Жануарлардың барлық түрлеріне және кейбір малдарға ортақ жұқпалы аурулар
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Жануарлардың барлық
түрлеріне және кейбір малдарға
ортақ жұқпалы аурулар»
Орындаған: Үркімбек С.
Сарымсакова Ғ.
Тобы: АП-11-7к2
Қабылдаған: Махатова И.
Жоспар
• 1. Топалаң ауруы
• 2. Туберкулез ауруы
• 3. Бруцеллез ауруы
• 4. Сіреспе ауруы
• 5. Аусыл ауруы
• 6. Теміреткі ауруы
• Қолданылған әдебиеттер тізімі
Топалаң ауруы
• Топалаң – жануарлар мен адамдарда болатын аса жұқпалы ауру. Ауыл шаруашылық малдарының
барлығы және жабайы жануарлардың көптеген түрлері ауырады. Топалаңмен ауырған кезде
көршиқандар шығады, түрлі ағзалары серроздық-геморрагиялық қабынады. Қоздырғышы капсула мен
спора құратын Bacіllus anthracіs бацилласы жер қыртысында көбейеді және ондаған жылдар бойы
сақталады. Сондай-ақ суыққа да төзімді болады. Ауру қоздырғыштарын таратудың негізгі көзі – сыртқы
ортаға бөлініп шығатын ауру малдардың зәрі, сүті, сілекейі. Топалаңнан өліп, кезінде жиналмаған қой
өлексесі өте қауіпті. Қоздырғыштары тері зауыттарының, мал көмген орындардың маңайында,
жайылымдарда, мал су ішетін орындарда жиі кездеседі. Ауру көбіне жазда (шілде – тамыз айларында)
байқалады. Ауырған мал жүріп келе жатып тоқтап қалады, мойнын соза береді, танауы делдиіп, аузын
ашып, ауыр тыныс алады, кейбіреулері қанды зәр шығарады. 2 – 16 сағат ішінде мал жүре алмай,
жығылып қалады, аяқтары тартылады, мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Өлексесі өте тез
ыдырайды. Малдың іші кеуіп, ісінеді, көкбауыры тым үлкейіп, қанға толып тұрады. Күйіс қайыратын
малдарда және жылқыда жүрек соғысы мен тыныс алуы жиілейді, сілекейлі қабығы көгереді, тәбеті
нашарлайды, дірілдеп, денесінің әр жерінде жаралар пайда болады. Шошқалардың мойнында ісік пайда
болып, тыныс алу мен жұтыну қызметі бұзылады. Топалаңның алдын алу үшін бүкіл малға СТИ-1
немесе ГНКИ вакцинасын егеді. Бұған қоса жайылымдар, қой суаратын орындар, үй маңындағы
телімдер малдәрігерлік-санит. талаптарға сай болуы тиіс. Адамдарға Топалаң ауру малдарға күтім
жасағанда, мал өнімдерін өңдеу кезінде, ауру малдардың сүті мен етін тағамға қолданғанда жұғады.
Клиник. белгілері – көршиқандардың пайда болуы, ішектердің, кейде өкпенің зақымдануы.
Туберкулез
• Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру,
көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы
жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –
микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы
Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез
микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген
таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
• Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек
анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп,
жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты
жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен)
тексерудің маңызы зор.
• Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби
дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады.
Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері
табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын
болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда
Туберкулезге қарсы жұмысты Туберкулез мәселері ұлттық
орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс
орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде
олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика
Туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу
орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.
Бруцеллёз (мальта қызбасы).
• Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі
жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-
бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде
тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын
қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-
қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің
және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-
аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.
• Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен
ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді.
Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы
бес фазадан өтеді:
• лимфогенді фаза
• гематогенді фаза
• көп ошақты себу жайылу фазасы
• экзоошақты себу фазасы
• метомффоз фазасы
• Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне
байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты.
Сіреспе
• Сіреспе (лат. Tetanus) — бұл малдың қиында немесе
адамның дәретінде болатын микробтардың жарақат
арқылы организмге түсуі салдарынан пайда болатын
ауру. Микроб терең немесе лас жараларға түссе аса
қауіпті.
• Мына жарақаттарда сіреспенің болуы мейлінше
ықтимал:
• Хайуандардың қауып тістеуі, әсіресе ит пен шошқаның.
• Оқ тиюден және пышақтан болған жарақат.
• Лас иненің кіруі.
• Сіреспенің жаңа туған нәрестеде болу себептері:
• Сіреспенің микробы сақтық шараларын жасамаған
жағдайда нәрестенің организміне кіндігі арқылы түседі.
Егер кіндік денеден қашық кесіпсе, сіреспенің бопу
қаупі басым болады.
• Сіреспенің болу қаупі мына жағдайларда басым болады:
• Кіндікті тазартылмаған аспаппен кескенде;
• Кіндік денеге жақын кесілген кезде;
• Немесе кесіпген кіндік тегіс жабылып қалса немесе
құрғақ болмаса
Сіреспенің алдын алу
•Тіпті жақсы аурухананың өзінде сіреспемен ауырғандардың жартысы өліп кетеді. Сіреспені емдегеннен
гөрі алдын алу әлдеқайда жеңіл.
•Вакцинация (алдын-ала егу). Бұл сіреспеден қорғанудың ең сенімді жолы. Балаларды да, ересек
адамдарды да сіреспеге қарсы еккізу қажет. Барлық отбасы мүшелері оны жақын маңдағы сауықтыру
мекемесінде салғызуға тиіс. Толық сақтану үшін вакцинациялауды әр 10 жылда бір қайталап тұру қажет.
Екіқабат әйелдерді еккізу арқылы жаңа туған сәбиде сіреспенің алдын алуға болады.
•Егер жарақат өте үлкен, терең және лас болса дәрігер шақыртыңыз. Егер сіз осы кезге дейін сіреспеге
қарсы еккізбеген болсаңыз пенициллин қабылдаңыз. Сондай-ақ сіреспеге
қарсы антитоксин шаныштырудың мүмкіндігін ойластырыңыз.
•Жас сәбиде сіреспенің алдын алу үшін тазалықтың рөлі айрықша зор. Кіндікті кескен аспап
стерилденген болуға тиіс, кіндікті қысқа етіп кесу қажет және кесілген жер таза әрі құрғақ болуға тиіс.
Аусыл ауруы
• Аусыл - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі
індет түрі. Ол туралы көне жазба деректерде («Қорқыт Ата»
кітабында) айтылады. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан
сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп,
тутасып, іріңді суға айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен
кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта
бастайды, күйістен қалады.
• Аусылды емдеудің дәстүрлі шаралары көп: оны асқындырмас
үшін тұзды, сорлы көлдерге шомылдырады, күлдіреген бөрткен
жараға сортаң балшық тартады, ыстық қарамай құяды немесе
қуырған қара тұзға қара күйе, тотияйын, арша көмірінің ұнтағын
араласты- рып аузын қан аққанша үйкелеп ысады. Ал оңтүстіктегі
қазақтар тілдің астындағы көк тамыр мен таңдайды жуан бізбен
шабақтап қанататын болған. Аяғына шыққан аусыл жарасына
«қотыр майын» (карбол қышқылын қазақ арасындағы атауы)
жағады. Аусылдың түйеде «қағын» және «теңге» деген түрі бар.
«Теңге» тиген малдың тілінде дөңгелек, қызыл жаралар пайда
болып, жұтқыншаққа қарай шабады. Ондайда мал аузын тұз
араласқан шайырмен (орыс. деготь) ысқылап, сиырдың шикі сүтін
тамызады. Түйе аусылы Торғай облысының Ақтөбе, Николаевск
уездерінде жиірек, Ырғыз бен Торғайда аз кездесетін себебін
жергілікті қазақтар соңғы уезд аумағында ащы оттың басым
екендігімен байланыстырған. Аусылдан сақтану үшін ауырған сиыр
сілекейін ыдысқа жинап алып, сумен сұйылтып, жас торпақтардың
аузына жағу арқылы індет зілін жеңілдетуге жағдай жасайды.
Теміреткі
• Теміреткі - (грекше lіchen – жұқпалы) – этиологиясы әр түрлі көптеген тері ауруларының жалпы атауы.
Теміреткінің негізгі белгісі – денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен
барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 – 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің
дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі, организмде жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және
аллергия жағдайлар әсер етеді. Теміреткі алғашқыда дененің кез келген жеріне қызарып, бөртпе болып
шығады. Оның беті жылтыр, түйіннің (папуланың) ортасы ойыс, қызғылт күңгірт немесе алқызыл түсті,
диаметр 2 – 3 см болады. Түйіннің жылтыр бетіне жарық түсірсе, оның реңі балауыз тәрізді екені анық
көрінеді. Бірте-бірте түйіндер бір-бірімен қосылып, бетін ұсақ қабыршақтар жапқан, кішкентай қатпарлы
табақшалар құрайды. Осы қатпарлы табақшалардың бетін өсімдік майымен сүрткенде терінің мүйізді
қабатында ұсақ, ақшыл түсті нүктелерді және шырматылып жатқан өрмек торын көруге болады (Уикхем
симптомы). Дерт жазылып кеткеннен кейін де ауру ошағының орнында тұрақты гиперпигментация
(пигменттің шамадан тыс бөлінуі) сақталып қалады. Ауру күшейгенде қышымаға айналып, науқас адам,
әсіресе, түнде қатты қышынып, ұйықтай алмай мазасызданады. Теміреткі адамның қолтығы мен шабына,
ауыздың кілегей қабатына, білегіне, білезік буындарына, санның ішкі жағына, балтырға жиі шығады.
Жазылып кеткен теміреткі адам ашуланса, ренжісе, та жағдайларда қайта шығуы мүмкін. Емі: ең алдымен
асқазан-ішек жолын, жүйке-психикалық жағдайын тексерістен өткізеді; диета сақтап, витаминге бай
тағамды жеу керек; транквилизаторлар, антидеприссанттар, антигистаминдер, вирусқа қарсы препараттар,
иммунды модуляторлар қолданылады, тері қабынуын қайтаратын стероидты майларды (синофлан,
лоринден, фторокорт, флюцинар) жағу қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
• 1. Қазақстан Республикасының 2003 – 2005 жылдарға арналған мемелекет
тік ауыл шаруашылық бағдарламасы. Алматы 2003
• 4. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.А., Байжұманов А.Б. Мал өсіру және
селекция. – Алматы, 2006ж.
• 5. Байжұманов А.Б. Мал өсіру.- Алматы, Қайнар, 1987.
• 6. Байжұманов А.Б. Отарбаев А. Селекция сырлары, А.1990.
• 7. Садықұлов Т.С., Байжұманов А.Б.Бегімбеков К.Н. Мал өсіру пәнінің
практикумы.-Алматы,1997.
• 8. Садықұлов Т.С., Ким Г.Л., Жазылбекова Р.А. Практикум по разведению и
селекции животных А.1997.
• 9. Садықұлов Т.С. Разведение и селекция сельскохозяйственных животных.
Алматы, 2003.
• 10. Борисенко Е.В. Разведение сельскохозяйственных животных. М., ''Колос'',
1967.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz