Керамикалық композициялы материалды алу технологиясы




Презентация қосу
Керамика (грек. keramike – қыш өнері, keramos -
саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен
араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық
емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер,
силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен
материалдар. Керамиканың негізгі технология түріне
құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс,
фарфор жатады.
Керамика дегеніміз не?
Керамика – қыштан керамикалық бұйымдарды
жасау өнері. Көзеші күнделікті шыныаяқ пен
тәрелкелерді 5000 жылдан аса уақыт бойына жасап
келеді. Керамикалық бұйымдардың үлгілері ретінде
саз балшықтан жасалған табақшаларды, гректік
және қытайлық құмыралар мен бастарды, сонымен
қатар саз мүсіндерді алуға болады. Боялған және
лакталған фарфор (кәрлер – керамикалық
бұйымдардың ең әдемі түрі) Қытайда шамамен
1300 жыл бұрын жасалған.
Тарихы
Ең алғашқы керамикалық бұйым ас пісіру және сақтау үшін
қолданылатын ыдыс түрінде жасалған. Күйдіру арқылы беріктігін
дамытып, әдемілік үшін ыдыстың қалың бүйірлеріне әр түрлі оюлар
салған. Энеолит дәуірінен бастап (б.з.б. 3-2 мыңжылдық) жазу да
жазады. Б.з.б. 4-3 мыңжылдықта Мысыр, Бабыл және Таяу Шығыс
елдерінде сыртына шыны тектес қабат күйдіріліп бекітілген
(глазурьленген) керамикалық заттар кездесе бастайды. Керамиканың
ежелгі заманда дамыған жерлері Оңт. Шығыс Азия, Орт. Азия елдері,
Ежелгі Мысыр болды.
Қазіргі таңда

Қазақстанда қазіргі заманғы керамика өндірісі 20 ғ-дың
50-жылдарынан бастап өрістеді. Күйдірілген кірпіш
өндіретін жүзден астам қыш зауыты іске қосылды.
Алматыдағы керамикалық тәжірибе зауыты алуан түрлі
сәндік, тұрмыстық бұйымдар шығарды. Астана
техникалық фарфор зауыты, керамика комбинаты,
Фарфор зауыты, Ленгердегі керамикалық құбыр зауыты,
Қапшағай фарфор зауыты заманауи талаптарға сай
керамикалық бұйымдар шығарады.
Жасалу технологиясы
Шикізаттардың құрамы мен күйдіру температурасына байланысты керамикалық
заттар тығыз (су сіңіру 5%-дан аз) және кеуек (су сіңіру 15-25%-ға жетерлік) болып
екі топқа бөлінеді. Құрылымына қарай ірі түйірлі (құрылыстық және шамот
кірпіштер) және ұсақ түйірлі (фарфор, фаянс) деп ажыратылады. Керамика
өндірісінің негізгі шикізаты – саз. Саз ішінде мөлшері 5 мм-ден астам тастар болса,
машинадан өткізіліп не тазартылады, не уатылады. Ұсақ түйірлі керамикалық
бұйымдар даярлау үшін күйдіргенде түсі ағаратын балшықтар, ақ саздар
(каолиндер), кварц, дала шпаты, т.б. қоспасыз сапалы шикізаттар қолданылады.
Керамикалық масса дайындалуы жағынан сұйық, илемдік, жартылай құрғақ болып
келеді. Керамиканы қалыпқа құю әдісі бұйымның түріне қарай таңдап алынады.
Отқа төзімді кірпіш, тыстамалық тақталар секілді қарапайым бұйымдар
құрғак майда массадан нығыздалып жасалады. Үй қабырғасына
пайдаланылатын кірпіш, қабырғаны қалайтын блоктар және қуыс қыштар,
құрғату құбырлары, т.б. иленді массадан ирек шнекті вакуум престер
көмегімен дайындалады. Фарфор-фаянс бұйымдары автоматты, жартылай
автоматты машиналармен иленді массаны гипс қалыптарға құю арқылы
жасалады. Қалыпталған керамикалық материалдар күйдіруден бұрын
кептіріледі. Күйдіру процесінде керамикалық массадан гигроскоптық су
бөлініп шығады және саз құрамындағы минералдар химиялық өзгеріске
ұшырайды. Күйдіру температурасы жоғарылаған сайын керамика құрылымы
тығыздалып, беріктігі артып, қуыстары азая түседі. Күйдіру температурасы
массаның құрамына, алынатын бұйым түріне және қасиеттеріне қойылатын
талаптарға байланысты 9000С – тан (құрылыс қышы) 20000С-қа дейін, ал
күйдіру мерзімі 2-3 сағаттан бірнеше тәулікке дейін жетеді.
Қазақстанның орта ғасырлардағы архитектура ескерткіштеріндегі
керамикалық құрылыс материалдарын нақты химия-петрографикалық
зерттеулер жүзеге асырылды. Көне құрылыс материалдарына ұқсас жаңа
жоғары сапалы материалдар: кірпіш (беріктілігі 15-30 МПа), түрлі-түсті
жылтыратпа (глазурь), майолика тақталар, жылтыратпа оюлы бұйымдар
өндірісінің технологиясы мен құрамы анықталды. Жергілікті шикізаттан
ескерткіштерді қалпына келтіруге керамикалық материалдар дайындау
Түркістан қайта қалпына келтіру шеберханасында жолға қойылған. Осындай
жұмыстар нәтижесінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі
қайта қалпына келтіріліп, республикалық маңызы бар мұражай ашылды.

Ұқсас жұмыстар
Керамикалық бұйымдар
Соңғысы каучуктың мех
Мөлшерге бөлінген ұнтақтар
КЕРАМИКАЛЫҚ МАССАЛАР ФАРФОР БИОКЕРАМИКА ҚҰРАМЫ, ҚАСИЕТТЕРІ
Керамикалық бұйымдарды кептіру технологиясының негіздері
Цирконий тотығың қаңқасының қалындығы
Құрылыс материалдарының қазіргі технологиялары
ДЫМҚЫЛ ӘДІС
Техникалық керамика, қолдануы. Керамикалық материалдардың технологиясының заманауи күйі
Композитті материалдар
Пәндер