Жаңа туған төлді күтіп бағу




Презентация қосу
Презентац
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министірлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

ия
университеті

Тақырыбы:
Жаңа туған төлді күтіп бағу
• Орындаған: Шарипов М.
• Жақсығұл А.
• Тобы: АП-12-7к1
• Қабылдаған: Абдуллаева Г.
Кіріспе
• Төл өсіру - малдан алынған ұрпақты аман сақтап, жетілдіру. Төл өсіру мал өсіру
технологиясының маңызды үрдісі. Төл өсіруді алынған төлді алынатын өнімге
(жұмысқа) бағыттап өсіріп-жетілдірудің (тәрбиелеудің) азықтандыру жөне бағып-күту
ерекшеліктері арқылы іске асырады. Төл өсіру кезеңіне байланысты азықтандыру
деңгейі мен құрылымын, бағып-күту тәртібін, баптау мен шынықтыруын өзгерту
арқылы төл тегіне (тұқымына) тән қасиеттерінің жан-жақгы жетілуін қамтамасыз етеді.
Ол үшін мал организмінің дамуына сыртқы қоршаған орта жағдайларының (ашық,
жарық, жылылық, т.б.) әсерін жетік білу қажет.
• Төл – ауыл шаруашылық малдарының өсіп-даму процесіндегі жыныстық жағынан
толық жетілмеген ұрпағы.
• Әр түлік Төлінің өз атауы бар: түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын, сиыр төлі – бұзау,
қой төлі – қозы, ешкі төлі – лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой
орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. Сүтқоректі
жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны
барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. Туылғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада
Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді.
Жаңа туылған төлдерді
күту
• Төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 – 6 есе арттыратын болса,
ұсақ малдардың (қой, ешкі) Төлдері бұл деңгейге 4 – 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға
дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу-
азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана
арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде Төлдерді күту-азықтандыру
жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды
ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда
кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін
өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (қ. Жылқы өсіру; Қой шаруашылығы; Мал
шаруашылығы; Сиыр өсіру; Түйе шаруашылығы).
Жас төлді
азықтандыру
• Мегежін төлін азықтандыру кезінде әp6ip килограм салмақ қосу үшін толық жемшөп қорымен қамтамасыз
ету үшін 4,2-4,5 азық өлшемін жұмсау қажет. Егер азық кұрамында қажетті азықтың құнарлылығы
жетіспеген жағдайда азық өлшемінің мөлшері үш есе артады.
• Мегежін төлінің, барлық топтарына арналған құнарлылығы жағынан толық та қуаттыглығы жоғары болуы
қажет.
• Азық қуаттылығын анықтау кезінде, жоспарланған өнім өндірудіп малдың тірілей салмағын,
физиологиялық жағдайын ескерген жөн.
• Мегежін төлі протеинге деген кажеттілігі азықтағы алмаспайтын амин қышқылдарының мөлшеріне
байланысты болады.
• Кәдімгі шаруашылықтағы мал азығы кұрамында көбіне лизин, метионин, кейбір жагдайда триптофан
қышкылдары жетіспейді. Жас шошқалар үшін қажетті амин қышқылдары деген мынадай: лизин — 4,2- 5
%, метионин - 2,8-3,2 (кей жагдайда метиониннің 40 %-на дейін цистинмен алмастыруға болады).
Жас төлдің
патологиялық
• аурулары
Жаңа туған төлдің асфиксиясы

Жаңа туған төлде анасының жатырынан
шыққан
мезетте тыныс алудың бұзылуын немесе
оның
болмауын айтады.

Себептері: анасы мен төл арасындағы газ алмасудың
бұзылуы , яғни төл қанының көмір қышқыл газымен толуы.
Бұған буаз малдың ұзақ уақыт бойы қажитын қимылдар
жасауы немесе аналық плацентаның төлдік плацентадан
біршама ажырауы , сондай-ақ анасының өкпе аурулары
салдары себеп болады.
Жас төлдің
патологиялық
аурулары
Алғашқы тоңғақтың түспеуі

• Алғашқы тоңғақ жаңа
туған төлдерде әдетте
туғаннан кейін дереу
немесе бірер сағаттың
ішінде түседі. Бірақ
алғашқы тоңғақтың
түспеуін жиі байқауға
болады, әсіресе, құлындарда
организм уланып, көбіне
өліммен аяқталады
Жас төлдің
патологиялық
аурулары
Кіндіктен қан ағу

• Кіндіктен қан ағуды ауылшаруашылық
малдарының төлдерінде байқауға болады.
Веноздық қан ағу кезінде қан ақырын, қысымсыз,
пульссіз ағады, ал артериалдық қан ағу болса,
онда күшті пульспен, қысыммен ағады.
Жас төлдің
патологиялық
аурулары
Урахус фистуласы

• Урахус дегеніміз – төл іште жатқанда оның
қуығымен зәр қабатын жалғастырып
тұратын түтік. Осы түтік кейде жабылмай
қалады, оны урахус фистуласы деп атайды.
Көбінесе құлындарда жиі кездеседі.

• Себептері: көбінесе қуық түтігінің кіндік сақинасына иығыз
жанасып өсуі, соның салдарынан урахус кіндік үзілгеннен
кейін құрсақ қуысына қарай кірмей, ауызы жабылмай
қалады.
Жас төлдің
патологиялық
аурулары
Кіндіктің қабынуы

• Кіндіктің қабынуын барлық ауылшаруашылық
малдарының төлдеріңде кездестіруге болады,
соның ішінде құлын, бұзауда жиі кездеседі.
Жас төлдің
патологиялық

аурулары
Төлдің артқы тесігінің бітеу болып тууы

• Төлдің артқы тесігінің болмауы, яғни бітеу тууы.
Көбінесе торайларда кездеседі, кейде құлындарда да
кездеседі. Бұл кезде тік ішектің ұшы тері астында немесе
жамбас қуысында тереңіректе орналасады, кейде ұрғашы
малдарда қынапқа қарай ашылуы мүмкін.

• Белгілері: Бұл кмшіліктің негігі белгісі сол туғаннан кейін
бірнеше сағаттан соң, жаңа туған төл мазасынданып,
әсіресе, емгеннен кейін іші кебеді.

Ұқсас жұмыстар
Бағалы аң терісінің ақаулары
МАЛ ФЕРМАЛАРЫНДАҒЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ НЫСАНДАР ЖӘНЕ САНИТАРИЯЛЫҚ НОРМАЛАР
Қойлар гигиенасы
Терісі бағалы аңдарды күтіп-бағу
Бұзауларды күтіп – бағу гигиенасы
ҚОЯН ГИГИЕНАСЫ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТАЛЫҚ МАЛДЫҢ ЫҚПАЛЫ
Қояндарды ұстау
Жылқы гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы Қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Пәндер