Су факторторларымен байланысты аурулардын алдын алу жөніндегі шаралар




Презентация қосу
Су факторторларымен
байланысты аурулардын алдын
алу жөніндегі шаралар.
Халықты сумен қамтамасыз ету мәселесі су ресурстары
мен сапалы ауыз су жетіспеушілігі жағдайында өте
өзекті мәселе болып табылады. Дамыған елдерде ауыз
судың тазалық дәрежесін бақылау, ағынды суды қайта
тазарту және сумен қамтамасыз ету жүйесін жобалау
ұлттық экономиканы жоспарлаудың және қоғамдық
денсаулық сақтау саласының өмірлік маңызы бар бөлігі
болып табылады.  Қазіргі уақытта заманауи гигиена
ғылымы қоршаған орта және экологияның әсерінен
туындаған аурулар факторларының өзгеруінің себеп-
салдар байланысын анықтайтын жаңа деңгейге
көтерілді. Өмір сүру ортасындағы зиянды
факторлардың әсерінен халықтың денсаулығына «қауіп
бағасы» тұжырымы кең қолданыс тапты. Алайда ауыз
сумен қамтамасыз етудің гигиеналық мәселелеріне
байланысты нашар эпидемиологиялық жағдай, ауыз су
сапасына байланысты жұқпалы емес аурулар, алдын
алу шараларының тиімділігі өте жеткіліксіз түрде
зерттелген. Бұл факт болашақта сумен қамтамасыз ету
сапасын жақсарту және еліміздің нашар экологиялы
аймақтарындағы халықтың денсаулығын сақтау
маңыздылығын анықтайды.     
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында халықты, әсіресе
ауылды жерлерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету
жағдайы алаңдатып отыр. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен
қамтамасыз етудің басты мәселесі халықтың орналасу
жағдайы ауылшаруашылық еңбегінің ерекшелігімен
анықталатын  сипатымен байланысты. Қазақстан
жағдайындағы жер беті және жер асты су көздеріндегі
тұщы судың жетіспеушілігі маңызды фактор болып
саналады. Ауылдарда  орталықтандырылған сумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру бірқатар аумақтарда елді
мекендердің  бытыраңқы орналасуы және ауылды
орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді
ұйымдастырудың қымбатқа түсуіне алып келетін олардың
әрқайсысында халық санының аздығымен байланысты
белгілі бір қиындықтарға кездесіп отыр.

Ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз етумен байланысты
экологиялық-гигиенаналық жағдай талдамасының
проблемаларын шешуде гигиеналық амал-тәсілдерді жүзеге
асыру үшін «себептен салдарға» векторлы мониторингтік
зерттеу таңдап алынды, яғни ауыз судың сапасы су
факторымен астасып келетін халықтың потологиясын
анықтайтын факторлық жүйе түрінде.
Әдебиет деректеріндегі талдау және өз зерттеулеріміз негізінде
шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің сапасын бағалау
және мониторинг көрсеткішткері үшін төмендегідей әдістемелік амал-
тәсілдер жасалды:
 
- мониторинг еліміздің әр аймақтарындағы судың санитарлық
жағдайын салыстыруға мүмкіндік беретін ақпаратты ұсынуы тиіс, ол
су сапасының бірыңғай бағалау көрсеткішін пайдалануды белгілейді;
- су көздері ластануының аймақтық ерекшеліктерін көрсету үшін
аймақтағы ағын судың құрамы мен қасиетін сипаттайтын ластаушы
факторлардың тізімін құру қажет;
- мониторингтік зерттеу кезінде ауыз су сапасы критерийінің ең
төменгі санын пайдалану керек, ең жоғары дәрежеде су факторының
халық денсаулығына қауіпті әсерін анықтау керек: су қасиетінің
органолептикалық өзгеруі, қышқылдануы, тұздылығы, рН,
санитарлық-химиялық және микробиологиялық құрамы және т.б.;
- су объектілерінің мемлекеттік гигиеналық мониторингі белгілі бір
уақыт ішінде судың ластану динамикасын бағалауда, оның ішінде су
сапасының өзгеру бағытын анықтау үшін ұзақ мерзімді көп жылғы
бақылауда негіз болуы керек.
 
Жоғарыда айтылған әдістемелік амал-тәсілдерге сәйкес ауылдық
жерлерді сумен қамтамасыз ету жүйесін гигиеналық бағалау және су
факторының адам денсаулығына әсерін анықтау үшін ауыспалы
көрсеткіштер белгіленді:
- халықты ауыз сумен қамтамасыз ету;
- су көздерінің түрлері;
- су көздеріндегі судың сапасы;
- ауыл халқының денсаулығы.
Бақылау аумақтары өзара төмендегі өлшемдер
бойынша бір-бірінен ерекшеленуі керек:
- сумен қамдау көздері (жер беті, жер асты);
-орталықтандырылған сумен қамдау жүйелерінің
болуы немесе болмауы;
- тәулігіне орта шамамен суды қолдану нормасы;
- судың ластану құрамы және дәрежесі.

Бақылау топтарын қалыптастыру үшін зерттеудің
когорталық әдісі пайдаланылады. Ауыз су сапасының
ауыл халқының денсаулығына әсерін зерттеу бойынша
эпидемиологиялық зерттеу моделі «көшірме-сыңар»
типі бойынша зерттеу болып табылады. Салыстыру
топтары – ең бастысы әр түрлі сумен қамтамасыз ету
көздерін пайдаланумен және олар қолданатын су
сапасымен ажыратылатын зерттеу аймақтарындағы
ауыл тұрғындары. Бұл модель үшін қалған маңызды
факторларды (әлеуметтік-экономикалық, кәсіби,
маусымдық, жас ерекшелігі-жыныстық, атмосфера
ауасының ластануы, азық-түлік сапасы және т.б.)
мейлінше түзеу міндетті шарт болып табылады.
Ауылдық жерлердегі шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету
жағдайын зерттеуге ұсынылған әдістемелік амал-тәсілдер:
- су сапасын аймақтық деңгейде бақылау үшін басым заттар мен
көрсеткіштердің таңдауын жүзеге асыруға;
- белгілі бір кезең ішінде салстырмалы жайын шаруашылық ауыз
сумен қамтамасыз ету жүйелері объектілерінің жағдайына
кешенді санитарлық-гигиеналық талдау беруге;
-  белгілі бір кезең ішінде су факторларымен астас болған ауыл
халқының жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен ауру
талдамасын облыстық және республикалық көрсеткіштер
құбылысымен салыстыра отырып беруге;
- алынған деректер негізінде зерттелген аймақта тұратын ауыл
халқының денсаулығы мен сумен қамтамасыз ету сапасының
арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауға;
- ауылдық жерлердегі шаруашылық-ауыз сумен қамдау
шарттарын және ауыл халқының денсаулығын жақсарту
шарттарын санитарлық бақылауды оңтайландыру үшін
сауықтыру-профилактикалық шаралар кешенін жасауға
мүмкіндік береді.
 
Осылайша, халықты сапалы ауыз сумен
қамтамасыз ету денсаулық сақтаудың аса
маңызды факторы болып табылады.
Шаруашылық-ауыз су мақсатында
санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес
келмейтін суды пайдалану жұқпалы және
жұқпалы емес аурулардың туындауына
жағдай жасап, адамдардың денсаулығына
шынайы қауіп төндіреді. 
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ұлан ауданы бойынша
басқарма бастығы Х. Илюбаевтың «Аудан тұрғындарының санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайы туралы» баяндамасын аудандық
мәслихат тыңдап және талқылап, ауданда тұрғындардың санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету жөнінде нақты
жүргізілген жұмыстарды атап өтеді. Атқарылған жұмыстар
нәтижесінде өткен жылы ауданда іш және бөртпе сүзек жұқпалы
аурулары, паратиф, полиомиелит, дифтерия, сальмонеллез және
басқа жұқпалы аурулар тіркелмеген. Жіті ішек жұқпалы ауруы 1,8
есеге, туберкулез 1, 2 есеге, қышыма, дерматомикоз 1, 7 есеге, «А»
вирус гепатиті және дерматомикоз ауруларының саны төмендеді. Ішек
жұқпалы ауруларының алдын алу бойынша 2008-2010 жылдарға
арналған санитарлық-гигиеналық және эпидемиологияға қарсы
шаралардың кешенді жоспарларын жүзеге асырыға бақылау
қамтамасыз етіледі. Егу-емдеу және тамақ шығаратын мекемелердің
қызметкерлерімен сальмонеллездың алдын алу мен анықтау жөнінде
семинар-кеңестер өткізіліп тұрады, сондай-ақ апта сайын жұқпалы
аурулар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіліп,
соның қорытындысымен санитарлық-гигиеналық, эпидемиологияға
қарсы шаралар жүргізіледі.
Әрбір педиатриялық учаскеде мақсатты топтағы балалар мен
тұрғындарды егу-емдеу жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіледі.
Барлық егу-емдеу мекемелері вакциналарды сақтау үшін
термоконтейнерлермен, хладоэлементтермен, шокқа қарсы
салулармен, тоңазытқыш жабдықтарымен толығымен жасақталған.
Ай сайын лабораториялық байқау кестесі жасалады және сапалы
ауыз суға лабораториялық бақылау қамтамасыз етіледі. Су өткізетін
құбырлардың санитарлық-техникалық жағдайы мен сапалы ауыз
суды жақсарту бойынша шаруашылық субъектілермен бірлескен іс-
шаралар өткізіледі. Орталықтандырылған су көздерінің аумағында
қоршауларды ағымды жөндеу, тиіс аумақтарды көріктендіру
жүргізілді, малдардың су ішуіне тыйым салатын белгілер
орнатылды. Барлық су өткізетін құбырлардың ауыз суын
зарарсыздандыру үшін реагенттермен қамтамасыз етілген.
Елді-секендерді санитарлық тазалауға рейдтік тексерулер
жүргізілді.
Сол уақытта ауданда атқарылған жұмыстарға қарамастан
аурулардың кейбір түрлері жоғары болып қалуда. Мысалға,
бруцеллез ауруының өсуі көрсетілген. 2008 жылға осы аурумен
ауыратын 18 жағдай тіркелген. Адамдар арасында бруцеллездың
жайылуындағы негізгі фактор малдар арасындағы қолайсыз
эпизоотикалық жағдай мен жеке бас гигиеналарын сақтамау болып
табылады. Аблакет, Алмасай, Тарғын, Бозанбай ауылдық
округтерінде мал бруцеллез аурулары бойынша шектелген іс-
шаралар жасалған. Осы және басқа округтерде елді-мекендерді көң,
қи, тезекке толтыру, жол маңына, өзен жағаларына көң апару
байқалуда, рұқсат етілмеген тұрмыстық қатты қалдықтар
жерлерінің саны көбеюде, малдарды сақтандыратын егулерді толық
қамтымау деректері бар. 2008 жылы екі айлық кезеңінде 37 елді-
мекенде санитарлық тазалау бойынша басқарма қызметкерлерімен
барлығы 18 рейдтік тексеру жүргізілді, бұл сөзсіз жеткіліксіз.
Барлық елді-мекендерде иесіз мал мен иттердің бар болу жағдайын
шиеленістіруде.
Туберкулез ауруы жай қайқынмен төмендеуде.
Өткен жылы туберкулезбен ауруының 12 жағдайы
тіркелді, олардың 10-ы үлкен және 2-уі жасөпірім.
6 адам қайтыс болды. Бұл деректер ауданда алдын
алу жұмыстарын өткізудегі кемшіліктердің куәсі
болып табылады.
Ауданның 35 егу пунктерін тексеруде жедел
медициналық көмек көрсету бұрыштарының
препараттарымен жасақтау толық емес көлемде
орнатылған, мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді
іске асыру, Сағыр, Ұлан ауылдарының дәрігерлік
амбулаторияларында, Таврия ауылындағы
аудандық орталық ауруханада, Асубұлақ кентінің
отбасылық учаскелік амбулаториясында, Бетқұдық,
Бестерек, Жаңа Қанай, Пролетарка, Айтықов,
Васильевка ауылдарының фельдшерлік
пунктерінде егу күнтізбесінің бұзылуы анықталған.
Ауданның көптеген су өткізетін құбыр жүйелеріне
және басқа сумен жабдықтау көздеріне күрделі
және ағымды жөндеу қажет.
Қазқастан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Заңының 6 бабы негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ұлан ауданы
бойынша басқарма бастығы (Х.Ж. Илюбаев) ұсынылсын:
- аудан тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын
қамтамасыз ету және жұқпалы ауру-сырқау мен басқа ауру
түрлерін азайту бойынша қосымша шаралар қолдансын;
- елді-мекендердің санитарлық жағдайына рейдтік тексеруді жиі
жүргізсін және кінәлі тұлғаларды материалдық жауапкершілікке
тартсын.
2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі (Г.Н. Калиева) «Молодежный»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мен «Коммунальник»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен бірлесе отырып
Герасимовка, Алмасай, Восточное және Каменка, Митрофановка
Ново-Азовое ауылдарында су өткізетін құбырлар қызметі
жөніндегі мәселені шешсін.
3. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Е.Т. Турганов)
бюджеттік жоспарлауда тұрғын-үй коммуналдық объектілерді, су
өткізетін құбырлар мен сумен жабдықтаудың басқа көздерін
жөндеуге, сонымен қатар ауданның елді-мекендерінде тұрмыстық
қатты қалдықтарды төгетін жерлер үшін жер телімдерін
заңдастыруға сметалық құжаттарға сәйкес ақша қаражаттарын
бөлуді қарастырсын.
4. Ауыл шаруашылық бөлімі (А.С. Сергазин) жұқпалы
аурулардың алдын алу үшін мал қораларын қыстамақтан
кейін және қыстамақ алдында заласыздандыру бойынша
аудандық ұйым құруға шара қолдансын.Ауылдық
аудандардың шаруа қожалықтарындағы соғым пунктінің
бар болуы яғни, орталықтандыру проблемасын шешу үшін
дұрыс әрекет ету.
5. Ауылдық округ пен кент әкімдері елді-мекендерді
санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру
бойынша жұмысқа әрбір ауыл және кент тұрғындарын тарта
отырып жұмысты жандандырсын.Ауылдық округ әкімдерінің
қарамағындағы мал қорымы жұмысын жеделдету
«Ветеринария туралы» Заңының 10 пунктіне
сәйкес.Қаңғыбас малдар мен үйсіз иттерге қарсы қосымша
шаралар қабылдау.
6. ШҚО Ұлан ауданының санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалаудың басқару Департаментіне, экономикалық және
бюджеттік жоспарлау бөліміне, ауыл шаруашылық бөліміне,
тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және автомобиль
жолдарымен бірге КГП «Молодежный» және КГП
«Коммунальник» , ауыл және округ әкімдеріне 2009 жылдың
20 маусымына дейін аудан маслихатына берілген шешімнің
атқарылуы туралы ақпарат беру.
Орындаган : Қадірбергенов Ә.А
302 б
Тексерген:Наурызова А.А

Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың филяриотоздары және оларға қарсы ветеринарлық-санитарлық шаралары
Төтенше жағдайдан туындаған шығынды азайтуды ұйымдастыру шаралары
Алдын ала және кезекті медициналық тексеруді ұйымдастыру
ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫҢ АЛДЫҢ АЛУ ШАРАЛАРЫ
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Жұқпалы аурулар туралы
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары, дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері. Халықтың карантин және обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі. Халықтың табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Кәсіби аурулар жиынтығын сипаттайтын
АҚШ және Еуропалық одаққа кіретін елдердің стандарты
Азаматтық қорғаудың басқару органдары
Пәндер