Идеал газ күйі, изопроцестер және термодинамиканың бірінші заңы



Идеал газ күйі теңдеуінің көмегімен газ
массасы және үш параметрдің — қысым,
көлем немесе температура — біреуі
өзгермей қалған жағдайдағы процестерді
зерттеуге болады. Газдың бір параметрінің
мәні тағайындалып, қалған екі мәні
арасындағы сандық тәуелділікті
айқындайтын заңдарды газ заңдары деп
атайды.
Изотермиялық процесс
Изопроцестердің ішінен бірінші болып осы
изотермиялық процесс зерттелді.
Ағылшын физигі Р. Бойль 1662 ж. және оған
тәуелсіз француз физигі Э.Мариотт
тәжірибе жүзінде тұрақты температура
кезінде газдың берілген массасы үшін оның
қысымының газ алып тұрған көлемге
көбейтіндісі тұрақты шамаға тең болатынын
тағайындады.
Бұл заң Бойль Мариотт заңы деп аталады.
pV=const T = const, m = const.
p 1V1 =p2V2
Тұрақты температурада заттың
қасиетін сипаттайтын p және
V шамаларының арасындағы
тәуелділікті көрсететін қисық
изотерма деп аталады.
Изотермалар гипербола болып
табылады, процесс кезінде
температура жоғары болса,
графикте гиперболалар да
жоғары орналасады.
Изохоралық процесс

Бұл процесті француз физигі
Ж.Шарль зерттеген. 1787 жылы
ол тәжірибе жүзінде тұрақты
көлемде берілген газ массасының
қысымы оның температурасына
тура пропорционал болатынын
тағайындады. Бұл заң Шарль
заңы. Шарль өзінің заңын Гей
Люссактан ерте ашты, бірақ кеш
жариялады.
p1 T1

p 2 T2
Изобаралық процесс

Француз физигі Гей Люссак
1802 жылы тәжірибе
жүзінде тұрақты қысымда
газдың берілген массасы
көлемінің температураға
сызықты тәуелді болатынын
тағайындады, яғни

V1 T1

V2 T2
Идеал газдың күйін сипаттайтын заңдар

Бойль — Мариот заңы

Гей-Люссак заңы

Шарль заңы
Табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды
және жоғалмайды, ол тек бiр түрден екiншi
түрге ауысады.
Q=∆U+A - термодинамиканың бірінші заңы
Q-жүйеге берілген жылу, [Дж]
∆U-ішкі энергияның өзгерісі, [Дж]
A-жүйенің сыртқы денелермен істейтін
жұмысы, [Дж]
Q=cm(t2-t1)
Макроденелерде механикалық энергиямен қатар,
өздерiнiң iштерiне тұйықталған энергияға ие. Ол –
iшкi энергия. Ол барлық энергетикалық
түрленулердiң балансына кiредi. Механикалық
жұмыс жасамай-ақ денелердi қыздырғанда,
олардың iшкi энергиясы ұлғаяды.
Iшкi энергияның механикалық энергияға айналуын
ың керi процесi
болатыны сөзсiз. Молекулалық-кинетикалық
теория көзқарасынан макроскопиялық дененiң
iшкi энергиясы барлық молекулалардың ретсiз
қозғалыстарының кинетикалық энергиялары мен
олардың бiр-бiрiмен өзара әсерiнiң потенциалдық
энергияларының қосындысына тең.
Изопроцесстер

1.Изобаралық 2.Изохоралық 3.Изотермиялық 4.Адиабаталық
P=const V=const T=const
Q=0, ∆U= -A
Q=∆U+A=∆U=p∆V Q=∆U Q=A ,A=0 ∆U=0,
Термодинамиканың бірінші заңының
изотермиялық процесте қолданылуы?
Тұрақты қысымда газдың берілген
массасы көлемінің температураға
сызықты тәуелді болатынын қай ғалым
айтты?
Жылу мөлшерінің формуласы?
Ішкі энергия дегеніміз не?
V=const болғанда қандай процесс?
Пайдаланған әдебиеттер:

Ә.Қоқанбаев «Физикалық және коллоидтық
химия» Алматы, 2011ж.

Х.Қ.Оспанов, Д.Х.Қасымбаев, Е.Х.Абланова,
Г.Х.Шәбікова «Физикалық химия» Өскемен
ШҚМУ Баспасы 1997ж.

Ұқсас жұмыстар
Газ заңдары және изопроцестер: идеал газ теңдеуі мен классикалық газ заңдары
Термодинамиканың бірінші заңы: ішкі энергия, негізгі термодинамикалық процестер және Гесс заңы
Термодинамиканың бірінші заңы мен адиабаттық процестер: энергияның сақталуы, қозғалтқыштар және атмосфералық құбылыстар
Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану: изотермикалық және изоқоралық процестер
Термодинамиканың І-заңы және изопроцесстерде қолданылуы
Газ заңдары және изопроцестер; созылмалы жүрек жетіспеушілігінің клиникасы, диагностикасы және емі
Идеал газ: МКТ негізгі теңдеуі, Менделеев-Клапейрон теңдеуі және изопроцесстер
Газдың ішкі энергиясы және оны өзгерту тәсілдері: Термодинамиканың І заңы
Термодинамиканың заңдары және изопроцестердің медицинадағы қолданылуы
Идеал газ ұғымы және Менделеев-Клапейрон күй теңдеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz