Жүн шикізаты талшықтарының тауарлық қасиеттері
Презентация қосу
Презентация
«Жүн шикізаты
талшықтарының тауарлық
қасиеттері»
Орындаған: Бабаходжаева Х.
Тобы: АП-11-7к3
Қабылдаған: Асылбеков Б.
Тәуелсіз еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму кезеңінде әлемдік
сауда ұйымына кіру арқылы Қазақстан экономиканың Халықаралық ұйымына
интеграциясы туралы мәселе негізгі болып отыр. Алдыңғы қатарлы индустриалды
кешендердің дүниежүзілік құрылымында жеңіл өнеркәсібі бірінші позиция алып
отыр. Қазақстан республикасының текстиль өнеркәсібі үшін жүн негізгі шикізаты
болып табылады. Дүниежүзілік текстиль талшығының өндірісі құрамында жүн
мөлшері 5 % астам болу керек, ал одан жасалған дайын бұйымдардың көлемі
бағасынан 15 есе көп, және де ол тек қажетті тауарларды жасауға арналады. Жүн –
қымбат шикізат түрі және одан жасалған бұйымдарда жоғарғы құнға ие.
Сондықтан жүн шикізатының негізгі базасын кеңейту жолымен жүнді химиялық
талшықтармен қосып және екіншілік жүн шикізатын қолдану арқылы ерекше
мәнге ие болады. Қайта өңдеу өнеркәсібі мен агрокешеннің қызметтері мен
ғалымдарының назарлары бірнеше жылдар бойы жүн шикізатының сапасын
жақсарту мәселелерде екеніне қарамастан, бұл мәселе әлі де ашық қалып отыр,
өйткені өндірісте жүннің саны мен сапасы бойынша жұмысы жүнді өңдеу
кәсіпорынның талаптарына жауап бермейді. Жүн шикізатының ресурстарын
көбейтуде негізгі көзі болып жүнді алғашқы өңдеу кезінде оның сапасын жақсарту
екені белгілі. Өнімнің жоғары сапалылығын қамтамасыз ететін тиімді
технологияларды жасау қазіргі кезде өзекті мәселе болып табылады.
Жүн талшығының гистологиялық құрылысы
1-өлі талшық, 2-қылшық, 3- аралық талшық, 4- түбіт.
Қой, ешкі, түйе және т. б. жануарлардың түрі, жеңіл өнеркәсіптің құнды
шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік
болады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние
жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан жіңішкелігіне,
құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы
қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы,
биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының
жіңішкелігі 14, 2-25 мкм, ұзындығы менирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры
мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу
жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1-35 мкм.
Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында
жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем
тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп
болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т. б. жасауға пайдаланылады. Жүннің
барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға. бағып,
күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т. б. ешкі
тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан
жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен
киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады.
Жүндегі амин қышқылының түзілуі,
(100 г жүндегі көлемі, г)
Аминқышқылдары Түбіт Аралық талшық
Шет ел авторлары В.В. Калинин А.И. ерхин В.В. Калинин
мәліметтері бойынша 1996 бойынша, 1971 бойынша 1996
Лизин 2,2-3,3 2,88 3,20 3,49
Гистидин 0,55-0,7 1,01 0,90 0,88
Аргинин 6,0-10,0 8,80 8,71 8,86
Цистин 7,3-13,1 9,68 10,67 7,84
Аспарагиновая 2,3-7,27 5,95 8,11 6,79
кислота
Метионин 0,2-0,71 0,66 0,57 0,53
Треонин 6,4-6,76 6,03 5,43 5,17
Серии 9,4-10,3 8,36 7,99 8,21
Глутаминовая 12,9-16,0 13,42 16,21 13,64
кислота
Глицин 5,8-6,5 4,32 5,40 4,51
Алании 4,1-4,4 3,40 4,39 3,59
Валин 2,8-5,5 4,56 5,07 4,43
Изолейцин — 3,05 3,91 3,38
Лейцин 9,7-11,6 7,28 8,86 7,94
Тирозин 2,9-6,1 4,32 4,58 4,42
Фениналанин 1,6-4,0 3,17 4,42 3,67
Пролин 4,4-7,2 5,45 — 5,26
Триптофан 0,7-1,8 — — —
Қойдың жүн өнімін қырқылған жүнін өлшеу арқылы және оның таза жүн түсімімен
анықтайды. Таза жүн түсімін анықтау үшін, әр қойдың жүнінен 200 г алынып, бес түрлі
ыдыстардағы мөлшерлері әртүрлі содалы-сабынды суда 38-40о–та 5-6 минут жуады.
Жүннің тұрақты құрғақ салмағын айыру үшін ЦС-153-1 және ЦС-182 аппараттары
қолдланылады. Бірінші үлгіні ыстық ауамен құрғатып, таза жүнді өлшейді, ал екінші
үлгіні сығады. Таза жүннің түсімін мына формуламен анықтауға болады:
Р жүннің тұрақты құрғақ салмағы, (г); Н кондициялық ылғалдың нормасы, оның
шамасы жүннің барлық түрлері үшін бірдей болады 17%;
а жуылмаған үлгі үшін алынған жүннің алғашқы салмағы, (г);
х таза жүн түсімі, %.
Мысалы, есеп жүргізу үшін мынадай көрсеткіштерді пайдаланайық: биязы жүннің
тұрақты құрғақ салмағы 72,7 г , жуылмаған үлгіден алынған жүннің алғашқы салмағы
200 гдеп алсақ, таза жүн түсімі
Орташа есеппен алғанда, биязы жүнді қойлардың таза жүнінің түсімі 40-48% ,
биязылау қойлар үшін 55-65% , ұяң жүнді қойлар үшін 65-70%, қылшықты жүнді
қойлар үшін 60-80% аралығында болады.
Жүн өнеркәсібінің маңызын келесі мәліметтерді салыстырғаннан көреміз:
жүн матасын өндіру көлемі (млн.м) шамамен 7,4%-ды құрайды, сол уақытта
жалпы өнімнің салыстырмалы салмағын жүн өнеркәсібі мақта-мата және
басқа текстиль салаларынан 44,6%-ды құрап, басым түседі. Жүн бұйымдарын
өндіру үшін негізінен талшық қалдықтары мен талшықтан иірілген, екіншілік
жүн шикізатынан алынатын табиғи жүн мен химиялық талшық қолданылады.
Талшықтың барлық түрлерінен текстиль бұйымдарын жасамас бұрын
алдымен алғашқы өңдеу мен дайындықтан өтуі керек. Жүнді алғаш өңдеу
технологиясының проблемалары жаңа техника мен үнемді өндіріс
технологиясының өзара байланысы негізінде түсіндіріледі. Шикізаттың
сапасын жақсартуға, бұйымның сапасы мен сыртқы түріне аса көңіл
аударылған; талшық сапасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым бірдей
шарттарда машинада үзілуі аз, әрі олардың өнімділігі жоғары және дайын
өнім шығарымы көп болады. Техникалық прогресс үшін күресуде шикізат пен
көмекші материалдарды үнемді шығындап, жақсы сапалы өнім алуды
қамтамасыз ететін тұрақты жоғары өнімділікті технологиялық процесс құру
үлкен мәнге ие. Бұл кәсіпорындағы техникалық қызметінің ұйым мен
өндірістің технологиялық процесті басқару сұрақтарына ықыласпен және
зейінмен қарауын міндеттейді.
Меринос қойларының жүн
талшығы (сызба – нұсқа)
1- қабыршақты қабат,
2- ұршық тәрізді клетка ,
3 – қыртысты қабаттың
ортокортикальді клеткалары,
4 – қыртысты қабаттың
паракортикальді клеткалары,
5- өлі клеткалардың ядро
дегенерациясынана кейін
қалған бос кеңістік.
Өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызатын маңызды бағыттардың бірі
кәсіпорынның барлық өткелдерінде өзін-өзі бақылау мен өзара бақылауды күшейту,
шикізаттың, көмекші материалдардың, технологиялық процестер мен дайын өнімнің
анық техникалық бақылауын ұымдастыру болып табылады. Жүнді алғаш өңдеу
өнеркәсібінде техникалық бақылау кезінде жүнді сорттау мен жуу сапасын, дайын өнім
мен көмекші материалдар сапасын орнатады, технологиялық процестер параметрлері
мен жабдық жағдайын тексереді. Кәсіпорынға түскен көмекші материалдарды (мысалы,
жуғыш заттар) бақылау оларды үнемді шығындауды қамтамасыз ететін қолдануға
оларды дұрыс дайындауды ұйымдастырады және ерітінді дайындау үшін қажетті
концентрация мөлшерін анықтайды. Соңында, жүнді жуудың технологиялық режимін
бақылау процестің белгілі параметрлерін үзбеу және жақсы сапалы өнім шығаруды
қамтамасыз ету. Қазіргі таңда, Қазақстанда мемлекеттік қолдауымен көптеген жеңіл
өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар жұмыстарын жаңартты. «Almaty Cotton Plant»
(АХБҚ) компаниясында мыңнан аса мамандар жұмыс істеуде, және де бұл компания
жаңадан жабдықталып, өндірісінде модернизация жасады. Шымкент қаласында жаңадан
тоқыма кәсіпорындары «Ю-Текс» ЖШС, «Қазақ- Орыс текстиль Альянсы» ЖШС,
«Меланж» АҚ ашылып, жұмыс істеуде. Семейде жүнді алғашқы өңдеу фабрикасының
негізінде былғары – үлбір кластері - «ҚазРуно» ассоциацияциясы құрылды. Еліміздің
ұзақмерзімдік мамандардырылған экономикасын анықтайтын қазақстандық кластерлер
жүйесінің дамуы, міндетті түрде тоқыма және жеңіл өнеркәсіптерінең дамуына
қарқынды әсер етеді. Ал жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері біздің еліміздігі
шаруашылықтың және әлеуметтік кешеннің үлкен бөлігін құрайды.
Мақта талшықтарын және оның химиялық талшықтармен қоспасын өңдеуге арналған мақта иіру
өндірісінде, иірудің төрт жүйесі қолданылады – кардты, тарақты, меланжды және аппаратты. Иірудің
меланжды жүйесінде иірімжіптерді сұрып және боялған талшықтар немесе әртүрлі түсті талшықтар
қоспасынан өндіреді. Иірудің аппаратты жүйесі бойынша сызықтық тығыздығы жоғары төмен сортты
мақтадан және қалдықтардан иірімжіптерді өндіреді. Иірудің кардты жүйесінде талшықты материалдарды
тарау, қалпақшалы кардты тарау машинасында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге
асырылады.Иірудің тарақты жүйесінде талшықтарды тарау мерзімді қозғалыстағы қалпақшалы кардты және
тарақты тарау машиналарында, ал өнімнің жұқаруы - созу аспаптарында жүзеге асырылыды.
Таза жүн және талшықтардың жартылай жүнді қоспасын өңдеуге арналған жүн иіру өндірісінде иірудің
үш жүйесін қолданады – аппаратты, тарақты және жартылай тарақты. Иірудің аппаратты жүйесінде
талшықтарды тарау – білікті кардты тарау машиналарында, ал жартылай дайын өнімді жұқарту, бөлу
әдісімен – кардты тарау аппараттарының созба кареткаларында және созу – иіру машиналарында жүзеге
асырылады.
Зығыр иіру өндірісінде шикізат қасиеттеріне және иірімжіптің белгілеуіне байланысты, оны иірудің
әртүрлі жүйесі бойынша өндіріледі: ұзын зығырды иіру жүйесі, тарамды, тарамды-тарақты және аппаратты.
Барлық талшықтардың түріне арналған иіру өндірісінің құрылымы бірдей болып келеді.
Мақта талшықты өсімдіктер тобына жатады. Оны құлқайыр тұқымдас өсімдіктердің қатарына қосуға
болады. Бұл топқа сонымен бірге кендір, конъюатник, құлқайыр сияқты басқа да өсімдіктер жатады.
Талшықты өсімдіктер арасында мақтаның алатын орны ерекше зор. Ол жіп иірілетін бүкіл шикізаттың 70-75
%-н береді.
Мақтаның шитті талшығы – шитті-мақта осы өсімдіктің беретін негізгі шикізаты болып табылады. Шитті
мақтаны мақта тазартатын заводтарда шитінен ажырататын алғашқы өңдеу кезінде мақта талшығы, линт,
мқта ұлпасы, шит бүршігі бірте-бірте бөлініп алынады. Шитті мақтада 30-40% талшық және 60-70% шит
болады, ал шитте 22-29% мақта майы мен шит бүршігі болады. Шитті мақта – халық шаруашылығының
тоқыма өнеркәсібі, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшін қажетті шикізат.
Жүн қылшықтары мынадай түрлерге бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, өлі қылшық, тікенек
қылшық. Қой жүнінің қылшықтарының екі түрін ажыратады: біркелкі және әркелкі.
Біркелкі жүн бірыңғай түбіттен немесе аралық қылшықтан тұрады. Түбіттен тұратын жүнді
биязы, ал аралық қылшықтан тұратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн диаметрі 25
микрометрден аспайтын түбіттен тұрады, ұзындығы 6-9 см, бұйра, шайырлы, ақ, тығыз болады.
Осындай жүнді алтай, солтүстік, оңтүстік меринос, қазақтың биязы жүнді тұқымдарынан қырқады.
Биязылау жүннің диаметрі 25 микрометрден артады, түбіт немесе аралық қылшықтан, олардың
аралас қоспасынан тұрады, ұзындығы 8-15 см, кейбір тұқымдарда 25-30 см, ирегі үлкен, жылтыр,
шайыры орташа. Мұндай жүнді линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, кроссбред қырқып алады.
Әркелкі жүн түбіттен, аралық құрғақ, өлі тікенек қылшықтан тұрады.Олардың бір-бірінен
айырмашылықтары жуан-жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы. Әркелкі жүн қылшықжәне ұяң деп
бөлінеді.
Жүн сорттары Қырқылғаннан Таза жүн шығымы, % Таза талшыққа
кейінгі жүн салмағы, санағанда жүннің
кг салмағы, кг
1 класс, 1 класс тармағы 2700 45,4 1225,8
қалыпты
1 класс, 1 класс тармағы 400 43,5 274,0
ластанған 1
II класс, 1 класс тармағы 700 43,8 306,6
қалыпты
II класс, 1 класс тармағы 800 43,5 348,0
ластанған1
Қиқымдалған 370 35,0 129,5
Қи-көңді 30 12,0 3,6
Жиыны 5000 - 2187,5
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
1.Қыдырбаев Х. Терісі бағалы аңдар- оларды пайдалану және
қорғау – Алматы, Қайнар, 1982 ж
2.Елемесов К.Е., Закиров М.Д. Қарақөл елтірісі аң терісі және
тоңдық қой терісі шикізаттарының тауартануы 1-2 бөлімі,
Алматы, 1993 ж.
3.Жангисин Д. Мал терісінің сапасын жақсарту жолдары-
Алматы, 1997 ж.
4.Ақжігітов М. Мал шаруашылығынан алынатын шикізаттың
сапасын арттыру – Алматы, Қайнар, 1975 ж
5.Көшербаев Ч.К., Садуов М., Кенжебау М.Ш. Бағалы аң
терісін тауарлау- Алматы, 2002 ж
6.Тері, мех, бағалы аң шикізатының МЕСТері
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz