды, ішегінен музыкалық аспаптарға ішек иіреді. Ешкі сүті емшектегі балаға жұғымды, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т. б. тағамдар дайындалады. Ешкі өсімтал келеді, екісінің бірі егізден, үштен лақтайды. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады. Ешкі жылына бір рет кырқылып, бес айға дейін сауылады.

Ешкінің жалпы сипаттамасы
Ешкі (Сapra hіrcus) - мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca түрі жатады. Ешкі - қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз - он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір - екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 - 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 - 60 килограға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 - 28 кг ет, 4 - 6 кг май, жеті - он айлық лақтан 12 кг ет, 1, 5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 - 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің майлылығы 3, 8 - 4, 5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 - 18 см болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз - қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 - 6 кг, ешкісінен 3 - 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0, 2 - 0, 5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

Ешкілерді төлдетуге құрал-жабдықтарды дайындау
Ірі ешкі фермалары мен шаруашылықтарында 5-10 күн мерзімінде ұрықтандырған ешкілерден жеке отар құру технологиясы, біркелкі лақтарды алуға және өсіруге мүмкіндік береді. Бұл технология қорада жасалатын арнайы ешкі төлдейтін орынның тиімді қолданылуына мүмкіндік жасап, онда бірнеше отарды кезекпен төлдетуге, қорыта айтқанда, өнім өндірудің өзіндік құнын төмендетуге оң әсер етеді.
Ешкілердің көбею биологиясының негізінен қойлардан елеулі ерекшеленбеуі, ешкі шаруашылығында қой шаруашылығының тиімді төл алу технологиясын қолдануға мүмкіндік береді. Дегенмен, ешкілердің өзіндік ерекшеліктері жүнді ешкі шаруашылығында жеке зерттеулер жүргізуге алғышарт болды.

Қораларды дайындау
Ешкілерді төлдету мен лақтарды өсіру үшін шаруашылықтағы бар қора-жай қолданылып, олардың ішіндегі ең жылы біреуінің ішінен ауданы 1, 5-2, 0 м2 болатын үйшіктер дайындалып, жаңа туылған төлдерді енелерімен бірге күту үшін жеке су ішетін астау және оттықпен жабдықталады. 100 бас ешкіге 10-12 үйшік дайындалады.

Қораның екінші бөлігі ешкілерді лақтарымен сақпанда топтап ұстау үшін қолданылады, көлемі 6-8 м2-ты құрайтын торшалар қоршауыш қалқандармен бөлінеді. Осындай екі қоршалған торшалардың арасынан лақтардың, енесінің сүтінен бөлек, қосымша азықтанатын орны «асхана» қарастырылып, оған тек қана төлдер өте алатын саңылау жасалынады. Торшаларда жұмысшыларға арналған өткел жағына қаратып, жем-шөп және минералды азықтарға арналған әмбебап науалар мен су ішетін астаулар орнатылады. Қораның басқа бос бөлігінде буаз ешкілерді ұстайды. Бұл бөлімнің көлемі лақтаған ешкілердің саны ұлғайған сайын біртіндеп ешкілер мен лақтардан тұратын сақпан топқа беріліп отырады. Бұл қораның бөлігінде ешкілерді төлдетуге арналған көлемі 8-12 м2 құрайтын қосымша торша орнатылып, бір бас лақтаған ешкіге 1, 8х2, 2 м көлемінде орын бөлінеді.

Қораны, торшаларды, азықтандыру алаңын және құралдарды төлдету алдында әк ерітіндісімен (бір шелек суға 1 кг әк ерітіндісі) залалсыздандырады. Еденге құрғақ сабан төселеді. Ешкілерді төлдетуге мынадай қажет құрал-жабдықтар дайындалады: қол жуғыш, кірлен, сүлгі, сабын, шу салынатын қорап, туған ешкі мен лақты белгілеу үшін ланолинді сыр, «ұшқыш жарқанат» шамы, шелек, су құятын ыдыс, қайшы, мал дәрігерлік аптечка және халат. Асыл тұқымды шаруашылықтарда татуировка жасау және сырғалау үшін қажетті қысқыштар жиынтығы, туған қозыларды және олар туралы мәліметтерді тіркеу үшін журнал болу керек.

Ешкілердің төлдеуі.
Ешкі төлдейтін уақыты жақындаған сайын мазасызданып, оның емшегінің көлемі ұлғайып, қынабы ісініп, одан шырыш бөліне бастайды. Осындай белгілері бар ешкілерді отардан бөліп, жеке төлдейтін бөлімде ұстайды. Қондылығы жақсы және жатырында төлі дұрыс жатқан ешкілердің төлдеуі жеңіл өтеді. Екі не үш төлді ешкілердің лақтары бірінен соң бірі кідіріссіз немесе аздау уақыттық үзіліспен туылады.

Ешкілердің төлдеуі қиындап ұзаққа созылған жағдайда мал-дәрігерлік мамандандырылған көмек көрсетілуі керек. Ешкінің шуы жарылмай түскен болса, оны жарып жіберіп алынған төлдің аузы мен мұрнын шу ерітіндісінен тез тазарту керек. Туылғанда лақтың кіндігі үзілмесе, онда төлдің қарнынан 7-9 см жоғарлау жерінен залалсыздандырылған қайшымен кесіліп, ұшына йод тамызылады немесе жағылады. Енесіне лақты ертерек жалату төлдің қан айналымын жоғарылатуымен қатар, аналық шуының түсу ұзақтығын тездетті. Егерде ешкінің шуының түсуі 5-6 сағаттан артық кешіксе, міндетті түрде мал дәрігерлік көмек керек.

Ешкі желінінің айналасындағы жүнін қырқып, жылы сумен жуып, сүлгімен сүртеді; ұзын жүнді ешкілердің артқы аяқтарының жүндері ішкі жағынан қырқылып қысқартылады. Лақтарды алғашқы рет емізердің алдында, енесінің желін үрпісінің ұшына жиналған уыздың онша таза болмауын ескеріп, оны алдын-ала ыдысқа сауып алу керек. Нәзік туылған лақтарға көмек көрсетіп, міндетті түрде уыз емгенін қадағалау керек. Уыздың қуаттылығы жоғары, тұзға бай және ол лақтың алғашқы қара доңғағының шығуын тездетіп, ағзаның иммунитетін көтереді.
Туғаннан 1, 5 сағаттан соң ешкіге жылы су және жеңіл қорытылатын азық беру керек. Бұдан кейін ол төлімен бірге 2-3 күнге жеке үйшікке орналастырады.

Енелерінен туылысымен бөлінген сүтті тұқымды лақтарды өсіруде мысал түрінде қолдануға нұсқалатын азықтандыру схемасы (Г. Зеленскийдің мәліметтері бойынша) .
Лақтар-дың жа-сы, күн
Лақтарға тәулігіне жұмсалатын шығын (г)
қаймағы алынбаған сүт
сұйы-тылған сұлы
жем
тамыр түйнектілер
барлығы
азықтан-дыру саны
бір азық-тандыр-ғанда
6-10
1100
5
220
11-20
1200
4
300
200
21-30
1200
4
300
300
30
31-40
1050
3
350
500
50
40
41-50
750
3
250
700
100
60
51-60
450
3
150
800
150
100
61-70
300
3
100
800
200
200
71-80
300
3
100
-
200
250
81-90
300
3
100
-
300
250

Лақтарды енесінен айыру.
Лақтарды енесінен 3, 5-4, 5 айлық жасында айырады. Бұл жұмысты кезекпен іске асырады: алдымен - жақсы жетілген, ірі лақтарды, 15-20 күннен кейін - қалғандарын бөледі. Барлық лақтарды өлшеп, жынысына және жетілуіне байланысты топтастырып бөледі. Нәзік лақтардан бөлек отар құрылып, оларды құнарлы азықпен қамтамасыз етеді.
Енесінен бөлінген лақтар алғашқы күндері мазасызданып, нашар жайылады. Сондықтан да ұрғашы лақтардың отарына бірнеше күнге ересек аналықтарды, ал еркек лақтардың отарына- серкелерді жібереді. Жас төлдер ересек малдардың жанында тыныш сезінеді, бұл отарды басқару жұмысын жеңілдетеді.

Лақтарын бөліп алған соң ешкілерді өнімділігі төмен тақыр жайылымда жайып және су ішу мүмкіншілігін азайтып, күніне 1 рет суару керек. Осындай шектеулер олардың сүтінің қалыптасу деңгейін тежеп, желінсаудан, (маститтен) сақтайды. Сүтті ешкілерді алғашқы 2-3 күн сауып, желінінің жағдайын бақылау керек.

Ешкі сүтінің тағамдық құндылығы
Ешкі сүті - жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.

Ешкі жүні
Ешкі - полярға жақын аймақтардан басқа дүние жүзіне кең таралған аса өнімді үй жануары. Ұрғашысы мен еркегінің көбінің сақалы болады, денесін жүн басып тұрады. Оның ұзындығы және сапасы оның тұқымына байланысты. Мысалы ангор ешкісінің жүні ұзын әрі торғын, ал кашемир ешкісі жүн астындағы қалың түбітімен бағаланады. Олардың өңі таза ақтан қышқыл қоңыр, қара және шұбар өңді болып келед.
Ангор ешкісін көбіне олардың мохері үшін өсреді, Өте жақсы баптап баққан мохері айына 2, 5 см жылдамдықпен өседі де жылына әр ешкіден 3, 5-5, 5 кг жүн қырқып алуға болады. Жоғары сапалы мохер өндірушілер - ОАР, АҚШ, Туркия, Аргентина, Австралия жне Жаңа Зеландия. Мохер кілем, мата, жіптер өндіруге пайдаланылады. Кашемир тұқымды ешкілерін негізінен Тибет, Иран, Монголия, Орта Азия жне Солтүстк Африкада өсіреді. Кашемир ешкілері ангор ешкілерінен кішілеу болады. Олардың беттері қысқа торғын жүнмен қапталған, ал денесін жіңішке әрі жұмсақ жүн астындағы түбіт және ұзын қылшық жауып тұрады. Тоқыма өндірісінде тек түбті пайдаланылады. Оның өңі-ақ, көкшіл, сұры, көкшіл сұры, ең құндысы-ақ түбіт. Қылшық жүнінің ұзындығы 13 см, жүн астындағы талшығынікі 3, 7 см. . бұл талшықтарының диаметрі өте бір тектес, олардың көлденең қимасы дөңгелек деуге болады. Серпінділігіне байланысты кашемир түбітінен істелген бұйымдар ерекше жылы әрі жеңіл.

Түбіт туралы түсінік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz