Аты әлемге мәшһүр жазушы. Ілияс Есенберлин 100 жыл




Презентация қосу
Ашық тәрбие сағаты

«Аты әлемге мәшһүр жазушы.
Ілияс Есенберлин 100 жыл»
«Ізінен аңыз ерген –
Ілияс Есенберлин»
Эпиграф
«І. Есенберлин қазақ
әдебиетінің ғана емес,
қазақ халқы
тарихының төрінен
лайықты орын
алатын дара тұлға...»
Н. Назарбаев.
"Жақсының аты, ғалымның
хаты өлмейді".
Атақты «Көшпенділер»
трилогиясының авторы,
тарихи жазушы Ілияс
Есенберлиннің 100 жылдығы
2015 жылы аталып өтпек.
Қара сөздің хас шебері, қазақ
әдебиетіндегі тау тұлғаның
мерей тойы ЮНЕСКО
көлемінде тойланбақ.Ал,біз
ол туралы не білеміз?
10 қаңтар Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің
тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы - Ілияс Есенберлиннің туған күні.

Есін білетін қазақ Есенберлинді танымайды десек, елдігімізге сын болар.
"Есенберлин Ілияс қызық еді,
Ерейменнің сілемі,
Үзігі еді.
****
Арғымағы болса да арық тіпті,
Аламанда, әйтеуір, жарып шықты.
Тірескеннің біразы шыдамады,
Тізесі де қатты еді жарықтықтың!
Саялайтын кісісін саялайтын.
Аялайтын адамын аялайтын.
Ағайын деп жатпайтын,
Ағайынды
Аямайтын жерінде аямайтын!
Елім дейтін, әйтеуір, жерім дейтін.
Ер үстінде ешкімге берілмейтін.
Жазуға да, әрине, жалықпайтын,
Егеске де - шіркін-ай!- ерінбейтін!
Бұл мінез ғой...", - деп жырлады Қадыр ағамыз "Ілияс Есенберлин" өлеңінде.
Төл әдебиетіміздің тарихында 17 роман
жазып қалдырған Ілияс Есенберлиннің
болмысын ашу мақсатында өз ойын алға
шығардық.

«Мен алдыменен материал жинаймын. Деректер іздеймін.
Айғақты уақиғаларды қараймын. Халық фольклорына
сүйенемін. Жазба бетінде қандай шығармалар бар, соның
барлығын қолым жеткен жерге дейін зерттеймін, оқимын,
бірімен бірін салыстырамын. Осылай дайындаймын.
Материал дайындалғаннан кейін алдымен ойға салып, бір
жыл өте ме, көп жыл өте ме, миыма өзім жазамын. Не туралы
болу керек, асыл арманың не еді осы кітапты жазғанда, нені
көтергің, нені ашып айтқың келеді? …Тереңдеп ізденіп, өз
ақылымның жеткен жеріне шейін жазамын».

Өмірі және еңбек жолы

Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы,
Атбасар қаласы - қазан 1983жыл, Алматы) — қазақ жазушысы.
Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап
келіп,5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ілияс балалар үйіне
тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға
газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда
қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін
Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс
істей жүріп,Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түсті. Талантты да
талапты жігіт тез көзге түсіп, 1937жылы Қазақстан КСР-ның бірінші
Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерінің алғашқы Төтенше
съездіне делегат болып сайланды.
Тарихи романдары

Ұқсас жұмыстар
Ілияс Есенберлин шығармалары-қазақ халқының тарихи ұлттық санасының қалыптасуының қайнар көзі
Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға
Қазақ солдаты
"Әдебиет пен өнер" тақырыбындағы сабақ жоспарына презентация
Әдебиет пен өнер
Жас Ілияс ұлы
Өмірбаяны 1934 - 1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде
Ілияс Есенберлин (1915 – 1983)
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялылары
Майдангер ақын-жазушылар
Пәндер