Қан жасаушы мүшелер
Презентация қосу
Презентация
«Қан жасаушы
мүшелер»
Қан түзілуі
• Қантүзілу — қан жасушаларының түзілу, даму
және толық пісіп жетілу процесі, яғни қан
жасушаларының адам мен жануарлар
организмінде белгілі бір қызмет атқаруға
маманданған жасушаларға айналғанға дейін,
көпсатылы дамудан өтетін күрделі процес.
Омыртқасыз жануарларда қан жасау
мүшелерінің жетілмеуіне байланысты қантүзілу
негізінен қуыстық сұйықта және қанның өзінде,
ал адам мен омыртқалы жануарларда бұл
процесс қан жасау мүшелерінде жүреді. Қан
фтірі ұлпа ретінде ұрықтық кезеңде дамып
жетіледі. Ал іштегі төл (нәресте) туғаннан соң,
қанда негізінен физиологиялық қалпына келу
процесі жүреді. Осыған байланысты
қантүзілудің екі түрі ажыратылады. Олар:
ұрықтық және туғаннан кейінгі қантүзілу.
Қан түзу
мүшелері
• Қантүзу мүшелері (organa haemopoetica, гр. organon — мүше, haima,
haemo — қан және poiesis - түзу) — қан жасушалары түзілетін мүшелер.
Қантүзу мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), лимфа
түйіндері, көкбауыр, құстарда фабриций қапшығы, ас қорыту және
басқа да түтікше мүшелердің кілегейлі қабығында орналасқан лимфа
түйіншелері ( митоздықминдалина — бадамша без, ішек лимфа
түйіншелері) жатады. Орталық қан жасау мүшелеріне сүйектің қызыл
кемігі, тимус, фабриций қапшығы, ал қалғандары шеткі қан жасау
мүшелеріне жатады. Қантүзу мүшелерінің негізін (строма) ретикулалы
ұлпа, ал тимус пен тың-торлы эпителий құрайды. Қантүзу
мүшелеріндегі діңгекті және жартылай діңгекті жасушалардан қан
жасушалары ( эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) дамиды.
Қантүзу мүшелерінде — қантүзу процесімен қатар қорғаныс қызметі де
іс жүзіне асады.
Гемопоэз
• Гемопоэздың эмбриональдық және постэмбриональдық
түрлерін ажыратады.
• Эмбриональдық гемопоэз – қанның тін ретінде дамуы.
• Постэмбриональдық гемопоэз - қанның физиологиялық
және репаративті қалпына келуі.
• Даму жасушаларының түріне байланысты келесі түрлерін
ажыратады: эритроцитопоэз, гранулоцитопоэз,
тромбоцитопоэз, моноцитопоэз, лимфоцитопоэз.
• Эритропоэз —эритроциттердің дамуы. Даму барысындағы
эритроциттердің мөлшеріне байланысты олар екіге
бөлінеді: нормобласттық және мегалобласттық.
Нормобласттық эритропоэз барысында көлемі, құрылысы
және құрамы қалыпты ядросыз эритроциттер дамиды
(нормоциттер), бұл онтогенез барысында эритропоэздің
басым түрі. Мегалобласттық эритропоэз барысында
көлемі үлкен эритроциттер дамиды (мегалоциттер),
құрамында эмбрионалдық гемоглобин болады.
Эритропоэздің бұл түрі ерте эмбриогенезге тән, ол тез
нормобласттық қан түзуге алмасады. Эритропоэздің
мегалобласттық түрі постнаталды кезеңде қаназдықтың әр
түрінде кездесуі мүмкін (пернициозды және т.б.)
Эмбриональдық
гемопоэз
• Мерзіміне және өту орнына байланысты 3 кезеңге бөлінеді:
• 1. Ұрықтан тыс - эмбриогенездің 1-2 айы
• 2. Гепато-тимо-лиенальды - эмбриогенездің 2-5 айы
• 3. Медуло-тимо-лимфатикалық - эмбриогенездің 5-10 айы
• Бірінші (ұрықтан тыс) кезең
• Ол сары уыз қапшығында өтеді. Сары уыз қапшығының қабырғасы 2
қабаттан тұрады: ұрықтан тыс энтодермадан және ұрықтан тыс
мезенхимадан. Мұнда жасушалардың бөліну нәтижесінде қан
аралшықтары қалыптасады, олардың жасушалары екі бағытта
дифференцияланады: ангиобласттар, аралшықтың шетінде орналасқан,
эндотелийге айналады және алғашқы қан тамырларының қабырғасын
құрайды; аралшықтың ортасында орналасқан дің жасушалары алғашқы
қан жасушаларына — бласттарға айналады.
Эмбрионалдық гемопоэздің ұықтан
тыс кезеңінің келесі ерекшеліктерін
ажыратады:
• 1. Гемопоэз ошақтары ұрықтың денесінен тыс орналасады, провизорлы мүшенің мезенхимасында —
сары уыз қапшығының.
• 2. Гемопоэз бір мүшеде орналасады — монотерриториальдық. Кейінгі кезде гемопоэздің амнион және
хорион мезенхимасында өтетіні туралы мәліметтер пайда болуда, бірақ олардың эмбрионалдық
гемопоэздегі маңызы толық зерттелмеген.
• 3. Гемопоэздің бір бағытта басымырақ өтуі: эритропоэз- мегалобласттық, ядролы және ядросыз
мегалоциттердің дамуы.
• 4. Интраваскулярлық гемопоэздің басым болуы.
• 5. Гемопоэзді индуктивті әсерлер (сары уыз энтодермасынан) және гуморальды факторлар реттейді.
Екінші кезең (гепато-
тимо-лиенальды).
• Эмбриогенездің 5-6 аптасында өтеді. 2-ші айда дің жасушалары бауырда, көк бауырда, тимуста орнығады,
және бұл мүшелерде қанның барлық пішіндік элементтері дами бастайды.
• Бауырда сары уыз қапшығынан келген дің жасушаларынан экстраваскулярлы нормоциттер, гранулоциттер
(нейтрофилдер және эозинофилдер), мегакариоциттер — тромбоциттер дамиды. Бауырда қан түзу
эмбриогенездің соңына қарай біртіндеп тоқтайды, бірақ туғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Патология
кезінде (анемиялар) бауырда гемопоэз қайта басталуы мүмкін (патологиялық экстрамедуллярлық гемопоэз).
• Көк бауырда гемопоэз эмбриогенездің 4-ші айымен 8-ші ай аралығында өтеді. 4-5 айда ол универсальды қан
түзу мүшесі болып табылады. Онда экстраваскулярлы барлық қан жасушалары түзіледі. Эритроциттердің,
моноциттердің, мегакариоциттердің, гранулоциттердің дамуы басымырақ эмбриогенездің 5-ші айында өтеді,
кейін миелопоэз белсенділігі төмендейді, ал туар алдында көк бауырдың негізгі қызметі лимфоциттердің
түзілуі болып табылады — лимфоцитопоэз.
• Тимуста гемопоэз эмбриогенездің 7-8 аптасында басталады. Бұл уақытта тимустың эпителиалдық
стромасында алғашқы лимфоциттер пайда болады. Олардың саны біртіндеп көбее бастайды және
жасушалардың рецепторлары пайда болады. Тимуста Т — лимфоциттердің әр түрі дамиды. Т —
лимфоцитопоэзге тимозин реттеушілік әсер етеді. Т — лимфоцитопоэз эмбриогенез соңында және ерте
балалық шақта қарқынды өтеді. 3 жастан 20 жасқа дейін бұл үрдіс тұрақтанады, ал кейін біртіндеп
төмендейді. Бірақ аз мөлшерде өмір бойы сақталады. Тимуста түзілген Т — лимфоциттер кейін шеткері
иммунндық жүйе мүшелерінде орналасады — лимфалық түйіндер мен көк бауырда.
Қан түзу лимфа
түйіндерінде.
• Лимфа түйіндері эмбриогенездің 8-10 аптасында қалыптаса бастайды. Дің
жасушаларынан эритроциттер, гранулоциттердің барлық түрлері және
мегакариоциттер дами бастайды.
• Аталған мүшелер екінші кезеңде негізгі қан түзуші мүшелер болып табылады.
Бірақ олармен қатар гемопоэз аз мөлшерде терінің, бүйректің, өкпенің
дәнекер тінінде өтеді, туған соң патологялық жағдайларда бұл мүшелерде
экстрамедуллярлық қан түзудің патологиялық ошақтары пайда болады.
• Сонымен, эмбрионалдық гемопоэздің екінші кезеңіне келесі ерекшеліктер тән:
• 1. даму сатысындағы қан жасушаларының диапазонының кеңейуі
• 2. гемопоэздің экстраваскулярлық түрі
• 3. гемопоэздің көптеген мүшелерде орналасуы
• 4. диффузды қан түзуден ошақты қан түзуге өту
• 5. универсальды қан түзу мүшесінің қалыптасуы (көк бауыр)
• 6. организмнің реттеушілік жүйесінің қалыптасуының нәтижесінде қан түзуді
реттеу механизмдерінің біртіндеп күшейуі.
Үшінші кезең
(медулло-тимо-
лимфатикалық).
• Эмбрионалдық гемопоэздің медулло-тимо-лимфатикалық кезеңі шамамен
эмбриогенездің 5 айынан басталып туғанға дейін жалғасады. Біртіндеп универсалды
қан түзу мүшесі қызыл жілік майы болады және гемопоэз екіге бөлінеді:миелопоэз,
лимфопоэз. Қызыл жілік майының мезенхимасы ретикулярлық тінге айналады, онда
эритроциттер, гранулоциттер, моноциттер және мегакариоциттер, В-лимфоциттер
дамиды. Қызыл жілік майында дің жасушаларының басым мөлшері орналасады
(қызыл жілік майының барлық жасушаларының 0, 05%).
Постэмбрионалдық
гемопоэз
• Постэмбрионалдық қанжасау арнайы гемопоэтикалық тінде – миелоидты тінде өтеді. Бұл қанның
физиологиялық қалпына келуі болып табылады. Миелоидты тінде эрироциттер, моноциттер,
тромбоциттер лимфоциттердің бастапқы түрлері дамиды. Лимфопоэз лимфоидты тінде жүреді де негізгі
үш қызмет атқарады: лимфоциттердің дамуы, плазмоциттердің пайда болуы, зақымданған жасушаларды
және олардың қалдықтарын аластау.
• Миелоидты және лимфоидты тіндер дәнекер тіндерге жатады. Олар екі жасушалар туындыларынан
тұрады: ретикулярлық тіннің жасушалары және гемопоэтикалық жасушалар. Ретикулярлық тінде келесі
жасушаларды ажыратады: фибробластылар сияқты және макрофагтар. Ретикулярлық тіннің ішінде
орныққан гемопоэтикалық элементтер полипотентті қанның дің жасушасынан дамиды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz