ЖЕКЕ ЭПИЗООТОЛОГИЯ
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«ЖЕКЕ ЭПИЗООТОЛОГИЯ»
Орындаған: Күзенбаева Ж.
Акимжанова М.
Тобы: АП147К2
Қабылдаған: Омарова У.
ТОПАЛАҢ АУРУЫНЫҢ ШЫҒУ
ТАРИХЫ
Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Ертедегі араб
дәрігерлері "парсы күйдіргісі", ал грек және рим ғалымдары "текті
күйдіргі" деп атаған. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет
ретінде көптеген Европа және Азия еддерінде байқалып тұрды.
Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде қызмет еткен
дәрігерлер А.Эшке және Н.Ножевшиков /1758/ адам мен малда осы
дерттін ғылыми сипаттамасын беруіне байланысты болатын.
топалаң ауруының қоздырушысын Германияда Поллендер /
1849/, Францияда Райне мен Давен /1850/ өлген малдың қанынан
тапты. Бұл микробтың қоректік ортадағы таза өсіндісін 1876 ж.
Р.Кох бөліп алды да, оның спора түзетіндігін анықтады.
Л.Пастер /1881/ бірінші болып жануарларды осы микробтың
әлсіретілген өсіндісі арқылы вакциналау мүмкін екендігін
тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл әдіспен вакцина дайындауды
Ресейде П.С.Ценковский /1883/ іске асырды. 1944 ж. Н.Н. Гинзбург
СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С.Г. Колесов пен басқалар ГНКИ
гидроокись аллюминий вакцинасын ұсыңды.
ТОПАЛАҢ АУРУЫНЫҢ
АНЫҚТАМАСЫ
топалаң негізінен ірі қараның жіті өтетін,
бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде
сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін
жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4
жас аралығындағы сиыр малы, сондайақ
сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді.
АУРУДЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ
Аурудың қоздырушысы CIostridium chauvoei нағыз анаэроб, аздап
иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік
ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады
және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады.
Түйіршектері өте төзімді келеді, топырақта бірнеше жыл, қида,
бұлшық еттер шіріндісінде 6 айға дейін күшін сақтайды. Тура
түскен күн сәулесінен 24 сағатта күшін жоюды. Екі сағат қайнағанда
залалсызданады. Ең тиімді залалсыздандыру ерітіндісі 4 пайыздық
формальдегид. Негізінен бұл аурумен 4 жасқа дейінгі ірі қара мал
ауырады. Сирек те болса қойешкі, бұғылар да ауырады.
АУРУДЫҢ ТАРАЛУ КӨЗДЕРІ
Аурудың таралу көздері ауру малдар және микроб
спораларымен залалданған топырақ, шөп, жайылым, ақпайтын
батпақты су көздері (көл, тоған т.б.) болып саналады.
Ауру алиментарлық жолмен (жемшөп, су ішу, жайылу кезінде)
жұғады. Бұған ауыз қуысы кілегейлі қабатының зақымдануы,
ас қорыту жүйесіндегі қабыну ағымдары ықпал етеді.
ТОПАЛАҢНЫҢ СИМПТОМДАРЫ
Ауру қойлар тері қабатының зақымданған аумақтары арқылы жұқтырады (қырқым
кезінде, піштіру салдарынан болған жарақаттар арқылы). Ауруды жұқтырғанның
белгілері білінгенге дейінге жасырын кезеңі 2 күн шамасында. Ауру белгісі бірден білінеді
және жедел түрде өтеді. Малдың мойнында, жақ астында, көкірегінде, жамбас, иық
еттерінде (кейде ауыз қуысында) тез үлкейе бастайтын ісіктер пайда болады. Ісіктер
әдепкіде қатты, ыстық, анық білінетін, ұстап көргенде мал ауырсынатын, қыртылдаған
дыбыс беретін болады. Кейін барып ісіктер мұздап, ұстап көргенде мал сезінбейтін
жағдайға өтеді. Ісіктерге жақын бездердің ұлғаюы байқалады. Ісіктер иық еттерінде,
жамбасында болған кезде мал ақсайды. Емдеуде пенциллин, дибиомицин дәрілерін
пайдаланады. Іркілдек ісікті аумақтарға 3 пайыздық карбол қышқылы немесе лизол, яки
1 пайыздық марганцовка ертініділерін жіберуге болады.
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау
– адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру.
Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох
таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты
(1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп
келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
АУРУ ТАРИХЫ
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі.
Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын
неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде
табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2
мыңжылдықта египет мумияларынан
анықталған. Туберкулездің клиникасы
туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір
сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің
(Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін
Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың
еңбектерінде де Туберкулез ауруы еске
алынады. Бірақ олар Туберкулезді жұқпалы
ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн
Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны”
деген еңбегінде Туберкулезді тұқым
қуалайтын аурулар қатарына жатқызған.
Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші
рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478
– 1553) дәлелдеді.
АУРУДЫҢ ТАРАЛУ КӨЗДЕРІ
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі
көзі – науқас адамнан түскен
микробтары бар қақырық. Сау адамға
ол негізінен Туберкулезбен ауырған
адам түкірген қақырықтың ұсақ
сұйық тамшылары арқылы не кепкен
түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда;
сирек жағдайда – Туберкулезбен
ауырған үй жануарларының сүтін
шикілей ішкенде, етін шала пісіріп
жегенде жұғады. Организмге
Туберкулез таяқшасының енуі ауруға
себепші болғанымен, оның толық
дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар
Туберкулезбен бұрын науқастанып,
организмнің иммунитеті төмендегенде,
дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал
өнімдерінің белоктары, витаминдер
тапшы болғанда), санитарлық
гигиеналық жағдайлар дұрыс
сақталмағанда, сондайақ аурумен
ұзақ уақыт бойы араласқанда
ауырады
АУРУДЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін
ішуден болады. Ол сондайақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы
организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіпбағатын адамдарда
жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде
тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллезбруцеллалармен
шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында
созылмалы қызбамен, қимылқозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің,
жүрекқан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің
зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция
аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Барлық жерде кең таралған.
Инфекция көзі: ұсақ мүйізді,
ірі қара мал, шошқалар,
маралдар және адамдар.
Таралу механизмі: фекальды-
оральды. Берілу жолдары:
қатынас арқылы (зақымдалған
тері)
алиментарлық
ауа-шаң (аэрогенді)
Көбінесе малшылар,
шопандар, ауыл тұрғындары
ауырады.
СІРЕСПЕ АУРУЫНЫҢ
АНЫҚТАМАСЫ
Сіреспе (Теtапиs, столбняк) - жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық еттерінің сіресіп,
тартылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Инфекция /лат. Іnfectio - жұқтырамын/ - жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне
әсерінен туындайтын ерекше жағдай.
Алғаш рет ғылымға бұл терминді 1842 ж. Хуфеланд енгізді. Бастапкыда оны сифилис және
басқа да мерез ауруларына ғана қатысты пайдаланды. Ал "инфекциялық аурулар" деген атау
және оларды жеке топка бөліп қарау белгілі патолог Вирховтың ұсынысымен болды.
Топли 1946 ж. инфекцияны тоғышар паразит пен оның иесінің бірлестігі және оның
нәтижесінде иесінің зардап шегуі ретінде карастырды. Бұл пікір инфекция туралы осы заманғы
көзкарастың калыптасуына негіз болды.
ИНФЕКЦИЯ ҚОЗДЫРУШЫЛАРЫНЫҢ
ЗАРДАПТЫ ӘСЕРІ
Зардаптылық /патогенность/ ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру мүмкіндігі. БҰЛ
микробтың тұқым қуалайтын генотипіне тән касиеті. Зардапты микробтың әрбір түрі белгілі
бір ауруды қоздырады. Әрбір ауру қоздырушысының өзіне ғана тән зардаптылық аукымы бар.
Жанурлардың бір ғана түрін зақымдайтын қоздырушыны унипотентті /бір ғана мүмкіндікті/,
ал жануарлардьщ көптеген түрлерін зақымдайтьш микробты полипотентті /көп мүмкіндікті/
деп атайды. Мысалы, шошка обасының вирусы унипотентті де /мұндай ауруларды уникварлық
деп те атайды/, аусылдың вирусы - полипотентті болып табылады.
Зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі, уыттылык /вирулентность/ деп аталады. Зардаптылық -
микробтың белгілі бір түрінің ортақ қасиеті болса, уыттылык - оның жекелеген
штаммдарының дара касиеті. БҰЛ енді зардаптылыктың фенотиптік көрінісі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz