Ойлау түрлерінің классификациясы мен сипаттамалары



Ойлау түрлерінің классификациясы мен сипаттамалары

Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау-дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді

Ойлау-
Өзіндік ішкі қарама -қарсы қайшылықтарға толы процесс.
жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі.
тұлға рефлексиясының
қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі
жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады

Г. Эббингауз
Г. Эббингауз ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады.
Ойлаудағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз.

Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте -бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген формуланы ұсынды.
Р. Декарт

Көрнекі-бейнелік (бейнелік) ойлау-жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі - заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі - әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі-бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.

Сөздік-логикалық (пайымдаушы) ойлау-тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.

Теориялық ойлау-ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып-білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.
Практикалық ойлау-ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым-психологы Б. М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.

Таным түрі бойынша:
Эмпириялық ойлау-теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.
Теориялық ойлау-ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып-білу.

Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша:
Интуитивтік ойлау-тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік психологияда Я. А. Пономаревпен, Л. Л. Гуровпен және т. б зерттелінген.
Рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау) - уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі.

Әрекеттің тәсілдері негізінде:
Вербалдық (сөздік) ойлау-тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.
Көрнекі ойлау-мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі.

Ойлау бағыттылығымен байланысты:
Шынайы (немесе реалистік) ойлау-ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі.
Аутистік ойлау-адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі-адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.

Ойлау іс - әрекетінің өніміне байланысты:
Продуктивтік ойлау-адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа
өнімін шығару.
Репродуктивтік ойлау-ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану.

Ойлаудың функцияларына байланысты:
Творчестволық ойлау-ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді тауып, негіздеумен байланысты болатын ойлаудың түрі.
Критикалық ойлау-заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.

Еріктік күштің жұмсалуына байланысты:
Ырықсыз ойлау -түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау.
Ырықты ойлау -проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде шешу.

Ой тәсілдері түрлерінің схемасы
Ой тәсілдері
талдау
жинақтау
топтастыру
табиғи
жасанды
жүйелеу
абстракциялау
жалпылау
салыстыру

Ойлаудың дара ерекшеліктері
Ойдың мазмұндылығы- заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлер мен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оың ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймацды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оның тереңдігі жатады.

Ойлау формалары ұғым, пікір, ой қортындысы.

Пайдаланылған әдебиеттер:
https://ru. wikipedia. org сайты;
http://bigox. kz сайты;
http://bes-asyl. kz сайты;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz