Металдардың шығу тегі



Металдардың шығу тегі

Сутегі - су түзуші элемент
Сутегінің латынша аты - Hydrogenium (грекше: “гидрогениум - гидро - су” және “геннао - түзуші” - “су түзуші” деген сөз) . Бұл атауды су құрамы анықталғаннан кейін француз ғалымы А. Лавуазье (1779 ж. ) ұсынған. Ал қазақша “сутегі” деген атауды Р. Бөкейханов ең алғашқы (1928 ж. ) аудармасында пайдаланды. Ал “Н” белгісін И. Берцелиус (швед ғалымы) ұсынды.
Оттан су алуға бола ма? Болады! Шындығында таңғаларлық нәрсе тәрізді, дегенмен шындық. Бұл шындықты тәжірибе арқылы алғаш дәлелдеген (1766 ж. ) ағылшын ғалымы Генри Кавендиш. Ол сол кезде “жанғыш ауа” деп аталатын газды жабық ыдыста жаққанда су түзілетінін байқады. Алғашқыда өз көзіне өзі сенбеген Кавендиш күдіктене қарап, тәжірибені сан рет қайталады, тәжірибеден түзілген суды буландырып та көрді, су ешбір із қалдырмай “жоғалып” кетті. Бұған дейін атақты ағылшын табиғат зерттеушісі Д. Пристли де “жанғыш ауа” жанғанда ылғал түзілетінін байқаған болатын, бірақ ол оған аса мән бермеген еді. Ал Г. Кавендиш судың “жанғыш ауа” жай ауамен қосылып жанғанда ғана түзілетінін анықтады, сондықтан ол сутегін ашушы ғалым деп есептеледі.

Гелий - күн газы
Гелий - қасиеттері де, ашылу тарихы да ерекше элемент. Оның латынша аты - Helium (грекше: “гелиос” - “Күн” деген сөз) . Бұл атауды ұсынған ағылшын ғалымдары Э. Франкланд және Н. Локьер. Гелий - алғаш Күннен, содан кейін жерден табылған элемент.
1868 жылы 18 тамызда Француз астрономы Жюль Жансен Үндістанда толық тұтылған Күнді спектроскоппен зерттеу үстінде одан қопарылып шыққан газдар мен булар спектрлік сәулесінен жер бетіндегі элементтерге ұқсамайтын сары сызықтарды көрді. Ол сызықтардың айқын көрінгені соншалық, Жансенге бұл құбылысты күн тұтылмай, барлық сәулесін шашып, жарқырап тұрған кезде де көруге болмас па екен деген ой түсірді. Жансен келесі күні көкжиектен көтеріліп келе жатқан кезде Күнді көру үшін спектроскопқа жармасты. Ол спектроскоп арқылы өз болжамының дұрыс екеніне көзін жеткізді. Сөйтіп, ол сол күні - 19 тамызда өзі ашқан жаңалығы жөнінде баяндап, Париж Ғылым академиясына жедел хат жолдады.

Литий - аса жеңіл металл
Литий - металл алюминийден 5 есе, ал судан 2 есе жеңіл металл. Литийді жас швед химигі А. Арфведсон 1817 жылы сирек кездесетін минерал петалитке анализ жасау кезінде Я. Берцелиус лабораториясында ашқан. Арфведсон петалит минералын уатып, барий карбонатымен қосып қыздыру, жеке заттарға бөлу әдістерін қолдана отырып, минералдың 80 % кремний оксидінен, 17 % алюминий оксидінен және бұрын белгісіз сілтіден тұратынын анықтады. Арфведсон бұл сілтіні қандай болса да металл түзеді деп есептеп, өз ұстазы Я. Берцелиустен оған атау беруге кеңес сұрады. Ұстазы жаңа элементті “Литион” (грекше: “литос - тас” деген мағынада) деп атауды ұсынды, өйткені бұл минералдан алынған бірінші элемент еді (натрий және калий өсімдіктерінен алынған болатын) . Бірақ Арфведсон литийді бос күйінде бөліп ала алмады. Литийді 1818 жылдың соңында ағылшын ғалымы Г. Дэви литий оксидінен электролиз жолымен бос күйінде бөліп алды. 1850 жылдары Р. Бунзен мен А. Матиссен өндірістік электролиз процесін тағайындады, осы кезден бастап литий хлоридін электролиздеу арқылы литий көп мөлшерде алына бастады.

Бериллий - дәмді элемент
Берилл минералының тарихы өте ертеден басталады, оның әртүрлі кристалдарын адам баласы зергерлік бұйымдар дайындауда көптен пайдаланып келеді. Берилдің жасыл түсті минералы - изумруд (зумрет), ал көк және көгілдір түстісі - аквамарин, қызыл және қызғылт түстісі - воробьевит, сарысы - гелиодор деп аталады. Құрамында бериллийі бар минерал жалтырап, құбылып тұратын болғандықтан, минерал осылай аталған, ол гректің “бериллос” - жарқыраған деген сөзінен алынған. Хорезмнің ұлы ғалымы Бируни (973-1051 ж. ) өз заманында жерлестеріне құны 4 динарға (1 динар - 4, 23 г алтын) бағаланатын қымбат тас болатынын айтқан екен (ол алмаздан да қымбат бағаланған) . Изумрудтың ірі кристалдары сондай тастардың бірінен саналады.
Берилл минералын синтездеу арқылы алғаш зерттегендердің бірі - француз ғалымы Л. Вокелен. Бериллийдің латынша аты - Beryllium, бұл элементтің ашылған күні 1798 жылы 14 ақпан деп есептеледі. Сол күні Л. Вокелен Париж Ғылым академиясында “Аквамарин немесе берилл минералынан ашылған жаңа жер туралы” деген баяндама жасады. Онда зерттеу жұмысының нәтижесін талдай келіп, бериллийдің құрамынан глиноземге (алюминий оксиді) ұқсас тәтті “топырақ” алып, оның құрамынан әзірге белгісіз жаңа элемент анықтағанын хабарлады. Бұл элементтің кейбір тұздарының тәтті дәмі барын айта келіп, жаңа элементті глюциний грекше Glucinium - “тәтті”, белгісі Gl деп атағанын ескертті. Бұл минералды басқа француз ғалымы М. Клапрот та зерттеді. Клапрот бұл элементті минералдың атына сай бериллий деп атады ұсынды.

Бор - жұмбақ элемент
Қазіргі белгілі химиялық элементтер арасында бор элементінің алар орны ерекше. “Бор” атауы өте ертеден бар. Ертедегі алхимиктер көптеген кристалдық ақ тұздарды және бор минералы - бураны “борақ” деп атаған. Бор қосылыстарын олар осыдан 1000-1200 жыл бұрын әртүрлі мақсатта пайдалана бастаған.
Дегенмен минералдың құрамындағы элемент - бордың ашылуы 1808 жыл деп есептелінеді. Оны алғаш ашқан авторлар саны бірнешеу, солардың бірі - француздың атақты ғалымдары Ж. Гей-Люссак пен Л. Тенар. Олар бор қышқылын қыздырып, одан кейін (бор ангидридін) металл калиймен тотықсыздандыру арқылы онша таза болмаса да бор алған. Сол жылы ағылшын химигі Гемфри Дэви де балқыған бор оксидін электролиздеу әдісімен онша таза емес бор алды. Таза бор бұлардан 100 жыл кейін ғана алынды. Ілгерідегі ғалымдар борды өзінің ертеден белгілі қосылысы - бура, бор немесе “бораций”, арабша “бурақ” деген сөзіне сәйкес атаған.

Көміртегі - өмір тегі
Көміртегі - тіршілікке тірек, өмірге өзек элементтердің бірі. Оның қай уақытта қалай табылған мерзімін дәл баса айту қиын. 1781 жылы француз ғалымы А. Лавуазьенің “Жай денелер таблицасы” деген еңбегінде көміртегін латынша “карбонеум, карбо - көмір” деп жазған. Бұдан көміртегінің элементтік табиғатын алғаш дәлелдеген француз ғалымы А. Лавуазье деген қорытынды шығаруға болады. Орысша “углерод” деген атауды 1824 жылы орыс ғалымы М. В. Соловьев, ал 1928 жылы “көміртегі” деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов пайдаланды.
Көміртегі жан-жануардың, өсімдіктің негізгі денесін құрайды және оның миллионнан астам химиялық қосылыстары бар.

Азот - тіршілік тірегі
Азот элементінің ашылу тарихы ауа құрамын зерттеумен және оттегінің ашылу тарихымен тығыз байланысты. XVIII ғасырдан бастап ғалымдар ауаның құрамын зерттеуге баса назар аударды.
Азотты ең алғаш ағылшын ғалымы Даниль Резерфорд алды. Ол 1772 жылы 17 қырүйекте Эдинбург университетінде “тұрақты немесе тұншықтырғыш ауа туралы” деген магистрлік диссертациясында азот қасиеттеріне сипаттама берді. Сол жылы ағылшын физигі әрі химигі және философ Джозер Пристли де ауа құрамын зерттеп, ауаның тіршілік пен жануды қуаттайтын бір бөлігі және тіршілік пен жануды қуаттамайтын екінші бөлігі болады деп есептеп, екінші бөлігін “флогистонданған ауа” деп атады.
Азот - француз химигі А. Лавуазье қойған атау.

Оттегі - қышқыл туғызушы элемент
Химия ғылымының тарихында оттегінің ашылуы - ұлы оқиғалардың қатарына жатады. Оттегі химияны ғылым ретінде танытуға себепші, сонымен бірге көптеген ғылыми заңдар мен теориялардың, ұғымдардың тууына негіз болды десек, асыра айтқандық емес. Адам баласы оттың қасиетін түсінгелі сан ғасырлар өткенімен оттың оттегінсіз жанбайтынын тек кейініректе ғана білді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz