Пластикалық хирургияның және трасплантологияның негізі



Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Кафедра: Жалпы хирургия
Факультет:Жалпы медициа
Студенттің Өзіндік Жұмысы
Тақырыбы:№9 Пластикалық хирургияның және трасплантологияның негізі.
Орындаған: Қалмағанбетов Б. С.
Тобы: 3о6 Б
Тексерген:Сахипов С. Ж.
Ақтөбе 2014 жыл

Жоспары
Еліміздегі трансплантацияның дамуы
Пластикалық хирургия. Мақсаты мен міндеттері
Трансплантация жетістіктері
Әдемдегі трансплантация жетістіктері
Қорытынды

Трансплантация әлемінде
Әлемнің бірқатар елдерінде мүше трансплантациясы заңмен реттеліп, бір жолға қойылған. Мәселен, АҚШ-та кез келген адам ерікті түрде донор атана алады. Ал дәрігерлерге донор атанған азаматтарға трансплантациялық отаның қаупі жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіруді заң талап етеді. Бұған қоса, кез келген адамның жүргізушілік куәлігінде трансплантацияға келісім бергені немесе бас тартқандығы жайында ақпарат болады. Негізінде өзге біреуге тәннің бір бөлшегін беру бір қарағанда қисынсыз сияқты көрінуі мүмкін. Алайда бұл адамгершілік тұрғысынан зәру жанға қол ұшын созу дегенмен пара-пар дүние.

Біздің еліміздегі трансплантация
Қазақстанда мүше трансплантациясына зәру 4000 адам кезекте тұр екен. Олардың 1200-і жүрек, 1300-і бауыр және 2 мыңы бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Жалпы, бір адамның ағзасының мүшесі төрт адамның өмірін сақтап қалады. А. Н. Сызғанов атындағы хирургияның ұлттық орталығында 1978 жылдан бері 600-ге жуық бүйрек трансплантациясы жасалған. Мұндай ота елімізде тек квота арқылы, тегін жүзеге асырылады. Бір айта кетерлігі, қайтыс болған адам емес, емделушінің туған-туысқандары донор ретінде қарастырылады. Ал өзге елдерде бауыр трансплантациясын жасау 300 мың евро, жүрек трансплантациясын жасау 200-250 мың евроны қажет етеді. Ұлттық орталық өмір сүруге қажетті жүрек, бауыр сияқты мүшелердің трансплантациясын қолға алып отыр. Тіпті отандық 41 маман Белоруссияға барып, арнайы тәжірибеден өтіп келді. Сондай-ақ орталық қызметкерлері жүрек, бауыр трансплантациясын жануарларға жасап, тәжірибе жүзінде сынап көрді. Нәтиже көңіл көншітерліктей.


Мамандар бұл мәселені жолға қою үшін - халық арасында трансплантацияға қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жасап, қоғамдық пікір қалыптастыру керек дегенді алға тартады. Әрине, дін қайтыс болған адамның мүшесін өзге адамға ауыстыруға үзілді-кесілді қарсы. Алайда қазір орталық мамандары Діни басқарма, құқық қорғау орындары және БАҚ-пен жан-жақты жұмыс жасауда Елімізде 1200 адам бауыр, 1300 адам жүрек трансплантациясына зәру болса, бүйректі алмастыру 2000-ға жуық адамның өмірін құтқарып қалады. Қазақстан мүше трансплантациясына толықтай дайын. Бұл жөнінде А. Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары мәлімдеп отыр.

Пластикалық хирургия
Тіндер мен ағзалардың түрі мен қызметін қалпына келтірумен айналысатын хирургияның бөлім
МІНДЕТІ: қызметтік және анатомиялық өзгерістерді шақыратын туа біткен және жүре пайда болған кемістіктерді жою болып табылады.

Мүше трансплантациясы медицинаның ең озық жетістігі саналады. Әлем-нің дамыған елдерінде мү-шені ауыстыру қарапайым отаға теңестіріліп отыр. Мамандардың пайымдауынша, төрт мыңға жуық Қазақстан азаматы мүше трансплантациясын жасатуға кезекте тұр. Қазір елімізде трансплантация отасын жасау үшін барлық жағдай қарастырылған. А. Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас директоры, академик, профессор Жеткерген Арзықұловтың айтуынша, ағымдағы жылдың желтоқсанында елімізде тұңғыш рет жүрек пен бауыр трансплантациясы жасалмақ. Бұл оқиға Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай іске асырылмақ. Десек те, отаның нақты күні белгіленгенмен, донор әлі анықталған жоқ. «Екі жыл бұрын елімізде «Трансплантация» туралы» заң қабылданды. Бұл дегеніңіз нормативтік-заңдық тұрғыдан мүше ауыстыруға кедергі жоқ дегенді білдіреді. Аз уақыттың ішінде 50-ден аса қазақстандық маман Белоруссияда тәжірибеден өтіп келді. Сондай-ақ ота жасауға техникалық базамыз да дайын. Яғни Қазақстан дәл қазір жүрек, бауыр трансплантациясын жасауға сақадай сай дайын тұр. Бізге тек қоғамның қолдауы қажет» - дейді Жеткерген Арзықұлов.


Бауыр трансплантациясы

Мамандар мүше трансплантациясына зәру жандардың арасында жастар көп екенін айтып, дабыл қағуда. А. Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының мүше трансплантациясы бөлімінің меңгерушісі Энвер Сұлтанов трансплантацияға зәру науқастардың арасында жасы 30-ға жетпеген жастардың барын да айтады. Әзірге барлық науқас трансплантацияның күту қағазына тіркелген. Сорақысы сол, күту қағазына тіркелген науқас бар-жоғы жарты жыл өмір сүреді екен. Мамандар жүрек, бауыр трансплантациясына белгілі бір жағдайда миы зақымдалып, істен шыққан алайда басқа мүшелері сау адамдардың ағзасынан мүше алынатынын айтады. Қазіргі таңда трансплантация отасын жасау үшін донор қарастырылуда.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz