Жайылмалы эндокринді жүйе



Орындағандар: Әсет Мерей, Әмір Венера, Нуртазаева Индира, Жандар Назерке, Тәжіғос Абзал, Якина Гулдана, Кенжебаева Айгерим
Тобы: 307АБ
Тексерген: Темирова Гульнара Аягановна
Тақырыбы: Жайылмалы эндокринді жүйе
Кафедра: Цитология, гистология және эмбриология
Факультет: Жалпы медицина
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина
Университеті
Ақтөбе-2018жыл

ЖОСПАР:
Кіріспе:
Жеке гормон өндіретін жасушалар туралы түсінік
Негізгі бөлім:
Жайылмалы эндокринді жүйенің даму тарихы
Апудоциттердің әсерлері
Қасиеттері
Апудогенез
Жүйке жүйесінің нейроэндокринді жасушалары
АІЖ орналасқан диффузды эндокринді жасушалар
Апудопатиялар
Қорытынды:
Диффузды эндокринді жүйенің маңызы

Жеке гормон өндіретін жасушалар дегеніміз гормондық әсері бар биологиялық белсенді заттарды жасап шығаратын шығу тегі әртүрлі жасушалар немесе жасушалар тобы. Ал жеке гормон өндіретін жасушалардың жиынтығы диффузды эндокринді жүйе деп аталады. Бұл атаудың бірнеше синонимдері бар: APUD-жүйе, паракринді жүйе, диффузды нейроэндокринді жүйе, ПОДПА-жүйе, ашық жасушалар жүйесі, хромафинді жүйе, жүйе және т. б.
Диффузды эндокринді жүйенің негізгі белгілері:
1) Биогенді аминдер және/немесе пептидті гормондар түрінде басқаратын заттарды өндіру;
2) Бір орында, яғни без құрамында орналасқан эндокринді бездің секрет бөлуші жасушаларымен салыстырғанда жайылмалы (шашыраңқы) орналасуы.
Диффузды эндокринді жүйе организмнің барлық жүйелерінің құрылысы мен қызметін басқаратын нейрогенді және эндокринді механизмдердің орталық звеносы болып саналады.

APUD-жүйенің ашылуына ұмтылысты R. Heidenhain зерттеулері жасады. 1870 жылы тұңғыш рет асқазанның кілегей қабатында хромоффинді жасушалардың бар екендігін жариялады. Кейінірек бұл жасушаларды басқа мүшелерден тапты және оларды Кульчицкийдің энтерохромаффинді жасушалары, Нусс-баум, Николас, Фейртер жасушасы, аргентафинді, ашық, сары, түйіршікті жасушалар деп атады. Бұл жасушалардың қызметі бірнеше онжылдықтар бойы белгісіз болып келді. 1932 жылы Masson олар белгілі бір секрет бөледі деген пікір айтты және бұл құбылысты нейроэндокринді қызмет деп атады.
R. Heidenhain
Masson

Жайылмалы эндокринді жүйенің концепциясын алғаш рет 1938 жылы австриялық патолог Friedrich Feyrter (1895-1973) қалады, Feyrter, F. : Über diffuse endokrine epitheliale Organe. Leipzig: Johann Ambrosius Barth 1938. Ол эндокринді, паракринді және нейроактивті реттеу механизмдері арқылы гомеостазды қамтамасыз ететін нейроэндокринді жасушалардың кең желісі бар деп пайымдады. Ұзақ уақыт бойы диффузды эндокринді жүйенің концепциясы туралы «ұмытты». Тек 1969 жылы дәл сол идеяны британдық гистохимик Anthony Guy Everson Pearse (1916-2003) қайталап жеткізді және өз концепциясын «амин ізашарларын басып алуға және оларды декарбоксилдеуге қабілетті нейроэндокринді жасушалардың жүйесі» деп атаған болатын (the amine precursor uptake decarboxylation concept of endocrine cells, APUD) . Pearse, A. G. The cytochemistry and ultrastructure of polypeptide hormone-producing cells of the APUD series and the embryologic, physiologic and pathologic implications of the concept. J. Histochem. Cytochem., 1969, 17, 303-313.
Қазіргі кезде негізін салушы болып Friedrich Feyrter есептеледі. («Father of Neuroendocrinology») .
Friedrich Feyrter
Anthony Guy Everson Pearse

Н. Т. Райхлин мен И. М. Кветной (1991) APUD аббреватурасы негізінде келесі терминдерді ұсынды:
апудоциттер - APUD-жүйесіне өздерінің қызметтік, морфологиялық және т. б. сипаттамаларына сәйкес енгізілген жетілген дифференцирленген эндокринді жасушалар, яғни биогенді аминдер мен пептидті гормондар бөлу қабілетіне ие жасушалар;
апудобласттар - апудоциттер түзілетін полипотентті жасушалар;
апудогенез - APUD-жүйенің жасушаларының шығу тегі;
апудопатия -апудоциттердің құрылысы мен қызметінің бұзылысынан туындаған патологиялық жағдайлар, клиникалық синдромдармен көрінеді.
апудомалар -APUD-жүйесі жасушаларының қатерсіз ісіктері;
апудобластомалар -апудоциттердің қатерлі ісіктері.


Апудоциттердің әсерлері
жергілікті (паракринді)
дистанционды (эндокринді)
Мүшелердің жасушаларына әсері
Организмнің жалпы қызметіне, тіпті, жоғары жүйке жүйесіне әсері

Апудоциттердің орналасуы

Жүйке жүйесінің нейроэндокринді жасушалары
1. Бас мида әр түрлі нейропептидтер түзіледі.
2. Олардың көпшілігі синапста сигналды жеткізуге қатысады, яғни медиатор қызметін атқарады.
3. а) Бірақ кейбір нейропептидтер сигналды алыс қашықтықтан жеткізеді - мида үлкен не кіші аумақта немесе тұтас организм деңгейінде.
б) Бұл жағдайда олар гормон тәрізді жұмыс жасайды.
4. а) Бізге гипоталамустың нейрогормондары- статиндер, либериндер, АДГ, окситоцин бұрыннан белгілі.
б) Басқа нейрогормондар, мидың жеке нейроэндокринді жасушаларымен бөлінуі мүмкін.

Жансыздандыру әсерін көрсететін нейропептидтер
1. Опиоидты(морфин тәрізді) нейропептидтер - эндорфиндер және т. б.
2. Нейротензин.
1. Эндорфиндер мидың опиоидты рецепторларына әсер беріп
Жансыздандыру және тыныштандыратын қасиет көрсетеді.
2. Нейротензиннің әсері анальгиннің әсеріне сәйкес:
Жансыздандыру әсері гипотермия (температураның төмендеуі) және гипотензиямен (қысымның төмендеуі) қосарлана жүреді.
3. Пептид дельта-сна.
3. Пептид дельта-сна ұйықтататын эффект береді.
Жүйке жүйесінің нейроэндокринді жасушалары

Асқазан ішек жолдары және ұйқы безінің АПУД-жүйесі жақсы зерттелген, оларды эндокринді жүйеге біріктіреді, оның үлесіне барлық апудоциттердің жартысы сәйкес келеді.

№
Жасу-ша типі
Орналасуы
Гормон
Секрет грануласы мөлшері, нм
Гормон әсері
1
A
Асқазан, жіңішке ішек
Глюкагон (энтероглюкагон)
250
Гепатоциттердің глюкогенолизін белсендіреді, сол себепті қанда глюкоза мөлшері көбейеді
2
D
Асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек
Соматостатин
350
Эндокриноциттермен гормондардың бөлінуін тежейді
3
EC
Асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек
Серотонин, P заты
300
Перистальтикалық жиырылуды күшейтеді сокращения
4
ECL
Асқазан
Гистамин
450
Тұз қышқылының секрециясын жоғарылатады
5
G
Асқазан, жіңішке ішек
Гастрин
300
Тұз қышқылының секрециясын жоғарылатады. Асқазаннан 12 елі ішекке химус қозғалысын және қозғалыс белсенділігін реттейді. Асқазанның пилорикалық бөлімінің жиырылуын белсендіреді және гастродуоденальды сфинктердің босауын реттейді. Асқазанның кілегей қабатының регенеративті жасушаларының пролиферациясына қатысады.
Асқорыту жүйесінің нейроэндокринді жасушалары

6
GL
Асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек
Глицентин
400
Гепатоциттердің глюкогенолизін белсендіреді, сол себепті қанда глюкоза мөлшері көбейеді
7
I
Жіңішке ішек
Холецистокинин
250
Ұйқы безден ферменттердің бөлінуін реттейді. Өт қапшығының жиырылуына әсер береді.
8
K
Жіңішке ішек
Асқазанның
Тежеуші пептиді
350
Тұз қышқылының секрециясын тежейді.
9
Mo
Жіңішке ішек
Мотилин
-
Жіңішке ішектің перистальтикалық жиырылуын күшейтеді.
10
N
Жіңішке ішек
Нейротензин
300
Мықын ішекте қан айналымын жақсартады және жіңішке, тоқ ішектердің перистальтикалық жиырылуын төмендетеді.
11
PP (F)
Асқазан және тоө ішек
180
Негізгі жасушалармен ферменттердің шығуын реттейді. Париетальды жасушалармен тұз қышқылының бөлінуін тежейді. ұйқы безінің экзокринді секрециясын баяулатады.
12
S
Жіңішке ішек
Секретин
200
Ұйқы безі сөлімен бикарбонаттардың шығуын реттейді.
13
VIP
Асқазан, жіңішке, тоқ ішектер
Вазоактивті жіңішкеішектік пептид
-
Жіңішке ішек пен тоқ ішектің перистальтикалық жиырылуын күшейтеді. АІЖ мен су мен иондардың бөлінісін реттейді.


Апудоциттердің қасиеттері:
1. Биогенді аминдер - катехоламиндер (адреналин, норадреналин, дофамин) мен серотониннің (5-гидрокситриптамин) жоғары концентрациясы. 2. Биогенді аминдердің ізашарлары - белгілі бір аминқышқылдарды (тирозин, гистидин и т. б. ) жұтып алу қабілеті.
3. Жұтылған аминқышқылдарды декарбоксилдеу (олардың карбоксил тобын жою және осы тәсілмен аминқышқылдарды аминдерге айналдыру) . 4. Арнайы ферменттер - , бейарнайы эстераза, холинэстеразаның жоғары мөлшері 5. Аргирофилия (күміс тұздарымен боялады) . 6. Арнайы иммунофлюоресценция (арнайы нәруыз-маркёрлармен байланысу) . 7. Ерекше фермент - нейронспецификалық енолазаның болуы.

Шығу тегі
нейро- эктодерма
гипоталамус, эпифиз, бүйрекүсті безінің милы заты жасущалары, қалқанша безінің парафолликулярлы жасушалары, жүйке жүйесінің жеке секрет бөлуші жасушалары
терілік эктодерма
аденогипофиздің жасушалары
ішектік энтодерма
Асқорыту жүйесінің көптеген жеке эндокринді жасушалары
мезодерма
Жүрекше кардиомиоциттерінің секреторлы жасушалары
мезенхима
Мес жасушалар

Тест сұрақтары:
1. Эндокриндік жүйенің орталық реттеуші құрылымдарына жатады:
А) қалқанша безі
В) гипофиз
С) қалқанша маңы безі
Д) бүйрек үсті безі
Е) жыныс бездері
2. Шеткері эндокринді бездерге жатады:
А) гипофиз
В) эпифиз
С) гипоталамус
Д) қалқанша безі
Е) аталық жыныс безі
3 . Орталық ішкі секреция жүйесінің құрамына кіреді:
А) бас миының ақ заты
В) орталық мидың және мишықтың ядролары
С) гипоталамус, гипофиз, эпифиз
Д) сопақша мидың және көпірдің ядролары
Е) жұлынның сұр заты 4 . Эндокринді және эндокринді емес қызметті біріктіре атқарады:
А) қалқанша және бүйрек үсті бездері
В) гонадалар, плацента, ұйқы безі
С) гипофиз, эпифиз, гипоталамус
Д) көкбауыр және лимфалық түйіндер
Е) бауыр және тілдің сілекей бездері

5 . Қалқанша безінің фолликулы:
А) май жасушаларының жиынтығы
В) қуыссыз көп қабатты жасушалар қатары
С) екі қабатты эпителийден құралған түтікше
Д) қабырғасы бір қабатты эпителийден құралған көпіршік
Е) фибробластылар жиынтығы 6. Бүйрек үсті безінің милық затының даму көзі:
А) желбезек қалтасының 4 жұбының эпителийі
В) кеуделік ішектің эпителийі
С) алдыңғы ішектің эпителийі
Д) ганглиозды табақшаның нейробластылары
Е) целомдық эпителий
7. Бүйрек үсті безінің милық заты дамиды:
А) нейроэктодермадан
В) ауыз шұңқырының эпителийінен
С) целомның эпителийінен
Д) жұтқыншақтың қабырғасының өсіндісінен
Е) желбезек қалтасының эпителийінен
8 . Ұйқы безінің құрылымдық- қызметтік бірлігін атаңыз:
А) бөлікше
В) бөлікшеаралық шығару өзегі
С) панкреаттық ацинус
Д) жалпы панкреаттық өзек
Е) бөлікшеішілік шығару өзегі

9 . Ұйқы безінің апикальды бөлігі оксифильді, ал базальды бөлігі базофильді боялатын жасушасы:
А) А- жасушасы
В) В- жасушасы
С) фибробластылар
Д) ациноциттер
Е) орталық ацинозды жасушалар 10 . Қанға инсулин бөлетін ұйқы безінің жасушасы:
А) Д- жасушасы
В) С- жасушасы
С) В- жасушасы
Д) А- жасушасы
Е) РР- жасушасы 11 . Ұйқы безінің шығару өзектерінің эпителиі:
А) көпқабатты жазық мүйізденбейтін
В) көпқабатты жазық мүйізденетін
С) көпқатарлы кірпікшелі
Д) бірқабатты жазық, текшелі, призмалық
Е) өтпелі
12. Ұйқы безінің А жасушалары өндіреді:
А) инсулинді
В) глюкагонды
С) соматостатинді
Д) вазоинтестинальды полипептидті
Е) панкреаттық полипептидті

ТЕСТІЛЕРДІҢ ЖАУАПТАРЫ
№
жауабы
№
жауабы
1
B
11
D
2
D
12
C
3
C
4
B
5
D
6
D
7
A
8
C
9
D
10
C

КЛИНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕР 1. Препаратта екі без берілген. Біріншісінде жақсы дамыған секреторлық бөлігінде өндірілген өнім шығару өзегі арқылы қуысқа бөлінеді. Екіншіде секреторлық жасушалардың топтарының арасында өндірілген өнім тасымалданатын гемокапиллярлардың торлары орналасқан. Бездердің қайсысы эндокриндік болады? 2. Гипофиздің препаратында екі көру аймағы зерттелуде. Біріншісінде кіші көлемді өсінділі жасушалар және олардың арасында орналасқан жүйкелік талшықтар байқалды. Екіншісінде әртүрлі тинкториалдық белгілері бар эпителийлік жасушалардың тізбегі анықталды. Гипофиздің қандай бөліктері зерттелуде? 3. Тәжірибеде жануарлардың бірінші тобына кастрация, екінші тобына тиреоидэктомия жасалды. Гипофиздің қандай аденоциттері операцияға жауап беретінін және оның себебін анықтаңыздар. 4. Босану барысында жатырдың жиырылу қабілеті төмендегені анықталды. Гипоталамустың қандай гормоны жатырдың жиырылуын күшейте алады? 5. Қалқанша безінің микроскопиялық зерттеуі кезінде фолликулалардың пішіні кішірек, коллоиды аз, вакуолдері көп, тироциттері биік, призмалық екені анықталды. Бұл көрініс мүшенің қандай қызметтік жағдайына тән болады?

ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ҚЫСҚА ЖАУАБЫ 1. Екінші препаратта 2. Біріншісінде - нейрогипофиз, екіншісінде - аденогипофиз 3. Бірінші топта - гонадотропоциттердің, екінші топта - тиреотропты жасушалардың өзгерістері байқалады. Олар ФРГ, ЛГ және ТТГ өндіреді. 4. Окситоцин
5. Гиперфункциялық

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz