ИТ ОБАСЫ




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«ИТ ОБАСЫ»

Орындаған: Бедіш А., Белекбаева Ә., Жұмабаев Н.,
Сақтағанов М., Мырзаш Н.
Тобы: АП-10-8к3
Қабылдаған: Жаңбырбаев М.
Ит обасы
•Ит обасы (Рestis bovіum, чума крупного рогатого скота) - өлітию түрінде, кілегейлі
қабықтардың, әсіресе ішек - қарынның кілегейлі қабықтардың, ісініп өлі еттенуі, дене
қызуының көтерілуі арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін вирустық ауру.
•Тарихи деректер. Ауру туралы алғашқы жазба деректер біздің дәуіріміздің бастапқы
кезеңінде кездеседі. Оның жұқпалы екендігін Рамазини (1711) анықтап, кейіннен
М.Г.Тартаковский (1895) және Н.Ф. Гамалея (1896) дәлелдеді. Қоздырушысын 1902 ж.
Николь мен Эдилбей ашты. XIX ғ. аяғына дейін сиыр обасы лаң түрінде дуниежузіне кең
тарады. Қазіргі уакытта Евро¬па, Америка мен Австралияда байқалмайды. Африка, кейбір
Азия елдерінде ұшырасады.
Қоздырушысы
• Коздырушысы – Rinderpest morbilli virus –
кұрамында РНҚ бар парамиксовирустар
тұқымдастығының Morbillivirus
туыстастығына жататын вирус. Мөлшері 86-
126 нм, әр турлі формада және өлшемде
полиморфты келелді. Вириондарының басым
көпшілігі домалақ немесе сопақша, ал
кейбірі жіпше тәрізді болады. Сиыр
обасының, ит обасының және қызылшаның
вирустарының өзара ортақ антигені бар.
• Төзімділігі. Ит обасының вирусы сырткы
ортада онша төзімді емес, 60°С қыздырғанда
бірнеше минутта, тұрғын үй температурасы
жағдайында 3-4 тәулікте еледі. 20°С-та 3-6
айға дейін сақталады. Шіріген көңде тез
өледі. Жаздың күні өлекседе 20-30 сағат
аралығында жойылады, бірак, сүйек
майында 30 күнге дейін сақталады. Күннің
көзінде 30 сағ, ал жайылымда 36 сағ. ішінде
өледі.
Ит обасының індеттік
ерекшеліктері
•Оба қоздырушысының бастауы рөлін
денесінен вирусты нәжіс, несеп, сүт,
сілекей, танау мен көзден аққан сорамен
бөліп шығаратын ауырған және ауырып
жазылған малдар атқарады. Обадан
өлген малдың өлексесі, ауырып
пышаққа ілінген малдың еті, терісі,
ішек-қарыны арқылы да ауру жұғады.
Оба жұққанда тез жазылып кететін қой,
ешкі, антилопа, шошқа т.б. жануарлар
қоздырушының таралуының қауіпті
себепкері болады. Иттер, жыртқыш
аңдар, құстар өлексемен қоректенгенде
оба вирусын механикалық жолмен
тасымалдаушы ролін атқарады.
Қоздырушының малды күтетін адамдар,
көлік, жем-шөп, су, төсеніш арқылы да
таралуы мүмкін.
Ит обасының дерттенуі
• Алиментарлық жолмен енген вирус қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды. Ол
негізінен сөл түйіндерінде, сүйек майында, өкпеде, тыныс және ас қорыту
жолдарының кілегейлі қабықтарында кебейеді. Бұның нәтижесінде сепсиске
тән өзгерістер туындап, қан тамырларының зақымдануынан жаппай қанталау
байқалады. Ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтары ісініп, қан кернеп,
эпителийі еліеттеніп, сыдырылып, қызылшақаланып ойылады.
• Ішек қуысына қанның плазмасы сүзіліп өтіп, бүлінген эпителиймен бірге
қоймалжың жалқақ түзеді.
• Қанда бастапқы кезде лимфоцитарлық лейкоцитоз байқалып, соңынан
лейкопенияға, эозинопенияға, ядросы солға ауытқыған нейтрофилияға ұласады.
• Ішек-қарынның кілегейлі қабығы зақымдануы салдарынан ас қорыту
бұзылып, іш өтеді.
• Нәтижесінде организм өте тез сусызданып, ауру мал қатты арықтайды.
Негізінен қан айналымың бұзылуы мен жүрек қызметінің жетімсіздігі өлімге
әкеп соқтырады
Аурудың бастапқы белгісі
•Аурудың бастапқы белгісі - дене қызуының 41-42°С-
қа көтерілуі. Ыстық тұрақты болып, таңертеңгі
мезгілде ғана аздап (1°С мөлшерінде) төмендейде.
Жем-шөп жеуі саябырлап, шек-қарында атония
байқалады, шөлдей береді, сауын малдың сүті
қайтады, 2-3 күн өткенде ауыз қуысыньң кілегейлі
қабығында ауруға тән өзгерістер байқалады.
Бастапқыда қан кернеген телімдер, кейіннен бозғылт-
сарғыш дақтар пайда болады. Алғашқыда олар тығыз
болып, соңынан жұмсарып, бірнеше жерінен ойылады.
Ойылған жер алқызыл түсті, шеттері тегіс емес.
Ауыздан шұбырып сілекей ағады. Көздің
конъюнктивасы қызарып, қабақтары домбығып, көзден
жас ағады. Көздің мүйіз қабығы кей жағдайда
күңгірттенеді, кездің алдыңғы камерасында эссудат
жиналады. Ринит, вульвит, вагинит байқалады.
Жануар бастапқы 3-4 күнде қозбалы келеді, кейіннен
селқостық пайда болады. Жүні үрпиіп, бұлшық еті
босаңсиды. Тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілеп,
ентік пайда болады. Жөтеледі, кейбір бұлшық еттері
жыбырлап, жануар тісін шықырлатып, ыңыранады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері
•Өлексе өте арық. Кұйрығы мен санындағы тері нәжісімен былғанған. Тері асты шелі домбығып,
қан кернеген. Қан сұйылып, қара қошқылданып, нашар ұйыйды. Ауыз қуысының, аңқа мен
көмекейдің кілегейлі қабықтарында сұрғылт, сары қабыршақ бар, оның астында алқызыл
ойылым болады. Кұрсақ куысындағы сұйықтық қызғылт түсті. Шажырқай сөл түйіндері үлкейіп,
қанталаған. Ұлтабардың қа¬бырғасы қалыңдап, суланған, ішінде жағымсыз иісті коңырқай сұйық
болады, кілегейлі қабығы домбығып, қатпарланып, қанталайды.
•Өліеттенген эпителий сұрғылт-сары түсті қабыршақтанып, оңай сыдырылады, астында қызыл
шақа ойылым көршеді. Аш ішекің қабырғасы домбығып, қан кернеп, крупозды геморрагиялық
қабынуға ұшырайды, кілегейлі қабығы ойылып, ішектің ішінде фибринді бөлінділер кездеседі.
Тіс ішектің қабырғасы қанталап, өліеттенген ірімік массамен бүркеліп тұрады. Көкбауыр аздап
ұлғайып, капсула асты қанталайды.
Ит обасын балау
• Обаға диагноз індеттанулық, клиникалық, патологиялық – анатомиялық деректердің, зертханалық тексеру мен
бейім жануарларға қойылған биосынаманың нәтижелеріне негізделеді. Зертханалық балау вирусты ұлпа өсінінде
бөліп алу және оны бейтараптау реакциясы арқылы анықтау, вирустың антигенін өлген және сойылған
малдардың ағзалары мен ұлпаларында серологиялық жолмен (КБР, ДПР, ИЭОФР, ГАТР, ҚГАР, ИФР, ИФА) және
ауырып жазылған малдың қан сарысуында өзгеше антиденелерді серология¬лық реакциялар (КБР, БР, ДПР, ҚГАР,
ИФА) бойынша анықтау аркылы іске асырылады.
• Обаны зілді қатарлы қызбадан ажырату қажет. Сонғы ауру жұғымтал емес, ұзакка созылады, бірен-саран мал
ғана ауырады, көздің өзгеше зақымдануымен (диффузды кератит, фибринозды ирит) ерекшеленеді.
• Сонымен қатар, вирусты энтериттен (індет баяу өрбіп, ауру жеңіл өтеді, арнайы вирусологиялық тексерудің
нәтижесі негізге алынады), пастереллезден (ауыздың кілегейлі қабығы зақымданбайды, бактериологиялық
тексеру оң нәтиже береді) ажыратады.
Ит обасы ауруынан арылу
және одан сақтану
шаралары
• Обаға шалдыққан сиырларды бөліп алып, емдейді. Ауру сыр тұрған жер
дезинфекцияланады.
• Сиыр обасы болып тұратын аудандарда, питомниктерде итке вакцина егіледі.
• Аң шаруашылықтарында және ит питомниктерінде барлық жануарларды
обаға қарсы жыл сайын егу қажет. Аналық аңдарды ылығуынан бір ай бұрын, ал
күшіктерін 2 айдан кейін егеді. Жеке меншіктегі иттер мен терісі бағалы
аңдарды да жыл сайын егеді. Оба мен құтырыққа комплексті вакциналау
ұсынылған. Бұндай әдіс оба мен парвовирусты энтеритке қарсы егу үшін де
қолданылады.
• Оба шыққан шаруашылыққа, фермаға, елді мекенге, көшеге карантин
қойылады. Карантин қойылған жерде обаға бейім жануарларды әкелуге, әкетуге,
орнын ауыстыруға, әртүрлі хирургиялық операциялар жасауға тиым салынады.
Ауырған және күдікті жануараларды оқшаулап емдейді немесе өлтіреді. Сау
жануарларды жасына қарамай обаға қарсы егеді.
Шаруашылықтағы
індеттанулық
талдау мен бақылау
• Індеттанудың негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру
байқалған сәтте індеттанулық талдау арқылы ауруға балау
қою мен қатар індеттанулық балау қойылады. Ауруға балау
қою дегеніміз (нозологиялық балау) кай ауру екенің анықтау
болса (мысалы, аусыл, немесе топалаң), індеттанулық балау-
байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан толық
сипаттама беру болып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір
буынын, індет ошағының ерекшеліктерін анықтайды. Бұл
әдіс арқылы аурудың себептері, таралу жолдары індет
ошағының қалыпты жағдайлары айқындалады. Осындай
талдау жүргізу барысында клиникалық,
патологоанатомиялық, бактериологиялық, вирусологиялық,
серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Барлық алынған мәліметтер індеттанулық талдау актісінде
қорытындалады. Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар
белгіленеді.
• Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру
байқалған кезде ғана емес, бұрын жұқпалы аурудан таза
емес шаруашылықта да, жұқпалы аурудан таза
шаруашылықта жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты
аурудан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы
сауықтыру шараларының нәтижелілігін анықтау болса,
аурудан таза шаруашылықта сақтық шараларына баға беру.

Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал және шошқа обасы
Етқоректілердің обасын гепатиттен ажыратып балау
Біріктірілген иммун тапшылығы
КӨЗ АУРУЛАРЫНЫҢ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Денедегі белоктың несепке араласып сыртқа шыгуы
Етқоректілер обасы
Оба қоздырғышы
Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы
Патогенділігі бойынша микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы
Ет және ет өнімдерін соттық ветеринарлық-санитарлық сараптау
Пәндер