Дәрігердің беделі оның кәсіби қызметіндегі мәні. Пациенттің сенімі


Slide 1

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік

медицина университеті

С т у д е н т т і ң ө з і н д і к ж ұ м ы с ы

Кафедра:

Дисциплина: Коммуникативтік дағдылар

Факультет: Жалпы медицина

Курс: 1

Топ: 119А

Тақырыбы: ”Дәрігердің беделі оның кәсіби қызметіндегі мәні.

Пациенттің сенімі. ”

Орындаған: Танирбергенова Мариям, Асылбекова Жанерке

Шаудирова Зинара

Орындаған күні: . 04. 2012 жыл.

Ақтөбе 2012 жыл

Slide 2

Ж о с п а р ы:

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1) Дәрігердің қоғамда алатын орны;

2) Қазіргі таңдағы дәрігердің келбеті.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

Slide 3

К і р і с п е

Дәрігер мамандығы - ең көне кәсіптердің бірі. Мыңдаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртүрлі сезімдер тудырған. Ежелден дәрігер тұлғасына, қоғам ерекше талап қойып, өсиеттер айтып, олардың білімі мен біліктілігіне және адамгершілік қасиеттеріне көп мән берген. Бүгінгі күні де, адамдар дәрігерге ерекше көзқарас білдіріп, олардың мамандық тәжірбиесіне, қайырымдылығы мен әдептілігіне, басқа қабілеттіріне көп үміт, міндет артады. Ал тәжірбиелік дәрежесі және білгерлігі жоғары дәрігерге тұрғындар үлкен құрмет көрсетіп, оның абыройын, бедерін көтере түседі.

Slide 4

Дәрігер әрқашан озінің сыртқы пішініне күнделікті киетін киіміне, мінез - құлқына, сөйлеген сөзіне, жүріс - тұрысына тұрақты түрде көңілін бөліп отыруы өте қажет. Шынында да, басқа мамандыққа қарағанда, дәрігердің өмірі, оның қылықтары, жүріс - тұрысы көпшіліктің көзіне жиі түсіп, олардың “сынына” тұрақты ілінеді деуге болады. Бұлай болудың өзіндік себебі бар, өйткені дәрігер көбінесе мәдениеттіліктің, зиялылықтың, салауатты өмір салтының үлгісі бола отырып, сол қасиеттердің үгітшісі де болып табылады. Дәрігердің мінезі сыпайы болса, қызмет этикетін дұрыс сақтаса, ауру адамдар онымен ашық сойлесіп, айтқан сөзіне сеніп, көңілдері көтеріңкі болып жүреді. Ондай дәрігер, әрбір ауру адамның мұң - мұқтажын түсініп, олардың жасына, жынысына, сырқатының түріне қарай керекті, құлаққа жағымды сөздер тауып, көңілін жұбатады. Ал жағымды сөздің ауру адамға деген әсері туралы біз жоғарыда әңгімелегенбіз.

Slide 5

Дәрігердің кәсіптік қызметі о бастан-ақ басқа мамандардың қызметіне ерекшеленетіні сөзсіз. Себебі, дәрігер науқас адаммен жұмыс атқарады. Сау адаммен салыстырғанда науқас адам сырқатын ерекшеліктеріне қарай өзгереді. Дәрігер медициналық білімді маман болумен қатар, науқас жағдайына тікелей байланысты елдің қоғамдық өміріне араласатын, жан жақты қоғамдық азамат, қызметкер болып табылады. Дәрігердің білімі терең, толық, кең, жетілген болуы тиіс. Алайда, мұндай білімнің болуы, дәрігер тарапынан адамгершілікті, өзін - өзі тәрбиелеуді дамытуын да талап етеді. Адамгершілігі жоғары дәрігер, таңдаған мамандығына сай, өзін азамат және дәрігер деп қабылдаған қоғам алдындағы жауапкершілігі негізінде өз жұмысын адалдықпен атқара алады.

Slide 6

Дәрігерге өмір жолы ұсынатын өз мамандығын игеру жолындағы қиындықтар, дәрігер еңбегін нағыз ерлікке ұштастырады. Атақты орыс жазушысы, дәрігер, ұзақ жылдар бойы өзі сырқаттанған А. П. Чехов дәрігердің басты қасиетін былай деп айрықшалаған: “Дәрігер мамандығы - ерлік. Ол жандүниенің, ниеттің тазалығын талап етеді. Кез келген адам мұндайға қабілетті емес”.

Жүйелі түрде, тоқтаусыз медициналық өнерге үйренетін, өзінде қазіргі таңдағы дәрігерге қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелейтін адам ғана дәрігер болуға қабілетті. Адамдардың дәрігер тұлғасына қойылатын талаптарына сараптама жүргізе отырып, келесі ең маңызды, дәрігердің оң қасиеттерін атауға болады. Бұларды науқас адамдар өте жоғары бағалайды және арқа тұтады.

Slide 7

Дәрігердің сыпайлылығы - дәрігерге ең басты және қажетті қасиеттердің бірі болып табылады. Дәрігердің өмірі ешқашан аяқталмайтын өмірлік университет. Білім жинау, клиникалақ өнерге ие болуға шек қою дәрігер үшін кәсіби өліммен бірдей. Клиницист А. А. Остроумовтың айтуы бойынша: “Қоғам қажеттілігі үшін өмірлік оқу - дәрігердің қалауы”. Кез келген дәрігердің адамгершілік қасиеті сыпайлылықтың көлеңкесінде қалмауы тиіс, ол өзін өзі жария етуді қажет етпейді. Қиын жағдайларда дандайсуды, орынсыз батырсынуды, дәлелденбеген сенімділіктің көрінісі беткей білімнің, жеткіліксіздерді жасыру мақсатында жасалған екіжүзділіктің белгісі.

Дәрігердің шынайлылығы - басты қасиеттерінің бірі болып табылады. Дәрігер қызметінің ауыр міндеттерінің бірі болып, науқасқа, оның жақындарына, тіпті кейде науқастың өмірі жөнінде қайғылы шешімдерді айту саналады. Әрқашан дәрігер науқасқа бар шындықты айтуға міндетті емес. Бірақ, дәрігерге өтірік айтуға тиым салынады. Шындықты айту барысында дәрігер науқас психикасына жанашырлықпен қарауы тиіс.

Slide 8

Әділеттілік - дәрігердің ең басты рақымшылдығы. Әділеттілік дәрігердің барлық әрекетін, арманын, сенімділігін, ойын қамтиды. Цицеронның айтуы бойынша ең басты екі әділеттілік болып “Ешкімге зияндық жасамау және қоғамға пайда әкелу ” табылады. Дәрігердің қызметі ешқашан жеңіл, қарапайым болмайды. Тәжірбиелік дәрігердің қиын жұмыс жағдайын С. П. Боткин былай деп суреттеген: “Өмірдің қолайсыз жағдайларында рухани тепе - теңдікте болу үшін, сәтсіздікте - қайғыға, ал табыста - бос үміттенуге түспеу үшін, тәжірбиелік дәрігер әрекетіне шынайы бейімділік қажет”

Дәрігердің жанкештілігі - ауыр халдегі науқастың төсегінің жанында болуымен, тәулік мерзімі мен ауа - райына қарамай науқастарға көмек көрсетуге аттанумен, өзінің өміріне зияндылық әкелуіне, жағдайдың болмауына қарамастан күрделі тәуекелді операциялық араласуларды жүргізу секілді батырлық әрекеттерімен көрінеді. Жанкештілік батарлықты көрсетемін деген оймен емес, науқасты құтқару барысында шешім қабылдау, ауру қоздырғыштарын зерттеу, жаңа дәрілік заттардың әсерін анықтау, жедел және қауіпті кәсіби қызметтер кезінде жасалынады.

Дәрігердің адалдығы - өз мамандығының айналасын ғана қамтитын болса, біржақты болып қалатын еді. Кең мағынадағы турашылық - адалдықтың серігі болып табылады.

Slide 9

Дәрігердің сөзі - өте керемет емдеуші болып табылады, ал егер оны дұрыс қолданбаса, науқасқа өте қатты әсер беріп, тіпті өлімге әкелетін зияндықты тудырады. Атақты орыс психоневрологы, нейрофизиологы А. М. Бехтеровтың айтуы бойынша “Дәрігердің сөзінен кейін науқастың жағдайын жеңілдемесе - бұл дәрігер емес”. Дәрігердің сөзі емдеу барысында аса маңызды емдік әсер көрсететін ғылыми түрде дәлелденген. Дұрыс таңдалған сөз науқасқа жақсы тәрбиелеуші, оның қатесін жөндеуге көмекші болып табылады. Сонымен қатар, дәрігер сөз арқылы науқасқа денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу жайлы айтып, оның білімін дамытады. Алайда, дәрігердің не басқа да қызметкерлердің дұрыс таңдалмаған сөзі науқасты қатты жаралап, тіпті ауыр сырқаттарға душар еткізеді.

Slide 10

Адамға деген сүйіспеншілік - бұл дәрігердің және басқа медицина қызметкерлерінің ең басты қасиеті. Оның негізінде дәрігердің сезімталдығы, жанашырлығы, әрқашан да жәрдем беріп, ауру адамның қиналысын бәсендетуге даярлығы жатады.

Жоғары міндеттілік - дәрігер мамандығына қойылатын келесі маңызды талап. Осы сезім негізінде, оның іс - әрекеті, ешқандай күмән және мін келтірмейтін жоғары денгейде орындалады. Бұл қасиет арқылы дәрігердің тағайындаған ем шаралары, айтылған сөзі және жазбалары тиянақты орындалып, толық іске асырылады. Жоғары міндетті дәрігерде еш нәрсе назарынан тыс, қадағаланбай қалмайды, барлық ісі, әрекеті үнемі бақылауында болады.


Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас дағдыларының маңыздылығы
Негізгі хабарламалар
Дәрігерлік міндет және құпия
Медициналық этика
Медбикенің қарым - қатынасы
Қант диабеті бар пациенттерге мейіргерлік күтімді ұйымдастыру
Ақпараттандыру дағдысы
Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім этика және деонтология
Пациентке бағдарланған кеңес берудің негізгі дағдылары
Қарттар үшін профилактикалық медициналық қызметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz