Қаңқа бұлшықеті




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:

«Қаңқа бұлшықеті

• Орындаған: Сейіт Е.
• Тобы: АП-14-7к1.
• Қабылдаған: Абдуалиева А.
Қаңқа бұлшықеттері
• Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ
бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан
тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі будаланып орналасқан талшықтардың арасында
қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса,
жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер
ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол
бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге
бекінеді. Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері буындардың екі жағындағы сүйектерге
бекінеді. Сіңірлер өте мықты болғанымен, жиырылуға қабілетсіз.[
Біліктік қаңка бас, мойын, тұлға және кұйрық
қаңқалары болып төрт бөлімге бөлінеді.
• Бастың қаңқасы — бассүйек (череп) — cranium — екі бөліктен тұрады. Олар: ми сауыты (cranium cerebrale,
s. neurocranium) және бет бөлімі (cranium viscerale, s. splanchnocranium).

• Мойынның қаңқасын үй жануарларында 7 мойын омыртқалары (vertebrae cervicales) құрайды.

• Тұлға қаңқасы өз кезегінде көкірек, бел және құйымшақ бөлімдерінен құралған. Көкірек керегесінің (thorax)
қаңқасын көкірек омыртқалары" (vertebrae thoracicae), қабырғалар (costae) және төссүйек (sternum), бел
бөлімінің қаңқасын бел омыртқалары (vertebrae lumbales), ал құйымшақ бөлімінің қаңқасын құйымшақ
омыртқалары (vertebrae sacrales) немесе құйымшақ сүйегі (os sacrum) кұрайды. Құйрықгың қаңқасы құйрық
омыртқаларынан (vertebrae caudales) тұрады. Мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық омыртқалары
бірігіп, омыртқа бағанын — columna vertebralis — түзеді.
Шеткі қаңқа
• Шеткі қаңқа алдыңғы жөне артқы
аяқтардың сүйектерінен кұралған. Аяқтар
қаңқасы өз кезегінде белдеу және еркін
қозғалатын бөлімдерге бөлінеді.
• Алдыңғы аяқтағы иық белдеуінің (cingulum
membri thoracici) каңқасын үй
жануарларында жауырын (scapula),
маймылдар мен мысық тұқымдас
жануарларда жауырын және бұғана
(clavicula), ал құстарда жауырын, бүғана
және құс тұмсықша (коракоид) сүйегі (os
caracoideum) құрайды.
• Артқы аяқтағы жамбас белдеуінің (cingulum
membri pelvini) қаңқасы — жамбас сүйек.
Ол үш: мықын сүйек (os ilium), шонданай
сүйек (os ischii), шат сүйектердің (os pubis)
тұтаса байланысынан түзілген.
Бет бұлшық еттері:
• 1. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті (m.orbicularis oris) – жоғарғы және төменгі еріндердің негізін құрап, тері мен кілегейлі
қабықтың аралығында орналасады.
• Қызметі: еріндерді бір-біріне тартып, ауыз саңлауын жабады.
• 2. Ұрт бұлшық еті (m.buccinator) – жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің сыртқы беттеріне бекіп, ұрттың негізін құрайды.
• Қызметі: шайнау кезінде азықты жылжытып, азу тістерге салуға көмектеседі.
• 3. Бет бұлшық еті (m.zygomaticus) – бет доғасынан басталып, езуде аяқталады.
• Қызметі: езуді артқа және жоғары тартады.
• 4. Мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық ет (m. levator nasolabialis) – маңдай және мұрын сүйектерінен басталып, мұрын
қанаты мен жоғарғы ерінде аяқталады.
• Қызметі: жоғарғы ерінді көтеріп, мұрын тесіктерін кеңейтеді.
• 5. Сойдақ тіс бұлшық еті (m.caninus) – жоғарғы жақ сүйектің бүйір бетінен басталып, мұрын қанаты мен жоғарғы ерінде
аяқталады.
• Қызметі: Мұрын тесіктерін кеңейтеді
• 6. Жоғарғы ерінді арнайы көтергіш бұлшық ет (m.levator labii superioris proprius) – көзжасы және бет сүйектерден
басталып, жоғарғы ерінде аяқталады.
• Қызметі: жоғарғы ерінді көтереді.
• 7. Жоғарғы ерінді түсіргіш бұлшық ет (m.depressor labii superioris) – сойдақ тіс бұлшық етімен бірге басталып, жоғарғы
ерінде аяқталады.
• Ерекшеліктері: бұл бұлшық ет жылқыда болмайды.
• Қызметі: жоғарғы ерінді төмен тартады.
• 8. Төменгі ерінді түсіргіш бұлшық ет (m.depressor labii inferioris) – ұрт бұлшық етімен бірге басталып, төменгі ерінде
аяқталады.
• Ерекшеліктері итте болмайды.
• Қызметі: Төменгі ерінді төмен тартады.
Иық белдеуінің бұлшық еттері
• Иық белдеуінің бұлшық еттері – алдыңғы аяқты, атап айтқанда
жауырын мен тоқпан жілікті тұлғаға бекітеді.
• Жауырынды тұлғамен байланыстыратын бұлшық еттер:
• 1. Трапеция тәрізді бұлшық ет (m.trapezius) – мойын және арқа
бөліктерінен тұрады..
• Қызметі. Трапеция тәрізді бұлшық еттің мойын бөлігі
жауырынды алға және жоғары, ал арқа бөлігі – артқа және
жоғары қарай қозғайды.
• 2. Ромбы тәрізді бұлшық ет (m.romboideus) – мойын және арқа
бөліктерден тұрады. Бұлшық ет трапеция тәрізді бұлшықеттің
астында орналасады. Қызметі. Ромбы тәрізді бұлшық ет пен
трапеция тәрізді бұлшық ет бір бағытта қызмет атқарады, яғни
олар синергист бұлшық еттер. Ол жауырынды айналдыра
қозғалтып, алдыңғы аяқтың қозғалысына қатысады. Ал алдыңғы
аяқ жерге нық басылып тұрған кезде ол жауырынды тұлғаға
бекітіп, мойынды жоғары көтеруге көмектеседі.
• 3. Иық - атлант (атлант - акромион) бұлшық еті
(m.omotransversarius s. m. atlantoacromialis) – атлант қанатынан
басталып, жауырын акромионында аяқталады.
• Қызметі. 4. Тісше вентральды бұлшық ет (m.serratus ventralis) –
мойын және көкірек бөліктерден тұрады. Қызметі. Тұлғаның екі
жағындағы аттас бұлшық еттер бірігіп, тұлғаны жауырын
аралығына асып тұрады. Мойын бөліктері мойынды көтеруге, ал
желке жиырылғанда олардың әрқайсысы мойынды өз жағына
қарай июге қатысады.
Тоқпан жілікті тұлғаға бекітетін
бұлшық еттер:
• 1. Иық-төс-бас бұлшық еті (m.brachiosternocephalicus) – екі: иық-бас және төс-бас бұлшық еттерінен
тұрады.
• А) Иық-бас бұлшық еті (m.brachiocephalicus) – тоқпан жілік қырынан басталып, шүйде және самай
сүйектері мен желкеге барып аяқталатын жалпақ бұлшық ет.
• Қызметі: Иық - бас бұлшық еті иық буынын жазу арқылы алдыңғы аяқты алға қарай қозғайды. Ал
алдыңғы аяқ жерге нық басылып тұрған жағдайда, бас пен мойынды төмен түсіреді.
• Б) Төс - бас бұлшық еті (m.sternocephalicus) – төс тұтқасынан басталып, самай және төменгі жақ сүйек
бұрышына барып аяқталады.
• Қызметі. Бұлшық ет жиырылғанда төменгі жақ сүйекті төмен түсіріп, ауыздың ашылуына көмектеседі
және басты сәл ғана өз жағына бұрады.

Ұқсас жұмыстар
Дененің еркін қимылы
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
Бұлшықет жиырылу түрлері
Химиялық­ токсикологиялық зерттеулерге сынама алу қағидасы және оны жеткізу талабы
Адам басының құрылысы
Бұлшықет тінінің түрлері
Жасушалық регенерация
Бұлшықеттердің жиырылу түрлері
Адам миының, көзінің және дам сезу мүшесінің құрылысы
Жүрек ырғағы
Пәндер