Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Презентация қосу
Презентация
«Зәр шығару
жүйесі»
Орындаған: ______________________
Тобы: ___________
Қабылдаған: _____________________
Зәршығару мүшелер
жүйесінің құрылысы
» Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза
енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың
соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз.
Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы
заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып
саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау
өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен
ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау
өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық
(қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан
шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.
» Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын
мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері,
ішек жатады.
» Зәршығару жуйесіне: 2 бүйрек, 2 несепағар,
бір куық және бір зәршығару өзегі жатады.
Зәр шығару
жүйесі
» Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен
жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат
алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа
шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін
қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын
өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы ортаға диффузия
арқылы немесе жиырылғыш вакуолялар көмегімен
шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су
жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз
қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер)
олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы
шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда,
сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және
полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр
шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий
түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы
сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан
тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр
шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі
орналасқан жұп түтікше). Моллюскілерде
мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын
целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр
шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін
түбінде орналасқан без).
Несеп шығару
жүйесі
» Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез еритін аммиак қиын
еритін гуанинге (өрмекші тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде,
бауырымен жорғалаушыларда, құстарда) айналады. Хордалылар арасында қабықшалылар мен
асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады. Омыртқалы жануарларда целомодуктадан бүйрек
құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. Омыртқалылардың
эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының
3 сатысы байқалады:
» бастама бүйрек (пронефрос),
» дене бүйрегі (мезонефрос),
» соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос).
Несеп-жыныс
жүйесі
» Несеп-жыныс жүйесі (мочеполовая система);
(systema urogenitalis, грек, systema — жүйе, urina
— зәр, несеп; genitalia — жыныс) — адам мен
жануарлардың филогенезі (ұзақ тарихи даму)
мен онтогенезінде (жеке даму тарихы) зәр бөлу
және көбею мүшелерінің біртұтас қалыптасқан
жүйесі. Несеп-жыныс жүйесі өз кезеңінде несеп
бөлу және көбею (аталық, аналық) мүшелері
жүйелеріне бөлінеді. Организмнің
онтогенезінде бастапқы бүйрек (пронефрос)
өзегінен ұрғашы дарақтарды жыныс жолдары
(жатыр түтігі, жатыр, қынап), ал аралық бүйрек
(мезонефрос) өзегінен еркек дарақтардың
жыныс жолдары (тұқым әкеткіш өзекшелер, ен
қосымшасының өзегі, шәует жолы, несеп
жыныс өзегі) дамиды. Несеп-жыныс жүйесі
мүшелерінің эпителий қабаттары мен бездерінің
паренхималары мезодерманың
нефрогонадотомынан, ал дәнекер ұлпалық
стромалары мезенхимадан дамиды.
Қуықтың
құрылысы
» Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті
мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да,
қуықтың да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың
бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың
сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке)
толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта
орналаскан.
» Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәршығару өзегінің
ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады.
Зәршығару өзегінің ішкі сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.
Бүйректің
құрылысы
» Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы
өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел
омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң
жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ
бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі
ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия
тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады.
Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
» Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды.
Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген.
Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің
құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron
-бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі
екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі деп аталады, ол
қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір
болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара
қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.
» Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды.
Бүйректің
қызметі
» Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған
зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.
» Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе
бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.
» Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
» Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
» Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.
» Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
» Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық
қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі
концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.
Зат алмасуының
қалдықтарын денеден
шығарудың маңызы.
» Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген
күрделі органикалық және минерал қосындылар
ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-
қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат
алмасуынан пайда болган қажетсіз қалдық заттары
клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады.
Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы
тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады.
Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың
ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері,
қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар,
мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір
тұздар , зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы
заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен
онда еріген тұздар , сүт қышқылы, хлорлы қосындылар
терлегенде термен шығарылады. Демек зат
алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын,
зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек,
қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене
тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты
тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық
үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы
өте зор.
Несептің түзілуі
және құрамы
» Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алгашқы несеп, ал екінші
кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы
жоғары, сондықтан қанның Сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде а л ғ а
ш қ ы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның
құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.
» Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий
иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп
қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі
екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп
нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан
бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.
» Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1. Нефронның капилляр
шумағындағы сүзілу (фильтрация). 2. Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3.
Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі.
Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т. б. заттар соңғы несепке қосылады және кейбір
улы заттар залал-сыздандырылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz