Іріңді паротит туралы




Презентация қосу
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
медицина Университеті

Кафедра: жалпы хирургия.
Факультет:жалпы медицина
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Іріңді паротит.

Орындаған: Жәрдемхан Нұрбек
308 «Б»
Тексерген: Жармағанбетов С.Ж.

Ақтөбе 2014 жыл
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі
бөлім:
а)Паротиттің клиникалық көрінісі.
б)Паротиттің асқынулары.
в)Алдын алуы мен емі.
Қорытынды.
Паротит-бұл
шықшыт
(сілекей)безінің жедел
іріңді қабынуы болып
табылады.Ол көбінесе
ауыз қуысынан
микробтардың
шықшыт түтігі
арқылы енуінен және
лимфогенді немесе
гематогенді жолмен
таралуынан дамиды.
Паротитті қоздырушы
микробтар˗стрептококк,стафилококк.

Паротиттің дамуына себеп болатын факторлар-ауыр
іріңді интоксикация,науқастың қатты сусыздануы
және жүдеуі.Сонымен қатар,ол ас-қорыту ағзаларына
операция жасалған науқастарда,онкологиялық
ауруларда дамуы мүмкін.Қоздырғышы аралас іріңді
микрофлора болып табылады.Қабынудың сипатына
қарай паротиттің серозды,абсцесстік,флегмонозды
және гангренозды түрлерін ажыратады.
Клиникалық көрінісі
Шықшыт безінің айналасында ауыратын ісік пайда
болады, ол уақыт өткен сайын үлкейе береді, ісінуі,
гиперемия пайда болады, абсцессті түрінде флюктуация
анықталады, науқас аузын аша алмайды.Жалпы
белгілер –бұл іріңді интоксикация белгілері, олар негізгі
аурудың ағымын қиындата түседі.
Без орналасқан аймақтағы
ауыз қуысының шырышты
қабығы ісініп ,сілекейдің
шығатын тесігінің жан-жағы
қызарады да,3-4күн ірің
тесіктің арнасында
болып,сосын сыртқа
шығады.Кейбір жағдайда
тризм байқалуы мүмкін. Іріңді
паротит асқынған жағдайда
қабыну үрдісі
парафарингеальді кеңістікке
жайылады,содан кейін кеуде
қуысына таралуы
мүмкін.Сонымен қатар,мойын
веналарының және синусты
кеңістіктің тромбозы пайда
болады.Ол менингитке ұласуы
мүмкін.
Паротиттің асқынулары
Шықшыт безінің тамырларынан және ұйқы
артериясының тармақтарынан аррозивті қансырау,
мойын флегмонасының дамуы, жұтқыншақ
айналасындағы кеңістіктің флегмонасы, іріңді
медиастинит.
Паротиттің алдын- алу

Интоксикациямен және
сусызданумен күрес;
Ауыз қуысына күтім жасау;
Антибактериальді ем
жүргізу;
Саливацияны ынталандыру
үшін,тітіркендіргіш қышқыл
тағамдарды
тағайындау(бал,лимон);
Шайнау бұлшықеттерін
шынықтыру үшін,сағыз
немесе қатырма нанды
шайнау.
Паротиттің ем-шарасы

Бастапқыкезеңде (ірің болмағанда)консервативті ем
қолданылады.Жергілікті құрғақ ыстық
басады,жылытқыш компресстер
қойылады,антибактериальді,дезинтоксикациялық,инф
узионды және симптоматикалық ем жүргізіледі.
Шықшыт безінің түтігін антисептикалық
ерітінділермен және протеолиттік ферменттермен
жуып, тазалап отырады, ауыз қуысына күтім
жасалады. Ірің пайда болған жағдайда оперативті ем
қолданылады іріңді тіліп ашу. Операция кезінде бет
нервінің негізгі тармақтарын зақымдап алмай, астыңғы
жақтың бұрышынан ұқыпты етіп кесу керек.
Пайдаланған әдебиеттер

Жалпы хирургия Қ.Д. Дұрманов
Гнойная инфекция в хирургии С.М.Курбангалиев
Общая хирургия Г.П.Рычагов
Хирургическая инфекция В.И.Стручков
Жалпы хирургия Т.С. Қасенов,ДурмановТ.С.

Ұқсас жұмыстар
Іріңді паротит
Қызылша вирусы
Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің және қанның қабыну процесіне қатысуы
Вакцинация және егу күнтізбесі
Вакцина антигендер
Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы
АУРУХАНА ІШІЛІК ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА СЕБЕПКЕР ФАКТОРЛАРЫ
Егу күнтізбесі
Еркек жыныс мүшелерінің аурулары
Стоматологияда кездесетін аурухана ішілік инфекциялар
Пәндер