Еліктеуіш сөз және оның түрлері




Презентация қосу
6 сынып Қазақ тілі
6 –– сынып
Ашық сабақ
Тақырыбы: Еліктеуіш
сөз және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөз
туралы түсінік бере отырып, өткен
тақырыпппен байланыстыру
• Дамытушылық: Оқушылардың еліктеу
сөздерді жете түсінуіне, сөздердің
мағынасын аша білуге, сөздік қорын
байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін
қалыптастыру
• Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге,
әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке
дағдыландыру
Сабақтың барысы:
• 1.Ұйымдастыру кезеңі
• 2.Үй тапсырмасын тексеру
• 3.Үй тапсырмасын қорыту
• 4. Жаңа материалдарды
түсіндіру
• 5. Оқушыларды бағалау
• 6.Үйге тпасырма беру
Жаңа
материалдарды
түсіндіру:
• 1.Еліктеу сөздер – айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл
әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған
сөздер.
• Мысалы: тырс етті, былш етті, шорт сынды, дүңк етті, қолп ете қалды т.б

• Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл
сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі
қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы олар: қаңғұр - күңгір, тасыр – тұсыр бүгжең –
бүгжең, далаң – дұлаң т.б. әр түрлі қимыл, іс - әрекетке, құбылысқа еліктеуді
білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады.

• Еліктеу сөздер мағынасына қарай, айналадағы әр түрлі дыбысқа, жеке қимылға, іс -
әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш
сөздер болып екіге бөлінеді
• Табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір – бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан
түрлі қимыл, әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Сол
дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.

• Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайдакөмекші
етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың
амалын білдіреді. Мысалы: Тырс - тырс етті, сарт етті, арс – арс етеді, пыр – пыр етті
т.б.
• Мысалы: Өтеді ауыздығын қарш – қарш шайнап. (Жамбыл) Ырғалып қарға қарқ етті,
ірмішік жерге салп етті. (Абай)
• Еліктеуіш сөздер көбінесе көмекші етістікпен ( көбінесе ет көмекші етістігімен)
тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт етті, қыңқ етпеді, саңқ етті, топ етті т.б.
2. Бейнелеуіш
сөздер
• Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру
арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер.
• Мысалы: Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә»
деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт
қарады. (Сәбит Мұқанов)
• Берілген мысалдардағы кілт сөзі бірден, тез
тоқтауды, жалт сөзі шапшаң бұрылып қарауды
білдіріп тұр.
• Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе
ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады.
Мысалы: жалп ете түсті, жалт қарады, қалт етті,
ербең етті қайқаң етті, сылаң етіп шыға келді,
тыржың етті т.б. ейнелеуіш сөздер қайталанып,
қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп
жұмсалады. Мысалы: жалт – жұлт, маң – маң,
Бүгжең – бүгжең жүрді, қиқаң – қиқаң етті т.б.
І. «Кім тапқыр, кім
білгіш ?»
• 1. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп,
бүйірімнің түп жағы қып ете қалды. 2.Азиат! –
деп шарт еткізіп, Еламанды жағыан тартып
жіберді.3. «Қара Көже» дегендерге «әу» деп
жалт қарайтын болдым.4. Бермесеңіз,
қойыңыз, - дедім де жалт бұрылып, есікті бар
күшіммен тарс жауып, жөнеле бердім. 5.
Балалар ананы – мынаны сұрап, азан – қазан
болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп,
ақшаны сатушының қолына ұстата
салдым.6.Ақша маңдайлы, кең сұлу жүді
Үмітей ашық үнмен сыңқ – сыңқ етіп, үй ішіне
естірте күлді.
ІІ. «Артық білім
кітапта»
• 300 – жаттығу
• Еліктеуіш сөздердің қай
сөзбен тіркесіп тұрғанын
көрсетіңдер, мағынасын
ажыратыңдар
ІІІ. Сергіту сәті
• 1.Жай ғана сарт етіп жабылады
• Іздегенің ішінен табылады
• 2.Қорбаң – қорбаң еткен
• Өмірі орманда өткен
• 3.Сырт – сырт еткен дыбысы
• Ояту оның жұмысы
• 4.Жалт – жұлт етеді
• Жерге сіңіп кетеді
• 5.Тоқ – тоқ етіп тамағын
• Ағаштан іздеп табатын
ІV. «Сөз ойла, тез
ойла»

• Елең - • Абыр -
• Арбаң - • Мәре -
• Тарсыл - • Шарт -
• сарт - • Жалт -
Суретке қарап, еліктеуіш
сөздеді қатыстрып, үш сөйлем
құраңдар
Сызба кесте,
Білім - “5”-те
Р/с Еліктеу Дара Күрделі Еліктеуі Бейнелеуі
ш ш

1 Тыпың –
тыпың
2 Гүрс – гүрс

3 лап

4 бүрсеңдеп

5 Қаңғыр-
күңгір
6 Сылқылдап
VІ. Жаңа сабақты
қорыту

• 1.Еліктеу сөз дегеніміз не?
• 2.Мағынасына қарай еліктеу сөз
нешеге бөлінеді?
• 3.Бейнелеуіш сөз дегеніміз не?
• 4.Еліктеуіш сөзді қалай түсінесің?
• 5.Абай атамыздың бірыңғай
еліктеуіш сөзге құрылған
«Жаз»өлеңін жатқа айту
Үйге тапсырма
• Бүгінгі өткен тақырып
бойынша ережелерді жаттап
алыңдар және еліктеу
сөздерді қатыстыра отырып,
көктем мезгілін суреттеу
арқылы ойтолғау жазу
Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Еліктеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер туралы мәлімет бер
Бейнелеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер
Жүмекенқызы сөздер
Тіл мәдениеті
Бастауыш Баяндауыш Тұрлаулы мүшелер
Сөз таптарына саяхат туралы ақпарат
Қабысу
Тарихи морфология
Пәндер