Асқорыту жүйесі.Сүт тістерінің құрылыс ерекшелігі



МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет: Стоматология
Кафедра: Гистология
Дисциплина: Гистология
Тобы: 206
Тақырыбы: Асқорыту жүйесі. Сүт тістерінің құрылыс ерекшелігі.
Студенттің өзіндік жұмысы
Орындаған: Қойшыбай И. А
Тексерген: Егембердиева Р. Е
Ақтөбе 2017 жыл

Жоспары:
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Асқорыту мүшелері туралы
2. Тістер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалықлық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.

Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum - қуыс; or -ауыз; грек, stoma - ауыз қуысы) - ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін - ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін - есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын - жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын - күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын - оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын - оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін - қатты және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды

Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11-13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамшабездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.

Өңеш - ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.

Қарын - құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. (Абай атамыздың: «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» деген ой тұжырымы естеріңде болар. ) Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі қабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады

Тіс (dentes) - адамның және омыртқалы жануарлардың ауыз қуысында (кейбір балықтардың жұтқыншағында) орналасқан сүйек. Тіс азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тістің сауыты, мойыны, түбірі болады. Сауыт пен түбірді қызыл иекке жалғасатын мойынша бөліп тұрады. Тіс негізінен дентиннен құралады, оны сауыт жағынан тісті зақымданудан қорғайтын қатты жылтыр эмаль, ал түбір жағынан - құрылысы сүйекке ұқсайтын цемент жауып тұрады. Тістің іші қуыс, онда тіс ұлпасы орналасқан. Ұлпаға қан тамырлары, лимфа және жүйке талшықтары тіс түбірінің ұшындағы қуыс арқылы өтеді. Ересек адамның тұрақты 32 тісі болады. Олар жоғарғы және төменгі жақ сүйекке (әрқайсысында 16 тістен) орналасқан. Олар: 4 күрек, 2 ит тіс, 4 кішкене және 6 үлкен азу тістер. Бұлардың пішіні мен тамырларының саны әр түрлі болады. Жоғарғы және төменгі қатарлар түйіскенде тістер белгілі қатынаста сәйкестеніп бірігеді, оны тістеу деп атайды. Сүт тісінің пішіні де тұрақты тіс сияқты, бірақ көлемі кішірек, тамырлары едәуір қысқа, сүт тістері әр қатарда оннан (4 күрек, 2 ит тіс, 4 үлкен азу тіс) болады.
Сүт тістерінің негізі ұрықтың ана құрсағында дамуы сатысында қалыптаса бастайды.
Сәбидің сүт тісі 6 - 8 айлығында жарып шығып, 3 жаста толық жетіледі.
Баланың тұрақты тістері 6 - 7 жаста, негізінен 14 - 16 жаста толық шығып болады.
Ал ақыл тіс 16 - 25 жас аралығында шығады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz