ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ СЕЗІМ


Slide 1

ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ СЕЗІМ

Slide 2

ЖОСПАР:

Сезім жөнінде түсінік;

Сезімнің түрлері;

Сезімнің пайда болу себептері;

Сезімнің негізгі ерекшеліктері;

Сезімнің қызметі;

Эмоция;

Эмоцияның түрлері;

Эмоция мен сезім арасындағы айырмашылықтар;

Қорытынды;

Пайдаланған әдебиеттер.

Slide 3

Сезім жөнінде түсінік

Сезiм - бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы формада көрiнiс беретін толғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет.

Slide 4

Толғаныссыз өмiр - өшкен өмiр. Ұлы ғұлама Ə. Науаи "Сезiмсiз адам - кесек, махаббатсыз адам - есек", - деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келiп, оның орнын толтыру үшiн əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды.

Slide 5 Slide 6

Сезімнің түрлері

Slide 7 Slide 8

Жоғары деңгейдегі сезімдер

Жоғары деңгейдегі сезімдер тек адамға ғана тән:

Ақыл-ой сезiмi адамның таным əрекетiмен байланысты. Сезiмнiң бұл түрi -балалардың оқып бiлiм алуға, ересектердiң өз қызметiне, шығармашылық пен өнерге деген көңiл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезiмi ең алдымен таңданудан басталады.

Эстетикалық сезiм - объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенiмдiлiгiн қабылдап, оған əсерленудегi көңiл-күй. Əсемдiктi қабылдап, оған сүйсiну, лəззаттанып, рухани күшiн арттыру сезiмi - адамның өмiр тiршiлiгiнде бiртiндеп қалыптасатын жағдай. Əсемдiктi қабылдау туа пайда болмайды.

Адамгершiлiк-моральдық сезiмдер қоғам талабына орай адамның өз мiнезiнiң

лайық не лайық еместiгiн сезiнген көңiл-күйiн бiлдiредi. Адамгершiлiк сезiмi моральдық

сезiм деп те айтылады. "Мораль" - "морале" деген француз сөзi. Мағынасы -

адамгершiлiк. Адамгершiлiк сезiм қоғамның тарихи дамуына байланысты.

Slide 9

Сезімнің пайда болу себептері

Сезімнің негізгі пайда болу себептеріне мыналар жатады:

адамның объектiге қатынасын айқындайтын қажеттiлiктер;

адамның осы нысанның тиiстi қасиеттерiн түсiнiп, оны санада бейнелеу қабiлеті.

Slide 10

Сезімнің негізгі ерекшеліктері

Сезiмдердiң өзiндік ерекшелiгi олардың қарама-қарсылықты сипатынан көрiнедi. Мұндай сипат қарапайым əсерленуге де (рахаттану-қысылу), сондай-ақ күрделi толғаныстарға да (ұнату-жеккөру, қуаныш-мұң, көңiлдi-қайғылы т. б. ) тəн.

Сезiмдерге ғана тəн аса маңызды сипат - олардың бiрiгiмдi (интегралды) келуi. Сезiм бүкiл дененi билеп, адам кейпiн ерекше əсерге бөлейдi. Барша дене қызметтерiнiң басын бiр сəтте бiрiктiрумен сезiм өздiгiнен организмге пайдалы не зиян əсердiң хабаршы қызметiн атқарады. Сезiмдiк сигнал əсер орны мен дененiң жауап əрекетi айқындалмай жатып та санаға жетуi мүмкiн.

Сезiмдердiң жəне бiр маңызды ерекшелiгi - олардың денедегi тiршiлiк

əрекеттермен тiкелей байланыста болуы. Сезiм ықпалынан адамның iшкi тəн қызметi өзгерiске түседi: қан айналымы, дем алыс, ас қорыту, iшкi жəне сыртқы секреция бездерi. Шектен тыс ұзақ уақыт жəне қарқынды болған көңiл-күй толғаныстары организмдi сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш - жүрек ауруларына соқтырып, ашу - бауырды, жабырқау мен мұң - асқазанды бұзады

Slide 11

Сезімнің қызметтері

Адам сезiмдерi ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты

көптеген ерекше сипаттағы мынадай қызметтердi атқаратын болды:

Slide 12

Эмоция

Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т. б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т. с. с. эмоциялар жатады.

Slide 13 Slide 14

ЭМОЦИЯ

ІС-ӘРЕКЕТКЕ ЫҚПАЛ ЖАСАУ ТҰРҒЫСЫНАН

СТЕНИКАЛЫҚ

АСТЕНИКАЛЫҚ

Жауапкершілік

Жолдастық

Достық

Айбаттылық

Уайым

Енжарлық

Көңілсіздік

Slide 15

Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды:

Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қаталдығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны өз еліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында;

Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физиологиялық-биохимиялық және биологиялық жауабы. Адренологиялық-биохимиялық әсер етеді;

Алдағы уақытта күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі себептерін жоюға арналған іс-әрекет (мінез-құлық)

Slide 16

ЭМОЦИЯЛАР

СЕЗІМДЕР

1. Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса не болмаса бір нәрсеге мәз болса, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі.

1. Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыдырғы тұрақты процесс.

2. Эмоция мәнерлі қозғалыстардан көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көре алады.

2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.

3. Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі мен гипоталамус бөлігі басқарып отырады.

3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда динамикалық стереотиптердің әркез жасалып өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді.

4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында кездеспейді

4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта болып отырады

ЭМОЦИЯ МЕН СЕЗІМ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Slide 17

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІМДЕР
Эмоция мәнерлі
Сезімнің түрлері
Адамдардың эмоциялары мен сезімдері
Психологиялық тренинг
ЭМОЦИЯ МЕН СЕЗІМ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІМДЕР
Эмоцияның түрлері
ЭМОЦИЯЛАР МЕН ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЕКТ
Эмоция және мотивация
Сезім және эмоция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz