Жануарларды клондау




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
Жануарларды клондау»

Орындаған: Садық А.
Сарсенбай А.
Тобы: АП-12-7к2
Қабылдаған: Абдуллаева Г.А.
Кіріспе
•Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы
сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары
сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму
сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны
туралы ақпарат анықталғаннан кейін қол жеткізілді. Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер
жоғалмайды (тек Клондау процесіне қосылмаған гендер ғана жойылып отырады). Клондау
туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген
тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада
сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды.
Кейінірек Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет
жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала
ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек
клеткаларынан алынған ядроны егу (қондыру) арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро
алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы)
клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана
қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде адамды да, Клондауға
болатынын көрсетті. Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын
асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл
тұқымды мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де
генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының
барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі
толық анықталған жоқ.
Молекулалы клондау
• Молекулалы клондау кезінде келесі ДНК фермент топтары қолданылады – 1.
Фермент-рестриктаздар, осылардың арқасында ДНК үзіндісін алады, 2.
Фермент-полимераза, ДНК синтезі үшін қажет, 3. Фермент-лигаза, осының
нәтижесінде ДНК-ң әр түрлі шығуын айқындайда.
• Сақтауға бактерияның тоғышар вирусы және космидті қолданады.
• Хромосомалардың сыңар жиынтығында болатын гендер ДНК-ң клоналдық
элементтерге бөліну процесі векторға тұрғызылуы және бактериялық клеткаға
тұрғызуын да хромосомалардың сыңар жиынтығында болатын гендер
кітапханасын құру процесіне жатқызады. Толық геном кітапханасы бүкіл
геномдік ДНК денесін құрайды. Мұндай жинақ, жоғарыда айтылғандай, әр
геном ізбасарына 1 данадан қосып отырада.
• Жоғарыда берілгендей вектордың 3 түрі
белгіліл, оларды молекулалық клондауда
қолданады – олар плазмидтер,
бактериянын тоғышар вирусу және
космиды. Плазмид – векторын ДНК
молекуласын клондау үшін қолданады,
ұзындығы 10 кв, бактерияның тоғышщар
вирусы – бұл векторлар чДНК 20 кв
фрагмент кіргізеді, ал космидалар – 40 кв.
• Плазмида – бұл тәуелсіз ең жоғары
хромосомалы дөңгелек екі спиральді ДНК
молекуласы, және де ол автономды
репликацияға қабілетті. Биологиялық
мәнге байланысты плазмидтер бактерияда
әр түрлі функцияларды атқарады.
Бактериалды клеткада плазмид мөлшері 1
ден 4-ке және 10 нан 100 жоғары көшірме
саны құрайды. Тұтастай надомоплазмид
ДНК-ға шамамен 0,1-ғ процент бүкіл ДНК
мөлшерде бактериядан келеді.
ДНҚ фрагменттерін Клондау
• ДНҚ фрагменттерін Клондау оның бір ғана
молекуласынан көптеген молекулаларды алуға
мүмкіндік береді. ДНҚ тізбегі, негізінен,
бактерияларда клондалады. Себебі,
бактерияның геномына қосымша “бөгде”
ДНҚ тізбегі жалғанғаннан кейін де,
бактериялық плазмида немесе фагтар
қалыпты өмір сүруін жалғастыра береді. Бұл
жалғанулар – өзінің және “бөгде” ДНҚ-ның
тізбекті (гибридті немесе химерлі)
плазмидалардың немесе фагтардың түзілуіне
әкеледі. Мұндай гибридті тізбектер
бактерияларда бастапқы плазмидалар немесе
фагтар сияқты екі еселенеді, сондықтан да
олар көп мөлшерде болады. Бөгде
фрагменттердің көшірмелері клеткалардан
қайта таза күйінде бөлініп алынады. Осындай
әдіспен қандай да болмасын ДНҚ тізбегін
Клондауға болады. Бөгде ДНҚ-ы геномның
инертті (сапалы) көшірілуіне мүмкіндік
жасайтын болғандықтан, плазмиданы немесе
фагты – клондаушы векторлар деп те атайды.
Жануарларды клондау
• Энуклеирленген аналық клеткаларға
соматикалық клеткалардың ядроларын
көшiру жолымен жануарларды клондау

• Тотипотенттiк клеткалардың
ядроларын эмбрионнан
энуклеирленген аналық клеткаларға
көшiру жолымен эмбриондарды
клондаудан жинақталған тәжiрибе
соматикалық клеткалардың ядроларын
энуклеирленген аналық клеткаларға
көшiру жолымен жануарларды клондау
әдiсiн әзiрлеу үшiн негiз болған.
Эмбриондық клеткалардың ядроларын
көшiру жолымен клондаудың
қағидаттық айырмашылығы тек өзара
бiрдей жануарларды алуды ғана емес,
сондай генотип бойынша донор
жануармен ұқсас соматикалық
клеткаларды алуды қамтамасыз
етуiнде. Бұл генетикалық ұқсас
ұрпақтардың бiрiншi буында шексiз
санын алуға мүмкiндiк ашады.
Трансгендік жануарларды

алу
Трансгендiк жануарлар маңызды биохимиялық
және морфологиялық қасиеттерi бойынша
өзгерудiң жоғары деңгейiмен сипатталады, бұл
кейiннен қалаған жануар түрiн iрiктеу қызметiн
арттырады, ал бұл дегенiңiз селекцияның мақсаты
болып табылады.
• Дүние жүзiнде уақыттың азғана аралығында
трансгендiк сиыр, ешкi, шошқа, қой және
үйқояндарының шамамен 20 жуық түрi жасалды.
Олар тiндiк плазминогендiк белсендiргiш,
моноклондық антиденелер, эритропоэтин,
инсулинтектес өсiм факторы, интерлейкин,
антитрипсин және басқалар сияқты бағалы
фармацевтикалық заттарды өндiрген.
• Соңғы жылдары трансгендiк жануарларды
алуда жаңа бағыт пайда болған. Арнайы
векторларды пайдалану өзге гендiк
конструкцияны гендi зигота пронуклеусқа енгiзген
кездегiдей барлық клеткаларға емес, организмнiң
жекелеген клеткалық популяцияларға
ықпалдасуына мүмкiндiк бередi. Ондай жануарлар
(сиырлар, ешкiлер, шошқалар) Бүкiлресейлiк мал
шаруашылығы институтының биотехнология
бөлiмiнде шығарылған.
Асыл тұқымды малдарды
клондау
• – Асыл тұқымды мал басын көбейту мақсаты бізді тек жетістіктерге
Негізінде клондау әдісін жүзеге асыру өте қиын дүние. Бізде америкалық
ғалымдардай мүмкіндік жоқ. Олардың клондау әдісі біздің қалтамызды
көтермейді. Дегенмен қазіргі биотехнологиялық даму заманында тек қана
алға ұмтылу қажет. Жоғарыда мен эмбриондарды мұздату арқылы қозы
алуға болатын тәсілді сөз еттім. Енді сол азотпен қатырылған эмбриондар
арқылы клондаудың қарапайым әдісін жүзеге асыруға боладыБіз
Англиядан әкелінген төрт қошқардан осы әдіс арқылы бұл күні 52 қозы
алып отырмыз. Бұл – сирек кездесетін дүние. Асыл тұқымды малды
көбейту мақсатында осы тәсілді қолдану – таптырмайтын әдіс
Қорытынды
• Эмбрионды генетикалық клеткаларды зерттеушілер әрдайым күрделі жағдайға тап
болып келген еді. Өйткені генетикалық клеткаларды алу үшін дағдарысты деген
клеткаларды эмбрион кезінде жою қажеттігі оны мүлде құртып жіберетін болған. Міне
сондықтан да Ресейдің Ортодокс шіркеуі мен Ватикан ғалымдардың генетикалық
клеткаларды зерттеу ісіне қарсылық танытып келді. Алайда ғалымдар үшін
эмбрионды генетикалық клеткаларды зерттеп тану әрдайым қызығушылық тудыратын.
Өйткені, медицина ғалымдары күндердің күнінде адамның зақымданған, ауруға
шалдыққан клеткаларын, ағзаларын қолдан өсірілген клеткамен алмастыра алатын
мүмкіндікке жетеміз деп үміттенеді. Висконсин университетіндегі анатомия
профессоры Джеймс Томсон бастаған ғалымдар командасы міне осы баламалы тәсілді
іздестіруде. Ол әзірге қайта бағдарланған немесе үлгілендірілген тері клеткаларының
жұмысқа қосылғандығы жайында хабарлаған. Клеткалар эмбрионды генетикалық
клетка жолына түсе отырып, адам денесіндегі басқа да клеткалар сияқты бола алады.
Бірақ мұндай құбылыстың әрдайым болып тұратындығына көз жеткізу үшін әлі де
көбірек сынақтан өткізіп, жан-жақты зерттеу қажет. Мұндай сақтандыруға қарамастан,
1996 жылы клондалған алғашқы Долли қойын алған ғалымдар тобына жетекшілік
еткен Шотландия ғалымы Ян Уилмут өзінің бұған дейінгі зерттеу бағытынан бас
тартатындығын айта келіп, бұл саяси себептен емес, жаңа техниканың берері мол
және практикалық жағы жоғары деп атап өткен.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
• 1. Беккер М.Е., Лиепиньш Г.К..
Райпулис Е.П. Биотехнология. М.
Агропромиздат.1990, 334 с.
• 2. Минченко А.Г., Дударева Н.А.
Митохондриальный геном.
Новосибирск. Наука. 1990, 194 с.
• 3. Биотехнология. Под ред. Ю.Ю.
Глебы. М. 1988, 230 с.
• 4. Льюин Б. Гены. М. Мир. 1987, 544 с.

Ұқсас жұмыстар
Ағзалар мен жасушаларды клондау
Эмбрионның ядросын энуклеирленген жұмыртқа жасушасына ауыстыру арқылы эмбриондарды клондау
Моноклональды антиденелер - жеке антиген детерминантына қарсы антиденелер
Ағзаларды клондау
МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАСУШАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ. РЕПРОДУКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР (ЭКСТРАКОРПОРАЛДЫҚ ҰРЫҚТАНДЫРУ (ЭКҰ). КЛЕТКАЛАРДЫ КЛОНДАУ
Клондау – тірі ағзаны немесе аймақты көбейту, клондау
Адам геномы және осы бағыттағы зерттеу тарихы
Көбейту биотехнологиясының әдістері
Медицинадағы биоэтика
Генетикалық инженерия негізі. Ағзаларды клондау
Пәндер