Тері гигиенасы туралы
Презентация қосу
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРА: ЖАЛПЫ ГИГИЕНА
ФАКУЛЬТЕТ: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА
Тақырыбы: Тері гигиена
Орындаған: Баяхатова А.315 Б
топ
Тексерген: Асылхан Н.А.
Ақтөбе, 2011 жыл
Ы:
КІРІСПЕ.
Тері туралы түсінік.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
а) Тері жамылғысының құрылысы.
ә) Дене тазалығы .
б) Жеке бас тазалығы.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі
қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық
әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері
микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей
қорғаныштык қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу
үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар.
Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен,
адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене
температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз
ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.
Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы,
азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым
үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін аткарады.
Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады.
Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар
шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де
атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын,
температураны, ауырғанды сезеді.
ТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Адам терісі негізінен үш қабаттан
тұрады. Терінің сыртқы қабаты -
эпидермис (лат. ері - сырты, үсті,
derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз
тері (дерма), ішкі қабаты - шелді
қабаты деп аталады. Соңғы кезде
шелді қабатпен нағыз тері қабатын
біріктіріп, бір қабат деп санауда.
Терінің эпидермис қабаты - көп
қабатты жалпақ эпителий (жабын)
ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы
атқаратын қызметіне сәйкес түрліше
болады. Үнемі механикалық күш
түсетін жерлерде (алақанда, табанда)
эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм).
Көкіректе, құрсақта, санда, білекте,
мойында эпидермис қабатының
қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.
Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы
қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы
тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі
түлеп түсіп отырады. Қайызғақ көбіне шаштың
арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді
қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен
қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді.
Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда
болған. Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат
дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар
орналаскан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі
арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші
қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі
тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін
тигізеді. Терінің екінші қабаты - нағыз тері қабаты
(дерма). Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді.
Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді
дерматолог деп атайды.
Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген.
Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске
жанаса орналаскан сыртқы қабатын - емізікшелі
(сосочковый), ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат
дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты
дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта
қантамырлары, лимфа тамырлары, жүйке
талшықтары өте жиі орналаскан. Эпидермисті
қажетті қоректік заттармен осы қабат камтамасыз
етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік
тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің
сыртқы бедері түрліше болады. Қылмысты істерді
анықтауда саусақ ұшындағы тері бедері көп
пайдасын тигізеді. Дерманың торлы қабаты, тірек
қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер
және май бездері орналасады. Теріде сүт бездері
болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне
жатады.
Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі
терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар
түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда,
қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер бездері
арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді.
Тер бездерінен бөлінген тер дене
температурасының тұрақтылығын сақтайды.
Балаларда тер бездері нашар дамыған.
Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне
ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы
бездерден бөлінген май теріні құрғап кетуден
сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің
жұмсақтығы мен серпімділігін камтамасыз етеді.
Майлы бездер баста, бетте көбірек болады. Теріде
болатын ерекше жасушалар күннің ультракүлгін
сәулелерінің әсерінен пигмент (меланин) бөліп,
терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні бар.
Тері шелмайы қабаты (гиподерма) да дәнекер
ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады.
Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде
пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және
сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен корғайды.
Шаш, түктер, тырнақ - эпидермистің қосалқы мүйізді
түзілістері. Алақанда, табанда, ерінде түктер
болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер - шаш деп
аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бөлігі
- сояуы (қылшығы), терінің астында түбірі мен
жуашығы орналаскан. Түктің жуашығы мен түбірінің
сыртын түк қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығымен
қантамырлар, жүйкелер және түкті тікірейтетін
бұлшықеттер байланыскан. Түк қалтасына майлы
бездердің өзегі ашылып, шашты (түктерді), теріні
майлап тұрады.
Тырнақ — саусақ ұштарының сыртында орналаскан
жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі
өсіп отырады.
ТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Терінің қорганыштық қызметі-
Сыртқы ортаның механикалық
әсерлерінен корғайды. Суықтан,
ыстықтан, ауру қоздырушы
микробтардан, зиянды заттардан
да қорғайды.
Бөлу қызметі-зат алмасумен
тікелей байланысты. Тер арқылы
су, аммиак, несепнәр (мочевина),
минералдықтұздар және т. б.
заттар бөлінеді. Тердің тәуліктік
бөліну мөлшері сыртқы ортаның
температурасына, атқаратын
жұмыска байланысты. Сезгіштік
қызметі теріде болатын сезгіш
жасушалар мен жүйке
талшықтарына байланысты.
Солар арқылы температураны,
ауыр- сынуды және т. б. сезеді.
Жылуды реттеу қызметі дене
температурасының бірқалыпты
деңгейде сақталуымен
байланысты.
Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі.
Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет
атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі
физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды.
Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты
шаруамен айналысқан шақта адам терісін
кір шалады. Адам терлесе кір теріге
жабысып қалып, терінің тыныс алуын
қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп
қалады. Осыдан барып теріде өтетін
физиологиялық - биохимиялық үрдістердің
қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май
бездеріне жұқпалы ауру тарататын
микробтардың енуі фолликулитті
туындатады. Микробтар әсерінен терінің
бетіндегі органикалық заттар ыдырап,
жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және
тері қабынуы – дерматит дерті дамиды.
Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады.
Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі
тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні
тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы
сабынмен сабындап жуу керек. Оны
дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір
рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну
керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол,
мойын қосымша күтім жасауды қажет
етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше
түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар
көбейеді. Ішек – қарын инфекциясы күрт
инвазиясы, гепатит вирустары жиналады.
Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің
қаншалықты рөл атқаратыны көптеген
адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ
астында жиналады және оларды тек арнаулы
щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын
жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет
пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында
тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін
айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ
немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер
тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп
аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды
да пайдаланған да тері онша құрғамай
қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына
кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде
жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ
терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу
үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ
арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі
Қол, қолтық асты және дененің басқа бір
бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек.
Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы,
сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға
түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып
сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа
деген ынта жігері арта түседі. Монша
гигиенаны жақсы өткізеді. Денені
сауықтырады. Сібірде тұратын орыс халқы
моншаға түсіп, ал буда отырғанда қайың,
емен жапырақтарынан жасалған
сыпыртқылармен сабаланып, содан кейін
моншадан жүгіріп шығып қалың қарға
аунайды. Сонда дене жақсы шынығып,
денсаулық артады.
ШАШ КҮТІМІ.
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның
сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың
байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік
заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да
шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс
рөлін атқарады.
Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел
адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп
шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда
әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000
тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай.
Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май
жағып отыру қажет. Крем жағып қойғанда дұрыс. Ол
шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді.
Прическа біздің сәніміз болңандықтан әр адам
өзінің шашының денсаулығын қадағалайды.
Осыдан да шығар шаш жағдайы біздің сыртқы
пішініміздің бір көрінісі. Адам шашы әрқашан
сыртқы орта факторының әсерінен өзгірістерге
ұшырап отырады. Химиялық препараттар, шаң,
қоқыстар, атмосферлық әсерлер шаш жағдайына
мейлінше әсер етеді. Сондықтан шашты күтуге
көп төзім керек.
Организм және шаш түбірінің жағдайына
байланысты шаш бірнеше айдан бірнеше жылға
дейін өмір сүреді. Шаштың омір сүруінің орташа
көрсеткіші шамамен бес жыл. Осыдан кейін шаш
түсіп, орнына жаңа шаш түбірлері өсіп шығады.
Қалыпты жағдайда күніне 30 шаш түссе, күз айы
мен көктем айында 100 шаш түседі.
ШАШТЫҢ 4 ТҮРІН АЖЫРТАДЫ:
Қалыпты.
Майлы.
Құрғақ.
Аралас.
Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған
дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн
өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-
14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс.
Шашты жылы суға жуып, белгілі бір
шампуньді пайдаланыңдар. Шашты
сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі
өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Сондықтан
да шампуньмен жуған дұрыс. Ұзын шашты
өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап
отыру керек. Майлы шашты сабынды
спиртпен немесе калийі көп көк сабынды
спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын
шашты дезинфекциялап, шаштың майын
бірден кетіріп жібереді.
Шампуньмен жуғаннан
кейін шашты бірнеше
рет сумен мұқият шайып,
шампунның микробтарын
түгелімен кептіріңдер.
Шаштарыңыз жарқырап
тұру үшін 1 литр суға
асханалық қасықпен 2
қасық 8%-ті сірке
қышқылын қосып, шашты
шайыңдар. Содан кейін
шаштарыңды тарақпен
тараңдар. Тарақтың жүзі
өткір болмағаны дұрыс.
Әдетте ең жақсы тарақ
капроннан жасалынады.
Тарақты ыстық сумен
сабындап жуып, оны таза
ұстаған жөн. Әрбір
Тырнақтың күтімі. Аяқ және қол
саусақтарының тырнақтарын өсірмей үнемі
алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-
журналдарда жасанды тырнақ өсіреміз деген
хабарландыру жүреді. Тырнақ қандай
жағдайда болмасын күтімді қажет етеді.
Тырнақ алу гигиенаның ең бір басты міндеті.
Бір аптада тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз
айларында тырнақ қыс айларына қарағанда
тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты
алып отыру керек. Ұзын болып өскен
тырнақтың астына ауру тарататын микробтар
көп шоғырланады. Ондай тырнақ
денсаулықты нығайтпайды. Тіпті
микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз.
Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.
Тырнақты апта сайын
немесе екі аптада бip
рет алып отыру керек.
Мұны моншаға
түскеннен соң
жасаған қолайлы.
Өйткені тырнақ;
жұмсарып, алуға
ыңғайлы болады.
Тырнақты кeмipyгe
болмайды. Мұндай
әдет зиянды, өйткені
тырнақ дұрыс өспейді
және организмге
алуан түрлі микробтар
ұялағыш болады.
БЕТ КҮТІМІ
Бет терісі аяқ пен қол денесінің терісіне
қарағанда өте нәзік болып келеді. Бетке
белгілі бір факторлар (жел, су, шаң,
салқын, ыстық) әсер еткенде ол өзінің
өңін жоғалтады. Оған күтім жасау саты
бойынша жүргізіледі:
Бет құрғақ болса, бет жуғыш заттарды аз
пайдалану.
Беттің серпімділігін арттыратын кремдер
жағу.
Бетке ыстық заттардың тиюінен абай
болу.
ТІС ЖӘНЕ АУЫЗ
ГИГИЕНАСЫ.
Адамның тісі оның негізгі
машинасы. Өйткені
қандай тамақ болсын
тіспен шайнап жейді. Тісі
жоқ адамның сөзі дұрыс
болмайды. Тіс адамның
бет әлпетінің сұлулығын
қамтамасыз етеді. Тісі
түсіп қалу, тісті ауыз
қуысының гигиенасын
сақтамағандықтан
болады. Сондықтан да тіс
пен ауыз қуысын ерекше
күтімге алған жөн.
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып,
тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының
пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық
материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда
ауыстырып отырыңдар;
2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды
үнемі жасап отырған дұрыс;
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған
жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және
ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып
тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның
әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде
жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық,
сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық –
физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар –
фермениттер – биологиялық катализаторлар,
микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор,
кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік
жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне,
қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына
жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем - домдық
– профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен
шайыңдар. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек.
Балалардың тіс щеткасы
арнайы жұмсақ
талшықтан
дайындалады. Осындай
қалыптағы тіс
щеткалары пародонтпен
ауыратын науқастарға
ұсынылады.
Қолданылатын тіс
пасталарын екіге бөлуге
болады: балаларға жіне
үлкендерге арналған.
Балаларға арналған тіс
пастасында фторы аз тіс
пастасы қолданылады.
ҚОЛ ЖӘНЕ АЯҚ КҮТІМІ
Аяқ пен қолға ерекше күтім керек. Себебі,
қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі
жұқпалы ауру тарататын микробтар
көбейеді. Ішек – қарын инфекциясы күрт
инвазиясы, гепатит вирустары жиналады.
Жұқпалы дерттердің таралуына қол
кірінің қаншалықты рөл атқаратыны
көптеген адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90 %
тырнақ астында жиналады және оларды
тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға
болады. Қол жуатын жерде кішкентай
щетка тұруы пайдалы.
Жаз кезінде аяқты күн сайын сабын мен жылы
суға жуып тұру керек. Ал қыс кезінде аптасына
3 рет жуу керек және киіп жүрген аяқ киімді
кептіру керек, себебі аяқ терлеп, жағымсыз
иістер шығады, жағымсыз иістер шыққан кезде
аяқты жуғаннан кейін кептіріп, аяққа арналған
кремдер мен дездоранттар шашу керек.
КИІМ – КЕШЕК ЖӘНЕ АЯҚ
КИІМ ТАЗАЛЫҒЫ.
Адамның барлық денесі, киім – кешегі, аяқ киімі
өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ киімге көңіл
бөлу қажет. Аяқ киімнің әдемі жаңа, киюге өте
қолайлы болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі
аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты
кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол
аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа
туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар
синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл
мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек.
Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған
жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде
«Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар
джинсы киіп жүргендіктен пайда болады.
Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс
киімі мақтадан тігілген болу керек.
Синтетикалық киімді жазды күні киюдің қажеті
жоқ. Өйткені адам денесінің терлегенде киімге
тер сіңбей жұқпалы ауру тарататын
микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра
күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк,
жасыл, ақ, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс.
Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол
түсіреді. Ал, жаз айларында раушан түсті ақ
киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық
киімдерді салқын түскен кездерде киюге
болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап
алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек
ауруларын туғызуы мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Осындай кеңестерден кейін
әрқашан денсаулықтарыңыз
мықты, денелеріңіз таза
болсын.
Таза болып жүрген адам ғана
өз денсаулығын күте алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
Торгаутов Б.К., Сералиев М.Ш.
Жалпы гигиена,Шымкент,
2011
Журнал “ ЗОЖ”.
Пайдалы кеңестер газеті.
www.google.ru
www.medic.ru
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz