ОЖЖ рефлекторлық қызметі. Физиологиялық қызметтің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі қызметтің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері. Рефлекс. Жүйке орталықтары принциптері. Рефлекс. Жүйке орталықтары және оның қасиеттері. ОЖЖ-нің үйлестіру және оның қасиеттері. ОЖЖ-нің үйлестіру және интегративті қызметтерінің және интегративті қызметтерінің механизмдері. ОЖЖ-гі тежелу механизмдері


Slide 1

ОЖЖ рефлекторлық қызметі. Физиологиялық қызметтің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері. Рефлекс. Жүйке орталықтары және оның қасиеттері. ОЖЖ-нің үйлестіру және интегративті қызметтерінің механизмдері. ОЖЖ-гі тежелу № 2 дәріс

ҚазҰМУ Қалыпты физиология кафедрасы 2014-2015 оқу жылы 2 курс, «Жалпы медицина» факультеті

Slide 2

ЖОСПАР:

1. Функцияларды реттеудегі рефлекстік принципі.

2. Рефлекстік теорияның даму тарихы.

3. ОЖЖ зерттеу әдістері.

4. Рефлекс.

5. Рефлекстік доға.

6. Рефлекс түрлері.

7. Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері .

8. ОЖЖ тежелу, оның түрлері.

9. Үйлестіру.

Slide 3

Жүйке жүйесі екіге бөлінеді: орталық және шеткі. ОЖЖ жатады: бас ми және жұлын. Шеткі жүйесі- түйіндер мен жүйке талшықтары.

ОЖЖ маңызы:

Жеке организмнің сыртқы ортаға бейімделуін.

Организмнің қызметін үйлестіру, біріктіру.

Организмнің бағытталған іс-әрекетін қалыптастыру.

Түскен тітіркендірулерді талдауын, қортуын өткізу

Эфференттік импульстарды қалыптастыру.

Организм жүйелерінің тонусын қамтамасыз ету.

Рефлекстік және өткізгіштік

Slide 4

ОЖЖ зерттеу әдістері.

Экстирпация-алып тастау ( толық, толық емес) .

Қоздыру (электрлік, химиялық) .

Радиоизотоптық әдіс.

Модель жасау (физикалық, математикалық, концептуалдық) .

ЭЭГ (электр потенциалын тіркеу) .

Стереотаксикалық әдіс.

Шартты рефлекстерді қалыптастыру.

Компьютерлік томография.

Патологиялық-анатомиялық әдіс.

Slide 5

ОЖЖ екі қызмет атқарады: 1. Рефлекстік;

2. Өткізгіштік.

Рефлекстік қызметтің негізін рефлекстер құрайды.

Рефлекс - дегеніміз ОЖЖ-нің сыртқы

немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін

күрделі жауабы.

Slide 6

Рефлекстік жауап - рецептивтік өрістің табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғары күшпен тітіркендіруден пайда болады. Рецептивтік өріс - дегеніміз әрбір рефлекстің рецепторлары орналасқан аймағы.

Slide 7

Рефлекстің морфологиялық негізі - рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады.

Slide 8

Рефлекс уақыты - рефлекс орындалатын уақыт, ол 5 компоненттен құралады: - рецептордың жасырын (латенттік) кезеңі; - қозудың афференттік жүйке талшықтарымен өтетін уақыты; - орталық уақыт - қозудың ОЖЖ-ден афференттік нейроннан эфференттік нейронға өтетін уақыты; - қозудың эфференттік жүйке талшықтарымен өтетін уақыты; - эффектордың латенттік кезеңі.

Slide 9

РЕФЛЕКСТЕР ЖІКТЕЛІСІ

1. Пайда болу түріне қарай:

- шартсыз (туа біткен) ;

- шартты (жүре біткен) .

2. Рецепторлардың орналасуына (орнына) қарай:

- экстероцептивтік (ауру сезімді, температураны,

жанасу сезімді қабылдайтын) ;

- интероцептивтік (ішкі ағзаларда, тіндерде, қан

тамырларында) ;

- проприорецептивтік (сіңірде, буын қабында) .

Slide 10

3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай:

- жұлын;

- сопақша ми

(булбарлық) ;

- ортаңғы ми

(мезенцефальдық) ;

- аралық

(диенцефальдық) ;

- алдыңғы ми

(қыртыстық) .

Slide 11

4 . Биологиялық маңызына қарай:

- ас қорыту;

- қорғаныс;

- жыныс және т. б.

5. Жауаптар түрі бойынша:

- моторлық;

- секреторлық (сөл бөлу) ;

- тамыр қозғалтқыш.

6. Жауаптың созылу уақытына қарай:

- фазалық;

- тонустық.

7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын

нейрондар санына қарай:

- екі;

- үш және көп нейронды.

8. Синапстар санына байланысты:

- моносинапстық;

- полисинапстық;

9. ОЖЖ қатысуымен:

- нағыз (нейрондар қатысады) ;

- жалған (нейрондар қатыспайды) .

Slide 12

Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын, ОЖЖ-нің белгілі бір жерінде топтасқан нейрондар жиынтығын айтады.

Slide 13

Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері

Жүйке орталығында қозу бір бағытта өтеді

Жүйке орталығынан қозу баяу өтеді, яғни әр синапста 1 - 2 мс кідіреді (0, 5 мс медиатордың бөлінуіне, 1, 5 мс медиатор диффузиясына) .

Тез қажу (медиатор санының азаюы, қуат қорының азаюы, постсинапстық рецепторлардың медиаторға бейімделуі)

Қозудың жинақталуы - (1863 жылы И. М. Сеченов) ОЖЖ табалдырық күштен төмен қозуларды жинақтап, рефлекс жауапты тудырады.

Slide 14

Жинақы қозудың екі түрін ажыратады:

- кеңістік, ол конвергенцияға

негізделген;

- бір іздік немесе уақыттық.

Slide 15

5. Конвергенция - бірнеше нейроннан келіп түскен әртүрлі серпіністер бір жүйке орталық-тарында (нейрондарда) жиналуы. Конвергенцияның келесі түрлерін ажыратады:

- мультисенсорлық;

- мультибиологиялық;

- сенсорлы-биологиялық;

- аксосенсорлық.

Slide 16

6. Дивергенция - бір аксон тармақталып әр түрлі нейрондармен байланысады да көптеген синапстар құрайды. Сондықтан жүйке орталықтары бірден бірнеше рефлекстік іс әрекетке қатысады. Адекватты рефлекстік реакция пайда болады.

Slide 17

7. Окклюзия - «бітелу». Рецептивтік өрістердің бір бөліктерінің жабылуы. Жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан төмен болады.

8. Жеңілдеу - жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан жоғары болады.

9. Қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіш жиілігі мен күшіне тең болмайды, өзгереді - Трансформация.

10. Әсерден кейінгі жауап. Рецепторды тітіркенуі тоқтағанмен рефлекстік әсерлер жалғасады:

- қысқа мерзімді (ізді деполяризация) ;

- ұзақ мерзімді (қозу нейрондар арасындағы

тұйық тізбектермен айналып жүреді) .

Slide 18

11. ІЗ САЛУ - кейінгі серпіністер алғашқы серпіністерден жылдамырақ өтеді (морфобиохимиялық және физиологиялық өзгерістер)

Slide 19

12. Лабильбілділігі төмен.

13. Гипоксияға өте сезімтал.

14. Орталықтар кейбір фармакологиялық

заттарға өте сезімтал.

15. Үздіксіз тонуста болуы.

16. Пластикалық қасиет тән.

Slide 20

ОЖЖ-гі тежелу, оның түрлері.

ОЖЖ интеграциялық қызметі қозу және тежелу үрдістері арқылы іске асырылады.

1863 жылы академик М. И. Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеді.

Ч. Шеррингтон, Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский, И. П. Павлов тежелу үрдісі мидың барлық бөлімдерінде орын алатынын көрсетті.

Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді.

Тежелу - қозу сияқты белсенді үрдіс.

Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметінің қозуын әлсіретеді, не тоқтатады.

Slide 21

Тежелудің механизмдері:

Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондар қозған кезде басталады (Экклс, Реншоу, Пуркинье еңбектерінде дәлелденді) .

Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды.

Тежеуші нейронның аксон ұшынан тежеуші медиатор (гамма-амин май қышқылы - ГАМҚ, не глицин) бөлініп шығады да нәтижесінде айналасындағы мотонейрондарда тежелу үрдісін тудырады.

Slide 22

Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістерінің пайда болу механизмдеріне қарай 4 түрге бөлінеді:


Ұқсас жұмыстар
Шартты рефлекстерді қалыптастыру
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы
ОЖЖ тежелу. ОЖЖ біріктіру әрекеттерінің принциптері
Балалар бас миының анатомиясы
Балалар бас миының анатомиясы туралы
ОЖЖ қозу. Қозудың таралу ерекшеліктері
Торлы құрылым физиологиясы
Балалардың жүйке жүйесінің анатомиясы
Биологиялық басқару
Тірек-қимыл жүйесінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz