Толқындардың интерференция құбылысы


Slide 1

Толқындардың интерференция құбылысы

Slide 2

Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын интерференция құбылысы тән.

Кеңістіктің әрбір нүктесінде қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып, екі немесе бірнеше толқынның қосылуы интерференция деп аталады.

Slide 3

Интерференция құбылысындағы max және min- дар шартына сәйкес қосылатын екі толқынның жол айырмасы ұғымын қалыптастыру

Slide 4

Интерференция болуының басты шарты - толқын көздерінің когеренттілік шарты

Орнықты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін, толқын көздерінің а) тербеліс жиіліктері бірдей болуы қажет және олардың б) тербеліс фазалары өзара дәл келуі керек немесе уақытқа тәуелсіз тұрақты шама болып, қала беруі тиic.

Осы шарттарды қанағаттандыратын көздер когерентті көздер деп аталады. Когерентті толқындар қосылғанда ғана орнықты интерференциялық көрініс пайда болады.

Slide 5

Максимумдар шарты: Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді тудыратын екі толқынның жол айырмасы бүтін санды толқын ұзындықтарына тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы максимал болады. ∆d = kλ, мұндағы k=0, 1, 2 . . .

Slide 6

Минимумдар шарты : Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді тудыратын екі толқынның жолдарының айырмасы тақ санды жарты толқын ұзындықтарына тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы минимал болады: ∆d = (2k+1) λ/2, мұндағы k=0, 1, 2 . . .

Slide 7

Толқынның таралу принциптері Гюйгенс принципі

Толқындардың жайын сипаттайтын жалпы принципті алғаш Ньютонның замандасы Голландия ғалымы Христиан Гюйгенс ұсынған еді. Гюйгенс принципі бойынша, ортаның ұйтқу барып жеткен әрбір нүктесі екінші реттік толқындардың көзі болып шығады. Толқын бетінің t уақыт мезетіндегі орнын біле тұра, оның келесі t + ∆t уакыт мезетіндегі орнын табу үшін, толқын бетінің әрбір нүктесін екінші реттік толқындар көзі деп қарау керек. Екінші реттік толқындардың бәріне жанама бет келесі уақыт мезетіндегі толқын беті болып шығады. Осы принцип дыбыс, жарық толқындары сияқты кез келген толқындардың таралуын сипаттау үшін бірдей жарамды. Гюйгенс оны алғаш жарық толқыны үшін тұжырымдаған болатын.

Механикалық толқындар жағдайында Гюйгенс принципі көрнекі түрде түсіндіріледі: тербелістер барып жеткен ортаның бөлшектері, өз кезегінде, тербеле отырып, ортаның өзара әсерлесетін көршілес бөлшектерін қозғалысқа келтіреді.

Slide 8

Гюйгенс- Френель принципі

Френель Гюйгенс принципін екінші реттік толқындардың интерференция идеясымен біріктіріп барып, толқындық теорияны негіздеуде айтарлықтай табыстарға жетті. Френель идеясы бойынша кез келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз екінші реттік толқындарға жай ғана жанама бет емес, олардың интерференциялануының нәтижесі болып табылады.

Slide 9

Гюйгенс- Френель принципін түсіндіру: 1- екінші реттік (немесе элементар) толқындар; 2- алғашқы толқын шебі; 3- жаңа толқын шебі- екінші реттік толқындардың интерференциялану нәтижесі; 4- толқынды тудырушы тербеліс көзі.

Slide 10

Су бетіндегі толқындық құбылыстарды оқып үйренуге арналған құралдың жалпы көрінісі

Slide 11

Толқындық құбылыстарды оқып үйренуге арналған құралмен жасалған демонстрациялық тәжірибелерден, жиілік ~ 6- 7гц

Slide 12

Толқындық құбылыстарды оқып үйренуге арналған құралмен жасалған тәжірибелерден, жиілік ~ 4- 5Гц

Slide 13

Толқындық құбылыстарды оқып үйренуге арналған құралмен жасалған демонстрациялық тәжірибелерден. Интерференция құбылысы бақыланады.

Slide 14

Толқындық құбылыстарды оқып үйренуге арналған құралмен жасалған демонстрациялық тәжірибелерден. Интерференция құбылысы бақыланады

Slide 15

Су бетіндегі когерентті сфералық толқындардың қосылуын түсіндіру немесе екі когерентті сфералық толқын қосылуының интерференциялық көрінісін моделдеп көрсету схемасы.

Slide 16

Су бетіндегі когерентті сақиналық толқындардың қосылуын түсіндіру

Slide 17

Ағылшын ғалымы Томас Юнг тұңғыш рет, біреуі жұқа қабықшаның сыртқы бетінен, екіншісі ішкі бетінен шағылған 1 мен 2 толқындарды қосу арқылы, онын түстерін түсіндіру мүмкіндігі жөніндегі интерференция құбылысын ашқан данышпан ойға келді

Жұқа қабықшадағы интерференцияны түсіндіру

Slide 18

Жұқа қабықшадағы интерференцияны бiз сабын көпiршiктерiнiң немесе асфальттағы шалшық бетiне тамған майда түрлi-түстi болып құбылып тұратын дақ түрiнде байқаймыз. Мұның себебi қабықшаға түскен жарық оның жоғарғы және төменгi беттерiнен шағыла отырып, бiр-бiрiмен қабаттасып интерференцияланады.

Slide 19

Қабықшаның сыртқы және ішкі беттерінен шағылған толқындардың когеренттігі, олардың екеуінің де бір жарық шоғының бөліктері болуымен қамтамасыз етіледі. Әрбір сәуле шығарушы атомнан шыққан толқындар цугасын қабықша екіге бөледі, содан соң осы бөліктер бірігеді де, интерференцияланады

Slide 20

Қалыңдығы өзгермелі жұқа сабын қабықшасындағы интерференциялық жолақтар: а) интерференциялық көрініс; б) интерференциялық жолақтар ені төмен қарай кемиді, себебі қабықша ені артады. Суретте қабықша ені өте үлкендетіліп берілген. Оның ені тіпті төменгі бөлігінде бірнеше мкм- ден артпайды.

Slide 21

Жұқа қабықшадағы интерференциялық көрініс

Slide 22

Жұқа қабықшадағы интерференциялық көрініс

Slide 23

Ньютон сақиналарын алу схемасы

Slide 24

Микроскоп арқылы Ньютон сақиналарын бақылау: а) тәжірибе схемасы; б) алынатын интерференциялық Ньютон сақиналары

Slide 25

Ньютон сақиналары арқылы жарықтың толқын ұзындығын өлшеу

Slide 26

Ақ жарықтағы Ньютон сақиналары

Slide 27

Көк және қызыл жарықтағы Ньютон сақиналары

Slide 28
Ұқсас жұмыстар
Голография тарихы
Толқындардың интерференция және дифракция құбылысы
Жарықтың интерференциясы мен дифракциясы
Жарық толқындарының интерференциясы
Оптикалық сәулелену
Электромагниттік толқын
Жарық
Жарық толқындары
Табиғаттағы оптикалық құбылыстар
Вирусқа қарсы вакцина алу үрдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz