ЖҮРЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

«ЖҮРЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚЫЗМЕТІ»
Орындаған: Шермахан Н.
Тобы: АП-12-8к4
Қабылдаған: Сабекова Д.
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Жүрек (сердце) – грек. cardia, лат. cor - жануарлар организміндегі ішкі орта сұйық
ұлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мүше. Ол көкірек қуысында, екі өкпенің
аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның
жоғарғы жүрек табаны (негізі) - basis cordis - бірінші қабырғаның орта тұсында,
немесе иық буынының деңгейінде, ал төменгі жүрек ұшы (apex cordis) сол жақтағы
5-6 қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады.
ҚҰРЫЛЫСЫ
Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы
жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді.
Жүрек – төрт бөлімнен тұратын етті-қуысты
мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі – эндокард,
ортаңғы - миокард, сыртқы - эпикард қабықтардан
құралған. Жүректің сыртқы бетіндегі табанынан
ұшына қарай ұзынынан өтетін оң және сол
қарама-қарсы жақтарындағы ұзынша сайлар
(sulcus longitudinale dexter et sinister) мен сол
сайлар тұсында орналасқан ішкі ет перде жүрек
қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бұл
бөліктер жоғарғы жүрекшелерден (atrium cordis)
және төменгі қарыншалардан (ventriculus cordis)
тұрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа
қарай қапшық тәрізді жүрекше құлақшалары
(auricular atrii dextra et sinistra) шығып тұрады.
ЖҮРЕК
ҚАРЫНШАЛАРЫ
Жүрек жүрекшелері мен
қарыншаларының ырғақты да, жүйелі
қызметін жүректің жүйке-бұлшық ет
жүйесі (systema sinoventricularis cordis)
реттейді. Аталған жүйені қойнау-
жүрекше (nodus sinoatrialis), жүрекше-
қарынша (nodus atrioventricularis) жүйке
және бұлшық ет түйіндері, жүрекше-
қарынша бұлшық ет түйінінен, яғни
жүрекшелерден қарыншаларға қарай
төмен бағытталған атрио-вентрикулалы
буда (fascilulus atrioventricularis) және
одан таралатын оң және сол аяқшалар
(crus dexter et sinister) құрайды.
ЖҮРЕК ВЕНАЛАРЫ
Жүректің оң бөлігінен вена қаны, ал сол бөлігінен артерия қаны ағып жатады. Оң
қарыншадан басталатын өкпе артерия баганы қанын өкпеге алып барады. Ол жүрек
табанының алдыңғы жағында, құлақшалар аралығында орналасқан. Өкпе артерия бағаны
басталар жерде оның кеңейген қойнауы (синусы) болады. Бүл бағанның артқы жағында сол
қарыншадан бастау алатын қолқа орналасады. Екі артерия да жүректен каудальды бағытта
шығады. Оң жүрекшеге краниальды және каудальды қуысты веналар ашылады. Краниальды
қуысты венаның сағасы оның қойнауы деп аталады. Ол сыртқы жағынан шекаралық сай
арқылы жүрек құлақшасынан бөлінеді. Сол жүрекшеге өкпе веналары құйылады.
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІ
Жүректің бұлшық еті өзіне тән ерекшеліктері бар көлденең жолақты ет
талшықтарынан қүралған. Олар бір-бірімен аралық қосылыстар арқылы
байланысып жатады.

Жүрекшенің ет қабығы негізінен беткей және терең бұлшық ет қабаттарынан
тұрады. Бұл қабықтың беткейлік қабаты оң және сол жүрекшелерді сыртынан
қаптап, екеуіне де ортақ болып келеді. Ол көлденең орналасқан ет талшықтарынан
тұрады. Тереңдік қабат әрбір жүрекшеде жекелей, ұзынша бағытта орналасады.

Жүректің қарыншаларында ет талшықтарының айқын байқалатын бес қабаты
болады. Олар ет талшықтары қиғашталып жатқан беткей және ішкі қабаттар.
Бүлардың аралығында талшық бағыттары сегіздік тәрізді иіліп келген тағы үш
қабат болады.
ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІ
Жүрек пен қан тарайтын тамырлардың
ауруынан жиі өліп кетеді, сондықтан
осындай сырқаттарды күтуде ме-йіркеш
ролі өте зор әрі жауапты. Жүректен
шыққан қан қимылының әсерінен тамыр
қабырғаларында болатын түрткі сияқты
тербеліс тамыр-дың соғуы деп аталады.
Жүректің сол жақ қарыншасы-мен ортаға
ырғақты лақтырылған қан айналымы арна-
сы ішінде тербеліс жасап, артериялар
қабырғаларьш зластикалық кеңейтіп,
орнына келтіреді. Тамыр соғудың белгісі
оның жиілігімен, ырғағымен, кернеп,
толуымен анықталады.
ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІ
Қалыпты т а м ы р с о ғ у ы ж и і л і г і
минутына 60-тан 80-ге дейін өзгеріп
отырады, бірақ жа-сына, жынысына, дене
температурасына және қоршаған ортаға
байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай
көп түрленіп отырады. Ана құрсағында
дамуы мен өмірінің алғашқы жылдарында
тамыр неғұрлым жиі соғады. 25-тен 60
жасқа дейін тамыр соғу тұрақты.
Әйелдердің та-мырларының соғуы
еркектерге қарағанда жиі. Неғұр-лым көп
күш жұмсайтын қарқынды жұмыс кезінде
та-мырдың соғуы да жиі болады.
ЭНДОКАРД
Жүректің ішкі бетін өте жұқа қабық — эндокард астарлайды. Оның ішкі беті эндотелиймен қапталған.
Эндокардта өткізгіш қызметін атқаратын, цитоплазмасында миофибрилдері өз арнайы ет талшықтары
болады.
Жүректің жұмысын жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктері
қосарынан жүйкелендіріп реттейді. Симпатикалық жүйкелер жүректің бұлшық етін, оның қан тамырларын
жүйкелендіріп, жиырылуын жиіленіп, жұмысын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйкелер жүректің жұмысын
баяулатып, жиырылуын сиретеді.
Жүрек ұрықтық кезенде – эндокард мезенхимадан, миокард пен эпикард – мезодермадан дамып жетіледі.
Алдыңғы кезде екі түтікше болып қалыптасып, соңынан олар бірігіп, жүректі құрайды.
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҮРЕК
ҚҰРЫЛЫСЫ
ЖҮРЕКҚАП
Жүрекқап (үлпершек) – pericardium – жүректі
сыртынан қаптап, оның бірқалыпты қызметін
қамтамасыз етеді. Ол үш қабаттан тұрады.
Оның сыртқы қабаты – көкірекортасының
плеврасы (сірлі қабық). Жүрекқаптың негізін
көкірекіштік шандырдың жүрек тұсындағы
бөлігі -талшықты (фиброзды) қабат құрайды.
Үлпершектің ішкі бетін жүрекқаптың сірлі
қабығы (париетальды жапырақша)
астарлайды. Ішкі сірлі қабат жүректің табаны
арқылы, оның сыртқы бетіне өтіп, жүректің
сыртқы қабығы – эпикардты (висцеральды
жапырақша) құрайды. Жүрек пен
жүрекқаптың аралығындағы қуысты –
перикард қуысы дейді. Бұл қуыста жүрек пен
жүрекқаптың беттерін сылап тұратын аздаған
сірлі сұйық болады.

Ұқсас жұмыстар
Жүрек ырғағы
Жүрек пен өкпе
Жүректің қақпақшалық аппараты
Қан айналым жүйесінің клиникалық физиологиясы. Кардиологиядағы интенсивті терапия
Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
Жүрек қантамырлар механизмімен, қызыметімен танысу
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Қан тамырлары
Жүректің жұмысы
КӘСІПОРНЫ ЖҮРЕК
Пәндер