Жылқы тұқымдары туралы



Презентация Тақырыбы «Жылқы тұқымдары»
Орындаған: Мархаба С.
Маханбет С.
Тобы: АП-12-7к3.
Қабылдаған: Бакиров А.

Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. 1 Жергілікті жылқы тұқымдарына сипатта
1. 2 Салт мінілетін және жергілікті жылқы тұқымдары
1. 3 Желісті және жегу жылқыларының тұқымдары
1. 4 Ауыр жүк тартатын жылқылар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дүние жүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымымен тұқымдық тобы өсіріледі. Олар бір-бірімен шығу тегі, өнімдік бағыты, дене құрылысы мен тірілей салмағы, зат алмасуы бойынша ерекшеленеді. Жылқы тұқымдарын топтастырып, жіктеу (классификациялау) оларды зерттеуді жеңілдетіп, асылдандыру ісін жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік тудырады. Зоологиялық, экологиялық және зоотехникалық тұрғыдан жылқы тұқымдарын қаңқасының жетілуі мен хронологиялық өзгеруіне байланысты класстарға бөледі. Экологиялық жіктеу жылқы тұқымдарын шығу тегі мен таралған жеріне байланысты негізделген. Бұл жіктеумен үндестік тапқан зоологиялық жіктеу бойынша жылқы тұқымдарын - сүйегі жеңіл де мықты, қырынан қарағанда иіліп тұратын, терісі жұқа жығыс және сүйегі ірі, терісі қалың, жүндес батыс тобына ( Франк, Неринг), шығыс жылқысы типтес жазық және таулық, басы қырынан тік, беті қысқа да кең келетін ормандық, бөкен тұмсықты беті ұзын да жіңішке солтүстік типтеріне ( А. Браунер) - жатқызады. Бірақ бұл жіктеу жүйелеріне қарағанда іс жүзінде жылқы тұқымдарының шаруашылыққа пайдалы (хозяйственно-полезные) белгілеріне негізделген зоотехникалық жіктеуі кең пайдалынады. Зоотехникалық жікеулер ішінде іс жүзінде тиімдісі А. Красниковтың классификациясы.

Жылқының дене мүшелері, түр-түсі, ен-таңбасы және басқа белгілері.
Жылқыны бір-бірінен айыруға көмектесетін ең басты белгі - түсі, ен-танбасы және белгілері. Бұз белгілер жылқыларды зоотехникалық және мал дәрігерлік есепке алғанда және инвентаризация кезінде, яғни түгелдеген кезде қысқа турде көрсетілуі керек. Аталған белгілер жылқылардың өздеріне берілген құжаттарға сай келу-келмеуін анықтайды.
Жылқының түсі оны өсіріп-өндіруде тұқымы мен шыққан тегінің белгісі ретінде пайдаланылады. Жирен, аққұла, (ақ жал сары), шұбар, тағы басқа бірнеше түсті жылқылар басқаларға қарағанда жоғарырақ бағаланады. Жылқы заводтарында ен-танбасы мен түсін анықтауды құлын дүниеге келген сон үшінші күні, төлді өндірістік құрамға ауыстырғанда, бонтировкалағанда, тұқымдық жіне ветеринарлық куәлік берген кезде жүргізеді.
Басында, кеудесінде, аяқ-қолында кездесетін түрлі көлемді және тұрлі формалы тума қалдар мен жолақтар жылқының түгінің белгілері деп аталады. Бұл белгілер бірыңғай түсті жылқыларды ажыратуға көмектеседі.
Бастың ақ және басқа белгілері:шалбас қасқа, жұлдыз, шұбыртпа қасқа, айқын қасқа, ерін немесе танау астындағы ақ жолақ.
Аяқтың және басқа белгілелері: ақ тұяқ, күнгірт тұяқтағы ақшыл жолақ, тұяқ өкшесіндегі ақ жолақ-тұяқ құндыздығынан тұсамыстық буынды, бақайды, алдынғы сирақты қоса алып, алдыңғы тізелікке дейін немесе тірсек буынына дейінгі және оданда жоңары созылатын жолақтары т. б.

Жергілікті жылқының тұқымдарына сипаттама
Тебіндік - далалық жылқы. Көптеген ғасырлар бұрын Азия мен Еуропаның кең байтақ даласында біраз ел үиірлі жылқы шаруашылығымен шұғылданған. Грек тарихшысы Герадод біздің дәуірімізге дейінгі V-ші ғасырда скиф халқының тебіндік-далалық жылқы өсіргенін жазған.
Жергілікті далалық жылқы күй талғамайды, құбылмалы ауа-райына төзімді, денсаулығы мықты, мол өнімді, күшті келеді. Сондай-ақ қатал ауа-райы жағдайының өзінде өсіп жетіле береді.
Табиғи жайылымдық жағдайларға байланысты сатылап өседі. Мәселен, олар көктем мен күзде жақсы қоңданады. Қыста, яғни жем-шөп мөлшері азайған кезде құлындардың өсуі мүлде тоқтап, көкке аузы тиісімен ағзасы ол үзілістің қайта қалпына келтіре алады.

Қазақы жылқысы.
Үйірлеп бағылатын қазақы жылқы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге туысқан республикаларда да көптеп өсіріледі. Қазақы жылқының осылайша көп жерге таралу себебі - олардың денесінің ерекше шымырлығы, ауа-райының қандай қатал жағдайынаболса да төзімділігі, жем-шөп талғамайтындығы және жыл бойы жайылымда бағылсада қоңдылығын сақтайтындығы. Қазақы жылқының мұндай қасиеттері қанына сіңген басты ерекшелігі. Қазақы жылқының басы үлкен, сағағы кең, көзі кішілеу дегенмен жеті көреді, мойны жуандау, тұрқы орташа, шоқтығы онша биік емес, көкірегі кең, қабырғалары ұзын келеді. Оның арқасы биік, шабы тар, аяқтары сіңірлі, жуан, сүйекті болады, сіңірлері мықты, білеуленіп тұрады. Тұяқтары кішілеу, бірақ қатты.

Салт мінілетін және жергілікті жылқы тұқымдары
Мініс жылқы тұқымдары Орта Азияда шығарылған. Алғашқы мініс тұқымдарының қатарына түрікмен (ахалтеке және иомуд) және иран жылқылары жатады. Мыңдаған жылдар бойы Орта Азия мен жақын Шығыс салт мінетін жылқылардың орталығы болып келеді. Және де Еуропа мен ТМД елдеріндегі мініс жылқы тұқымдарын шығаруға ең басты роль атқарды.
Тұқымдары
Өлшемдері, см
Шоқтығының биіктігі
Тұрқының ұзындығы
Кеуде орамы
Жіліншік орамы
Ақалтеке
154
156
172
18, 7
Иомуд
149
151
167
18, 6
Араб
152
150
177
18, 7
Терск
155
156
181
19, 0
Таза текті мініс
159
159
183
19, 4

Желісті және жегу жылқыларының тұқымдары
Мініс-жегу жылқы тұқымдары Ресейдің оңтүстік батыс аудандарында, Қазақстаннның және Орта Азия мемлекеттерінде тараған. Бұл тұқымдағы жылқыларды жергілікті далалық және тау жылқыларын батыс айғырлары мен жетілдіріп, тебінді және мәдени тебінді жағдайларында өсіру арқылы шығарған.
Тұқымдар
Дене өлшемдері, см
Шоқтығының биіктігі
Тұрқының ұзындығы
Кеуде орамы
Жіліншік орамы
Дон
162
164
195
20, 2
Буденный
162
163
189
20, 1
Қостанай
156
156
182
19, 6
Көшім
154
156
182
19, 2
Жаңақырғыз
150
154
181
19, 1
Қарабайыр
148
150
172
18, 8
Қабарды
153
155
188
19, 3

Ауыр жүк тартатын жылқылар.
Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары ХVІІІ-ХІХ ғасырларда шығарыла бастаған. Оған өндірістің және ауыл шаруашылығының дамуы себер болады. ХVІІІ ғасырда англияда - шайр, клейдестал және суффольск, ал ХІХ ғасырда Францияда - Пешерон, Белгияда - адрен және барбансон ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары шығарылған.
Ал біздің бұрынғы ТМД елде кеңес үкіметі жылдарында совет, орыс, владимир, литва ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары өсіріліп шығарылған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz