Қақпандар және олардың сипаттамалары. Қақпандардың жіктелуі. Жұмыс істеу принциптері, негізгі жұмыстары мен жіктелуі




Презентация қосу
Презентация

«Қақпандар және олардың сипаттамалары.
Қақпандардың жіктелуі.
Жұмыс істеу принциптері, негізгі
жұмыстары мен жіктелуі»

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Кіріспе
Халқымыз бағы замандардан бері қақпан құрып, тор жайып, түз тағыларын ұстап
азық ететін, қолға үйрететін болған. Қақпанның пайда болуы сонау темір құралдар
дәуірінен басталғаны шындық. Ол кезде мылтық сияқты қарулар болмағандықтан,
қақпан арқылы аң аулаған. Қақпан асыл болаттан соғылып жасалатын аң аулау
құралы. Қақпанның астыңғы дөңгелек шеңберін төсегі, шабатын екі жарты
шеңберін қанды ауыз, екі жағындағы иіліп келетін серпу күшіне ие екі асыл темірді
серпер дейді. Ағаштан жасалған тиектейтін тиегі болады. Қақпанды шынжыр
арқылы жерге, ағаш тамырларына бекітеді. Қақпан мен шынжырдың қосылған
жеріне айналсоқ орнатылады, қақпанның астына топырақ түсірмей тосып тұратын
құрым киізді жапқы деп атайды. Ққақпан сөзі «қақ-пан» тіркесінен қалыптасып,
бірте-бірте кірігіп қақпан болып аталып кеткен. Қазақ қақпандары аю қақпан, бұғы
қақпан, қасқыр қақпан, теке қақпан, елік қақпан, суыр, борсық, сусар қақпан, қоян
қақпан, қарға қақпан сияқты көп түрге бөлінеді. Аю, бұғы сияқтыларға құрылатын
қақпанның қанды ауызы ара жүзды қос серперлі болса, елік, теке, борсық
сияқтыларға құрылатын қақпан қос серперлі, бірақ қанды ауызы ара жүзды
болмайды. Ал, қарға, қояндарға құрылатын қақпан бір серперлі болып келеді.
Қырғауыл, елік, қоян қатарлылардың аяғын жараламай алу үшін кейде қақпанның
қанды ауызына киіз орап құратын да жағдай кездеседі.
Сипаттамасы
Қақпан – аңшылық құралы. Темірден жасалады.
Бала Қ. қарсақ, түлкі, суыр, т.б. ұсақ аңдарды
ұстауға, ал қазақ Қ. мен тісті Қ. қасқыр, аю,
сілеусін, қабылан аулау үшін құрылады.
Қақпан сөзінің анықтамасы
Аң аулауға қолданылатын темірден жасалған, шаппалы құралды қазақ тілінде осылай
атайды. «Жолда бұларға қақпан байланған екі адам кездесті («Лен. жас»). Сөз төркінін түркі
тілінің өздерінен табамыз. Якут тілінде «хап» (Э. Пек., СЯЯ, 1959, III, 3318), туба-кижи
тілінде де дәл осы тұлғалы сөз (А. Бас., ДЧТ, 1966, 125) «ұстап алу», «шап беріп ұстау»
мағыналарында айтылады. Құралдың осындай іс-әрекетіне байланысты -қан жұрнағын
қосып «қагіқан» атауын берген. Біздің тілімізде оның «қақпан» тұлғасында керінуін тілдегі
метатеза (дыбыстардың орын ауыстыруы: (қолқап — қолбақ) құбылысынан деп қараған жөн
Түрлері
Қақпандар - қақпан құру шынжырлы құру және жер тиекті құру
деп екі түрге бөлінеді. Ұзын шынжырмен қақпанды жерге қазық
арқылы немесе ағаш тамырларына бекіту арқылы құру шынжырлы
құру деп аталады. Ал, қақпанның астын 50-70 сантиметр қазу
арқылы қысқа шынжырмен жер астына көлденең ағаш байлап құру
жер итиек етіп құру деп аталады. Бұлай болғанда киік
жараланбайды және өлмейді. Кейде елікке тоқпақты қақпан да
құрылады. Бұл _ қақпанға белгілі салмақтағы тоқпақты байлап
қана қоятын әдыс. Мұнда елік тоқпақты сүйретіп, жақын аралықта
жүре береді. Аштан арам өліп қалмайды, ұзаққа кете алмайды.,
кейде тоқпақ ағашқа ілініп те қалады. Бұл әдыс _ қақпанды он
шақты күнде бір рет көретіндердің құру әдысы. Әдетте қақпанды
құрғаннан кейін 3-5 күнде бір рет аралап көріп тұрады. Аптасына
бір, он күнде бір көретін кездер де болады.
Қақпан құру
Бүркіт ұстаудың тағы бір түрі қақпан құру. Оның бір-неше түрі бар. Суыр,
түлкіге құрылатын қақпанның серіппесін бостау етіп, қанды аузына киіз орап
дайындайды. Сонда ғана ол түскен құстың жіліншігін жарақаттамайды.
Қақпанды тау қойнауларына құрып, ауыр тоқпақ байлайды. Жанына қыранқара,
сарша, ақсары, кезқұйрық сияқты құстарды байлап, жем жұлғызып, қоян
түттіріп қояды, айналасына кесек еттер тасталады. Алыстан жем жеп отырған
құсты көріп, түз бүркіт іркілмей келіп, жем жеймін деп қақпанға түседі. Бұл
тәсілдің тағы бір түрі - жемтік айыру. Түзде бүркіттің өзі ұстап, олжасын басып
жеп отырғанын көрген құсбегі бүркітті үркітіп жіберіп, дереу жемтік
айналасына қақпан құрып кетіп қалады. Ал бүркіт болса өзі тастай қашқан
олжасына қайтып оралып, жемтікті әрі-бері жұлқып жүріп қақпанды басады.
Құс кейде қалықтап ұшып, сүзе қағып жүріп шабыттанса, кейде міз бақпай
отырып алып, аң-құсты аңдитын қылығын бақылаған құсбегілер құстың
көбірек, жиі отыратын орнына қолдан тас оба үйеді. Төбесіне құм төгіп, шөп-
шалам тастап, оған жасырып қақпан құрып, қапыда қыранды қақпанға түсіреді.
Мұны «оба жию», «обаға қақпан құру» деп атайды.
Аю қақпан
Аю қақпан - аю ұстауға арналған көлемі үлкен қақпан түрі. Аю қақпанының тісі екі
түрлі: бірі - ара тісті, екіншісі - айқаспалы қабан тісті. Мұндай қақпанның серперіне
айталсоқ салынып, шығырығына шынжыр, ұшына үлкен тоқпақ байланады. Өр Алтайда
тұратын аңшы Қ.Өздепбайұлы туралы деректі хикаяда аюға қақпан құруды былай
суреттейді: «Құрастыру үшін, алдымен бір жаң серперге шынжыр іліп, онан соң
серпердің ұңғылы басын шаппа жақтауына кигізіп тұрып, жақтаудың тесігінен бақай
қарғашасының іш жағына салып мұрындықтап, онан соң мұрындықтың басын мықты
етіп тойтарып тастайды. Серпер басының жақтауға киіліп тұрған шығырыңша ұңғысы
қашан құрылып шақанда іркіліссіз жоғары-төмен сырғитын болады. Ең соңғы
мұрындық бекітілген соң қақпан құрастырылып болды деген сөз».
Аю қақпан құру
Аю қақпанын құрған кезде қауіпсіздік үшін құлып деп аталатын қосымша
құрылғыны пайдаланады. Ол кұлыпқа онша ұқсамайды, керісінше, сабы және
ұңғысы бар. Серпер бүктелген кезде құлыптың ұңғысын сыртынан кигізіп,
серпердің түбіне дейін сыналап апарады. Содан кейін тиекті әбден бекітіп,
қакпанды құрып алғаннан кейін ғана кұлыпты серперден алып тастайды. Аю
қақпанды аю ізі түскен жерге апарып кұрады. Аю ұстаған аңын қашықтау жерге
апарып көміп, үстіне бастырып, жан-жағын шөп-шаламмен көміп ізін жасыратын
әдеті бар. Ондайда қақпан құратын аңшы алдымен жемтіктің үстіне қарағай
бұтақтарынан күркеше жасайды. Жығылған ағашты қақпанның шынжырын
байлайтын тоқпақ етіп бекітеді. Алыстан бақылағанда күркеше бұзылса қақпанға
аю түскенін білдіреді. Қақпанды сүйретіп кетеді де, көбінесе әлсіреген кезде
қақпанның шынжырлы тоқпағы өсіп тұрған ағаштарға ілінеді. Кейде, қақпанды
сүйретіп, жығылған ағаштың жерге тиген бауырына шынжыры қыстырылып,
арқандалып қалады. Бұрын қақпанға түсіп кұтылған аю болса темірдің исін және
қақпанның шабылатынын біліп, серперінен ұстап сырғытып қоятындары да болады
дейді мәлімет беруші аңшылар. Қақпанға түскен аю маңайындағы ағаш, шілік,
шөптің барлығын жапырып тастайды. Аю қақпанға түскенін анықтаған соң
оншақты мықты жігіт жиналып, қолына мылтық немесе сойыл мен балта ұстап,
соғуға барады. Мұндайда, аю айбар көрсетіп, тік шапшып, адамды көрген кезде
ашуланып бұлқынып, шынжырындағы тоқпақты аю өзі тартып суырып алып,
адамдарға қарсы ұмтылуы да мүмкін. Бір-бірлеп оңтайлы бір жерді таңдап алып,
аюға жақындап, қарсы ұмтылып тұрған аюды сойылмен ұрып, өткір айбалтамен
шауып жібереді. Осылайша құлаған аюды сойып, ет, майын бөліп алады.
Қорытынды
Қазақ халқы ұлы табиғатты жанындай аялаумен бірге, ұлы табиғаттың
төл тумаларын лайықты пайдалана білген. Оларды аулау үшін
қақпаннан, тордан пайдаланған, ұра қазып та ұстаған. Кейбіреуінің етін
азық етсе, кейбіреуінің терісін керекке жаратқан. Аю төсеніш, ілбіс
ішік, сусар ішік, құндыз бөрік, түлкі тұмақтар қақпаншылықтың
нәтижесі екені анық. Міне, қазақ қақпаншылығы өзіндік форма, өзіндік
әдыс-амалдармен жүрілетін мұрамыз болып табылады. Атамыз қазақ
сонау ертеде, осы қақпан арқылы түз тағыларын қолға үйретіп, төрт
түлік мал етіп өсірген де болатын. Қақпан арқылы өздерінің өзектерін
жалғап, тірлігі үшін азық, киім етіп пайдаланған да болар.

Ұқсас жұмыстар
Құстардың ұясы
Өлшеу және өлшеу құралдарын жіктеу
Өндіріс және өндіріс жүйелері
Программалық жабдықтамалар
Процестер және аппараттар курсының пәні
Бейсызықты автоматты басқару жүйелері
Оқыту формалары,әдістері,құралдары ТПҮ қозғаушы күші ретінде
Тексеру сабағы
БАЙЫТУҒА АРНАЛҒАН АППАРАТ
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы
Пәндер