Еңбек гигиенасы




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті

Кафедра: Жалпы гигиена және экология.

СӨЖ
Тақырыбы: Еңбек гигиенасы

Орындаған: Баяхатова Алия
315 Б
Тексерген: Мендігүл Сапарғалиевна

Ақтөбе, 2011 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Еңбек түрлері
2.Еңбектің негізгі көрсеткіштері
3.Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
4. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
5. Еңбек гигиенасындағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудың басты
бағыттары
6. СЭС-тің еңбек гигиенасы бөлімінің ағымды санитарлық қадағалауы
(АСҚ) бойынша жұмыс жоспарының нұсқасының түрлері
7. Еңбек гигиенасы бойынша дәрігердің кәсіптік қызметінің
формалары
8. Еңбек гигиенасы саласы бойынша заңнамалық құжаттар
Қорытынды
Кіріспе
“Еңбек етсен емерсін” демекші, адам
үшін еңбектің орны бөлек.Күнделікті
жасалынатын іс-әрекетіміз, яғни күн
көрісіміз осы еңбектің арқасында болып
табылып отыр.Ал сол еңбектің адам
ағзасы үшін қаншалықты
зиян,қаншалықта пайдалы екенін
ойлана бермейтініміз бәрімізге мәлім.
Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі
түсініктер
Еңбек гигиенасы – ол құқықтық, әлеуметтік – экономикалық,
ұйымдастырушылық – техникалық, санитарлық – гигиеналық,
емдеу – профилактикалық және басқа шаралары кірген, еңбек
өту процессінде жұмыскерлердің денсаулығын қамтамасыз ету
жүйесі.
Еңбек жағдайы – ол еңбек процессіне адамның денсаулығы
мен іскерлігіне әсер етуші өндірістік орта мен еңбек процессінің
факторлары жинағы.
Қауіпті өндірістік фактор - әсері белгілі жағдайда жұмыс
істеушінің мертігуіне немесе денсаулығының күрт нашарлауына
келтіруші фактор.
Зиянды өндірістік фактор – ол кәсіптік паталогияның
пайда болуын, іскерліктің уақытша немесе тұрақты төмендеуін,
соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігінің өсуін,
ұрпақтардың денсаулығының нашарлауын тудыра алатын
өндірістік орта мен еңбек процессінің факторы.
Қауіпті және зиянды өндірістік
факторларының жіктелуі:

Психофизиологиялық факторлары:
1. Қозғалыс аппараттарына денелік (физикалық) күштердің түсуі
(статикалық және динамикалық):салмақтарды көтеру және
тасымалдау, дененің қолайсыз жағдайда болу, теріге,
буындарға, бұлшық етке және сүйектерге ұзақ қысымның түсуі
2. Физиологиялық жеткіліксіз төмен қозғалыс белсендігі
(гиподинамия)
3. Қан айналым, тыныс алу, дауыс байламына физиологиялық
жүктеменің түсуі
4. Нервтік – психикалық жүктеменің түсуі: ақыл – ой еңбегімен
байланысты эмоциянальдық жүктеме, анализаторларға
жүктеменің, еңбектің монотондығы
Физикалық факторлары:
1. Жұмыс аймағындағы ауаның төмен және жоғары
температурасы, ылғалдылығы және қозғалысы
2. Инфрақызыл сәулелерінің жоғары деңгейі
3. Ультракүлгін сәулелерінің жоғары деңгейі
4. Лазер сәулелерінің жоғары деңгейі
5. Иондаушы сәулелерінің жоғары деңгейі
6. Электромагниттік сәулелердің, электрлік және магниттік
өрістердің кернеулігінің жоғары деңгейі
7. Статикалық электрдің жоғары деңгейі
8. Жұмыс аймағындағы ауаның жоғары шаңдануы (токсинді емес
фиброгенді шаңдар)
9. Шудың, дірілдің, ультрадыбыстың және инфрадыбыстың
жоғары деңгейі
10. Жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықталуы немесе ұтымды
емес жарықталуы: табиғи жарықтың жоқтығы немесе
жетіспеушілігі, жоғары жарқырауы, сәулелер ағымының
жоғары пульсациясы
11. Жоғары немесе төмен атмосфера қысымы
Химиялық факторлары:
1. Жалпы токсиндік, тітіркендіруші,
сенсибилизациялаушы, канцерогендік,
мутагендік әсер беруші, репродуктивтік
функциясына әсерін тигізуші газдар, булар,
сұйықтар, аэрозольдер
Биологиялық факторлары:
1. Микро және макроорганизмдер –
инфекциялық, инвазиялық, саңырау құлақ
ауруларының көздері
2. Витаминдер, гормондар, антибиотиктер,
белок текті заттар
Өндірістік мертігу қауіпі:
1. Қозғалушы машиналар мен
механизмдердің, өндірістік жабдыңтардың
қорғалмалы жылжымалы элементтерінің,
жабдықтардың, материалдардың тағы басқа
беттердің жоғары немесе төмен
темперетураларының, қышқылдардың және
сілтілердің ерітінділерінің, электр тізбегінде
кернеудің қауіпті деңгейінің адамның денесі
арқылы өту т.б. Қауіптердің болуы.
Еңбек гигиенасындағы еңбекті
ғылыми ұйымдастырудың басты
бағыттары:

Гигиеналық:
1. Адамның денсаулығы мен еңбекке
қабілеттілігіне әсер етуші өндірістік
ортаның факторларын нормалау.
2. Өндірістік ортаның зиянды факторларының
деңгейін төмендету немесе жою жолымен
еңбек жағдайын жақсарту.
Физиологиялық:

1. Жұмыс орнын, машиналарды,
жабдықтарды, құралдарды физиологиялық
талаптарға сәйкес жасау.
2. Еңбек процесінде дене жүктемесін азайту.
3. Физиологиялық тұжырымдалған еңбек және
демалыс тәртіптерін енгізу.
4. Нервтік-эмоциональдық жүктеменің түсуін
азайту.
Токсикологиялық:

1. Жаңа химиялық заттарды нормалау.
2. Бұрын белгіленген ШРЕК-терге
түзетулер енгізу немесе оларды қайта
қарау.
3. Химиялық және физикалық
факторлардың қосарланған әсерлерін
зерттеу.
4. Зиянды химиялық заттарды зияндығы
төмен заттарға алмастыру
Медициналық:
1. Өндірістік эстетиканың талаптарын
орындау.
2. Техникалық эстетиканың талаптарын
орындау.
СЭС-тің еңбек гигиенасы бөлімінің ағымды
санитарлық қадағалауы (АСҚ) бойынша
жұмыс жоспарының нұсқасының түрлері:
1. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс
2. Кәсіпорындарды жоспарлық санитарлық
тексеру
3. Тақырыптық санитарлық тексеру (әйел
адамдардың, жасөспірімдердің еңбек
жағдайын бақылау).
4. Кәсіптік ауруларды, улануларды алдын алу
бойынша шаралар (жалпы
сырқаттанушылық пен кәсіптік
сырқаттанушылыққа талдау жүргізу, т.б.)
5. Ғылыми-тәжірибелік жұмыс
6. Санитарлық ағарту жұмысы
Еңбек гигиенасы бойынша дәрігердің
кәсіптік қызметінің формалары:
1. Ескертпелі санитарлық қадағалау – медициналық
профилактиканың ең маңызды элементі.
2. Ағымды санитарлық қадағалау – жұмысшылардың
денсаулығын қорғау және жоғары іскерлік деңгейін
сақтау мақсатымен, бақылауға жататын
объектілердегі жұмысшылардың гигиеналық еңбек
жағдайына және денсаулығына жан-жақты
зерттеулерді жүргізу жатады.
3. Ұйымдастыру - әдістемелік - дәрігердің өзінің ісін
жоспарлау және оған талдау жүргізу, зертханалық
жұмысын басқару және бақылау, санитарлық белсенді
оқыту, жұмысшыларды гигигеналық оқыту, емдеу-
профилактикалық мекемелерінің қызметкерлерінің
және инженерлік-техникалық қызметкердің т.б. еңбек
гигиенасы бойынша мамандығын жоғарылату сияқты
жұмыстарды қамтиды.
Еңбек гигиенасы саласы
бойынша заңнамалық құжаттар
1. Қазақстан Республикасының ата заңы
– Конституция, 30 тамыз 1995 ж
2. «Халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы
туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы, 2002 ж. 4 желтоқсан
3. Қазақстан Республикасының Еңбек
Кодексі, 15 мамыр 2007 жыл.
Қортынды
Кез-келген заттың зиянды,әрі пайдалы
жағы болады.Сол секілді еңбектің де
зиянды және пайдалы жағы бар,бірақ
біз еңбектің зиянды жағын барынша
азайтып,пайдалы жағын көбейту
қолымыздан келері күмәнсәз.Сондықтан
еңбектің гигиеналық нормаларын
сақтап,біліп жүргеніміз бәрімізге абзал.
Қолданылған әдебиеттер
Медицина тарихы бойынша оқу
әдістемелік құрал
Ю. П. Лисицын “ История медицины“
2004г
google kz. беттері
Р.К. Биғалиева “Бүкіләлемдік медицина
тарихы” Алматы 2004ж
Румянцев И.Г, Вишневский Н.Е. Козлова
Т.А “жалпы гигиена”
Г.И Румянцоа “Гигиена”
А.А. Минх “Методы гигиенических
исследований” Москва.
www.google.ru www.yandex.ru

Ұқсас жұмыстар
Еңбек физиологиясының негізі
Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
Гигиена-денсаулық негізі
Өндірістік гигиена және санитария
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін
Шаш гигиенасы
ӨНДІРІСТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТЫР
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Терісі бағалы аңдар гигиенасы
Еңбек қорғау келесі пәндермен тығыз байланысты:
Пәндер