ҚАРАСАН АУРУЫ


Slide 1

Презентация «Қарасан ауруы»

Орындаған: Амангелді А. Амантай А.

Әбілдә А. Байғозиев С.

Тобы: АП-12-8к2

Қабылдаған: Құлтаева А.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Slide 2

Қарасан ауруының шығу тарихы

Ауру біздің дәуірімізден көп бұрын белгілі. Ертедегі араб дәрігерлері "парсы күйдіргісі", ал грек және рим ғалымдары "текті күйдіргі" деп атаған. Орта ғасырларда топалаң қырғын індет ретінде көптеген Европа және Азия еддерінде байқалып тұрды. Ресейде аурудың "сибирская язва" аталуы Сібірде қызмет еткен дәрігерлер А. Эшке және Н. Ножевшиков /1758/ адам мен малда осы дерттін ғылыми сипаттамасын беруіне байланысты болатын.

Қарасан ауруының қоздырушысын Германияда Поллендер /1849/, Францияда Райне мен Давен /1850/ өлген малдың қанынан тапты. Бұл микробтың қоректік ортадағы таза өсіндісін 1876 ж. Р. Кох бөліп алды да, оның спора түзетіндігін анықтады. Л. Пастер /1881/ бірінші болып жануарларды осы микробтың әлсіретілген өсіндісі арқылы вакциналау мүмкін екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл әдіспен вакцина дайындауды Ресейде П. С. Ценковский /1883/ іске асырды. 1944 ж. Н. Н. Гинзбург СТИ вакцинасын, ал 1956 ж С. Г. Колесов пен басқалар ГНКИ гидроокись аллюминий вакцинасын ұсыңды.

Slide 3

Қарасан ауруының анықтамасы

Қарасан - негізінен ірі қараның жіті өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сондай-ақ сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді.

Slide 4

Аурудың қоздырғышы

Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады.

Түйіршектері өте төзімді келеді, топырақта бірнеше жыл, қида, бұлшық еттер шіріндісінде 6 айға дейін күшін сақтайды. Тура түскен күн сәулесінен 24 сағатта күшін жоюды. Екі сағат қайнағанда залалсызданады. Ең тиімді залалсыздандыру ерітіндісі 4 пайыздық формальдегид. Негізінен бұл аурумен 4 жасқа дейінгі ірі қара мал ауырады. Сирек те болса қой-ешкі, бұғылар да ауырады.

Slide 5

Аурудың таралу көздері

Аурудың таралу көздері ауру малдар және микроб спораларымен залалданған топырақ, шөп, жайылым, ақпайтын батпақты су көздері (көл, тоған т. б. ) болып саналады.

Ауру алиментарлық жолмен (жем-шөп, су ішу, жайылу кезінде) жұғады. Бұған ауыз қуысы кілегейлі қабатының зақымдануы, ас қорыту жүйесіндегі қабыну ағымдары ықпал етеді.

Slide 6

Қарасанның симптомдары

Ауру қойлар тері қабатының зақымданған аумақтары арқылы жұқтырады (қырқым кезінде, піштіру салдарынан болған жарақаттар арқылы) . Ауруды жұқтырғанның белгілері білінгенге дейінге жасырын кезеңі 2 күн шамасында. Ауру белгісі бірден білінеді және жедел түрде өтеді. Малдың мойнында, жақ астында, көкірегінде, жамбас, иық еттерінде (кейде ауыз қуысында) тез үлкейе бастайтын ісіктер пайда болады. Ісіктер әдепкіде қатты, ыстық, анық білінетін, ұстап көргенде мал ауырсынатын, қыртылдаған дыбыс беретін болады. Кейін барып ісіктер мұздап, ұстап көргенде мал сезінбейтін жағдайға өтеді. Ісіктерге жақын бездердің ұлғаюы байқалады. Ісіктер иық еттерінде, жамбасында болған кезде мал ақсайды. Емдеуде пенциллин, дибиомицин дәрілерін пайдаланады. Іркілдек ісікті аумақтарға 3 пайыздық карбол қышқылы немесе лизол, яки 1 пайыздық марганцовка ертініділерін жіберуге болады.

Slide 7

Қарасан ауруын балау

Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, өлексені көрудің нәтижелсрі ескеріледі. Жайылым маусымында бұрын сау емес территорияда, не болмаса жер қазу жұмыстары жүргізілгеннен соң, қатты жауын, сел, тасқыннан кейін малдың кенеттен өлуі топалаңнан күдік тудырады. Бұнымен қатар аурудың өте қатты өлітиюі /ыстығы көтеріліп/, күйдіргі шығу білінетіндігі ескеріледі.

Сонымен бірге, өлексенің тез бұзылуы, сіресуінін білінбеуі, табиғи тесіктерінен қанды сора ағуы маңызды мәліметтер болып табылады. Бұл күдіктердің негізінде күттірмейтін жедел шаралар қолға алынады. Бірақта түпкілікгі диагноз лабораториялық зерттеулерге негізденуі керек.

Зертханаға жаңа өліктің құлағының көк тамырындағы қаннан даярланған калың жағындыны жібереді. Қан алған кезде терінің тілінген орнын қариды. Жағыңдыны көленкеде кептіріп бекітпейді. Егер шыны болмаса, бірнеше тамшы қанды борға, гипске, ағаш көміріне, шақпақ қантқа тамызады. Басқа мүмкіндік болмаған жағдайда тексеруге кесіліп алынған құлақты жібереді. Ол үшін астынғы құлақтың түбін екі жерден байлап, арасынан кеседі. Тілінген жерді қарын күйдіреді

Slide 8

Алдын алу шаралары

Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі:

1) мал қорымдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;

2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;

3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;


Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы
Қарасан қоздырушысы
ҚАРАСАН
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Вирус
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
ҚАРАСАН (GANGRENA EMPHYSEMATOSA ЭМФИЗЕМАТОЗНЫЙ КАРБУНКУЛ)
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар
Вакциналар
Емдік-профилактикалық биологиялық препараттар
Ветеринарияда пайдаланатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz