Жаңа туған мал төлдерінің патологиялық аурулары: асфиксия, кіндік патологиялары және туа біткен ақаулар


Slide 1

Жас төлдің патологиялық аурулары

Орындаған:

Презентация

Slide 2

Жас төлдің патологиялық аурулары

Жаңа туған төлдің асфиксиясы

Жаңа туған төлде анасының жатырынан шыққан

мезетте тыныс алудың бұзылуын немесе оның

болмауын айтады.

Себептері: анасы мен төл арасындағы газ алмасудың бұзылуы, яғни төл қанының көмір қышқыл газымен толуы. Бұған буаз малдың ұзақ уақыт бойы қажитын қимылдар жасауы немесе аналық плацентаның төлдік плацентадан біршама ажырауы, сондай-ақ анасының өкпе аурулары салдары себеп болады.

Slide 3

Жас төлдің патологиялық аурулары

Алғашқы тоңғақ жаңа туған төлдерде әдетте туғаннан кейін дереу немесе бірер сағаттың ішінде түседі. Бірақ алғашқы тоңғақтың түспеуін жиі байқауға болады, әсіресе, құлындарда организм уланып, көбіне өліммен аяқталады

Алғашқы тоңғақтың түспеуі

Slide 4

Жас төлдің патологиялық аурулары

Кіндіктен қан ағуды ауылшаруашылық малдарының төлдерінде байқауға болады. Веноздық қан ағу кезінде қан ақырын, қысымсыз, пульссіз ағады, ал артериалдық қан ағу болса, онда күшті пульспен, қысыммен ағады.

Кіндіктен қан ағу

Slide 5

Жас төлдің патологиялық аурулары

Урахус дегеніміз - төл іште жатқанда оның қуығымен зәр қабатын жалғастырып тұратын түтік. Осы түтік кейде жабылмай қалады, оны урахус фистуласы деп атайды. Көбінесе құлындарда жиі кездеседі.

Себептері: көбінесе қуық түтігінің кіндік сақинасына иығыз жанасып өсуі, соның салдарынан урахус кіндік үзілгеннен кейін құрсақ қуысына қарай кірмей, ауызы жабылмай қалады.

Урахус фистуласы

Slide 6

Жас төлдің патологиялық аурулары

Тұсамыс, бақай буындарының бүгіліп немесе мойындарының қисайып тууы сияқты контрактуралар жаңа туған төлдерде жиі кездеседі.

Себептері: Контрактуралардың негізгі тікелей себебі, жатыр ішінде шарана сулары аз болғандықтан, төлдің орналасуы және дамуы дұрыс болмайды.

Буындардың контрактурасы

Slide 7

Жас төлдің патологиялық аурулары

Кіндіктің қабынуын барлық ауылшаруашылық малдарының төлдеріңде кездестіруге болады, соның ішінде құлын, бұзауда жиі кездеседі.

Кіндіктің қабынуы

Slide 8

Жас төлдің патологиялық аурулары

Төлдің артқы тесігінің болмауы, яғни бітеу тууы. Көбінесе торайларда кездеседі, кейде құлындарда да кездеседі. Бұл кезде тік ішектің ұшы тері астында немесе жамбас қуысында тереңіректе орналасады, кейде ұрғашы малдарда қынапқа қарай ашылуы мүмкін.

Белгілері: Бұл кмшіліктің негігі белгісі сол туғаннан кейін бірнеше сағаттан соң, жаңа туған төл мазасынданып, әсіресе, емгеннен кейін іші кебеді.

Төлдің артқы тесігінің бітеу болып тууы


Ұқсас жұмыстар
Аяқ-қол хирургиясы: туа біткен ақаулар, жарақаттар және аурулар
Ұрық пен жаңа туған нәрестелердегі туа біткен ақаулардың медико-генетикалық профилактикасы және ерте диагностикасы
Ауыл шаруашылық малдарының жаңа туған төлдерін күту, азықтандыру және патологиялары
Туа біткен ақаулар мен даму кемістіктерінің себептері және хирургиялық емдеу принциптері
Жаңа туған төлдердің аурулары: клиникасы, емдеу және алдын алу әдістері
Адамның асқорыту жүйесінің туа біткен ақаулары: түрлері, патогенезі және клиникасы
Мал акушерлігі: туу патологиялары мен көмек көрсету әдістері
Туа біткен жүрек ақаулары: эпидемиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емдеу
Туа біткен бүйрек ақауларында бүйрек функциясының бейімделу өзгерістері
Жаңа туылған нәрестелердегі асфиксия, босану жарақаттары, іріңді-септикалық және гемолитикалық ауруларды БАБЖ бойынша басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz