Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік


Slide 1

“Толқын орта мектебі” КММ

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: “Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік”

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайлыбекова Әлия

Slide 2

Сабақтың мақсаты: Синтаксис сөзі грек тілінен аударғанда құрастыру, біріктіру сөзі екенін, сөздердің бір- бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, сөйлем құрай алатынын түсіндіру.

Білімділік:сөйлем құрамындағы сөздердің өзара грамма-тикалық байланысына негізделетінін білу, сөздердің бір-бірімен әр түрлі тұлғада байланысатынын, олардың түрлері туралы толық түсінік беру;

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, өз ойын ашық айту, мәдениетті сөйлеу дағдысын дамыту, сабаққа белсене қатысу

Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өзара көмек, ұжымшылдыққа тәрбиелеу .

Slide 3

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары, жеке жұмыс, зерделей іздену, ой қозғау т. б

Көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірме қағаздар, тест, түрлі -түсті қағаздар, слайд

Slide 4

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Сынып оқушыларын түгендеу

Б) Сабаққа дайындықтарын тексеру.

В) Сынып тазалығын тексеру.

Г) Информатика кабинетінің қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

Slide 5

ІІ. Білімдерін бекіту

«Сұрақ менен, жауап сенен» ойыны. Тез арада кім қанша сұраққа жауап береді?

Етістікте қанша шақ бар?

• Райдың түрі нешеу

• Есімшенің жасалу жолы қандай?

• Есімшенің түрленуі деген не?

• Көсемшенің жасалу жолы қандай?

• Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?

• Бір ғана жұрнақ арқылы жасалатын қай етістік?

Slide 6

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын қою

Синтаксис ұғымының мағынасын ашу

Синтаксистің грамматикалық салалары

Сөз тіркесі синтаксисі

Етістік сөз тіркесі

Есімді сөз тіркесі

Slide 7

ІҮ. Жаңа сабаққа көшу кезеңі

Еркебұлан қазір төрінде ақ отаудың жалғыз отыр. (сөйлемді ретке келтіру керек)

Дұрыс жауабы: Қазір Еркебұлан ақ отаудың төрінде жалғыз отыр.

1. Еркебұлан отыр.

2. Жалғыз отыр.

3. Ақ отаудың төрінде отыр.

4. Ақ отаудың төрінде

5. Қазір отыр.

Slide 8

Синтаксис (гректің « құру, біріктіру» ) - сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың саласы. Сөйлем - ойды білдіретін тілдің ең кішкене бөлшегі.

Синтаксис

Сөз тіркесі синтаксисі

Сөйлем синтаксисі

Етістікті сөз тіркесі

Есімді сөз тіркесі

Жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

Slide 9

Айырмашылықтарын тауып, ереже шығару

Ағаш ат

Алты адам

Жасыл шөп

Осы үй

Үйге барды

Әлдекімге сөйледі

Көру үшін аттанды

Екеуі бірге кетті

Жақсы көру

Slide 10

Сөз тіркесінің айрықша белгілері:

1. Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады.

2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады.

3. Зат құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

4. Сөз тіркесінің басыңқы, бағыныңқы сыңары болады.

5. Сөз тіркестерінен сөйлем жасалады.

Slide 11

Ү. Түсінгендерін тексеру кезеңі

Жаттығумен жұмыс

Slide 12

«Кім мықты?» ойыны.

Үйшікке берілген мысалдарды дұрыс орналастыру

Есімді тіркес

Етістікті тіркес

Қалың ой

Адамгершілігі мол

Жақсы қасиет

Сарай салғызды

Ананы құрметтеу

Жақсы оқиды

Арман қала

Астықты егу

Ауылдың баласы

Жылдам жүгіру

Slide 13

«Ойлан тап» ойыны

Берілген семантикалық картаны смайлик қою арқылы дұрыс жауапты белгілеу

Мысал

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

Ағаш ат

Үйге барды

Көпшіліктің ойы

Он қалам

Қарап тұру

Жасыл шөп

Боталы түйе

Slide 14

Сурет бойынша шағын мәтін құрау. Құраған мәтіннен сөз тіркестерін анықтап, қалай байланысып тұрғанын түсіндіру

Slide 15

ҮІ. Сабақты қорытындылау

Тест жұмысы

1. Сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы

А) Морфология

В) Фонетика

С) Пунктуация

D) Синтаксис

Е) Лексика

2. Сөз тіркесі қаншаға бөлінеді?

A) 5.

B) 2

C) 3.

D) 4.

E) 1.

3. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) Кірпіш үй.

B) Бес бала.

C) Оқыған қыз.

D) Сөзіне таңғалды.

E) Әдемі әуен.

4. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) Біліміне таңғалды.

B) Әнді тыңдады.

C) Кеше келді.

D) Бесінші сынып.

E) Көп ойланды.

5. Есімді сөз тіркесінің қатарын табыңыз.

А) Талапты бала, ескі дос.

В) Сыныпқа көшу, асқанға тосқан.

С) Тауға шығу, рамазан айы.

D) Амалын тапты, мерейін асырды.

E) Дұрыс адам, сапарға шығу.

6. Етістікті сөз тіркесінің қатарын табыңыз.

А) Жұлдызды сәт, атына мінді.

В) Сырын алған, тілге шешен.

С) Орнынан тұру, шалғынға құлады.

D) Шаңырақ тойы, жауабын сұрады.

E) Сағынышты сәлем, арманына жету.

Slide 16

ҮІІ. Үйге тапсырма

«Менің жетістігім» тақырыбына мәтін жазу. Сөз тіркесін тауып, есімді тіркес пе әлде етістікті тіркес пе екенін ажырытып келу

Slide 17

Бағалау

Оқушының аты-жөні

“Сұрақ менен, жауап сенен” ойыны

Ереже шығару

Жаттығу жұмыс

“Кім мықты?” ойыны

“Ойлан тап” ойыны

Суретке мәтін құрау

Тест жұмысы

Жалпы баға

1

Абай Құлан

2

Асылқан Камилаш

3

Бахдула қызы Гүлсана

4

Қосынбек Жаныбек

5

Сезім Қуан

6

Сұлтансейіт Айшуақ

7

Узақбай Бейбіт

Slide 18

Рефлекция

Осы сабаққа дейін не білетінмін?

Бүгінгі сабақтан нені білдім?

Алдағы сабақтарда нені білгім келеді?

Slide 19

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесі туралы түсінік
Синтаксис және оның объектілері
СӨЗ ТІРКЕСІ
Сөз тіркестері
Қабысу
Грамматикалық мағына
Жай сөйлем
Сөз формалары
Сөйлем мүшелері туралы түсінік
Қазақ тілінің синтаксистік жүйесін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz