Хирургиялық науқастардың тамақтануы


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Жалпы хирургия

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Хирургиялық науқастардың тамақтануы

Орындаған: Қалмағанбетов Б. С.

306“Б”

Тексерген: Сахипов С. Ж.

Ақтөбе 2014 жыл

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе

Нутрициология туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

Емдік тамақтандыруды ұйымдастыру;

Негізгі медициналық диеталар;

Жасанды тамақтандыру және науқастардың

хирургиялық операциядан кейінгі диетасы;

ІІІ. Қорытынды

Науқастарға жалпы күтім жасаудағы тамақтандыруды ұйымдастырудың маңызы

Slide 3

Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Тамақтану туралы ғылым нутрициология деп аталады. Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады. Адам денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2, 5-3 кг минерал тұздарынан және 0, 5-0, 8 кг көміртегінен тұрады екен.

Жалпы тамақтандыру туралы ғылым маңызды бірқатар теориялық және тәжірибелік дағдыларды қамтиды. Науқастарға жалпы күтім жасауда емдік тамақтандыруды ұйымдастыру бірден бір маңызы зор процесс болып табылады.

Slide 4

Емдік тамақтандырудың негізгі қағидаларының бірі- тағам рационының тепе- теңдігі, яғни белоктардың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің, минералды заттар мен судың адам ағзасына қажетті мөлшерін қадағалау болып табылады. Ал олар дені сау адамның тағам рационында тәулігіне мынадай мөлшерде түсуі керек.

Тағамдық заттар

Мөлшері/тәул.

Энергия қуаттылығы

Белок

80-100гр.

17, 6 кДж

Май

80-100 гр.

38, 9 кДж

Көмірсу

400-500гр.

17, 6 кДж

Су

1700-2000гр.

Витамин, минералды заттар

Белгілі бір тепе теңдікте

Бұл арада, науқас адамның тамақ рационындағы тағамдық заттар ара- қатынасы сырқаттың түріне қарай өзгеруі мүмкін. Мысалы: қант диабетінде көмірсуды азайту т. б.

Slide 5

Емдік тамақтандыру барлық емдеу үрдісінің құрамдас бөлігі, ең маңыздысы

болып табылады. Ол нақты бір тамақтандыру режимін сақтауды

көздейді. Дені сау адам үшін ең ұтымдысы, 4 рет тамақтану тәртібі

деп есептеледі:

Кейбір ауруларда тамақтану тәртібі түбірінен өзгертуді талап етеді.

Мысалы: асқазанжарасы бар науқастар 6 рет аз-аздан тамақ қабылдау

ережесін ұстанғаны жөн.

ІІІ. Түскі ас-35%

ІІ. Екінші таңғы

ас-15%

І. таңғы ас-25%

ІV. Кешкі ас-

25%

Slide 6

Қазіргі кезде 15 негізгі медициналық диетелар немесе емдік

тамақтандыру столдары бар. Әрбір диета нақты бір сырқат

кезінде ас қабылдау ауруды күшейтпейтіндей, әлсіреген ағзаға

барынша бейімделіп жасалған. Әрбір диета тамақтану тәртібі-

мен, химиялық құрамымен, каллориясымен сипатталады. Соны-

мен бірге рұқсат етілген не тиым салынған азық-түліктер тізбе-

сі болады.

Slide 7

Медициналық диеталар сипаттамасы

Диета №

Тағайындау көрсеткіштері

Тағам түрлері

0

Асқазан мен ішекке жасалған операциядан кейін

Сұйық және қоймалжың тағам, шәй, жеміс-жидек шырындары.

Асқазан ойық жара ауруы күшейгенде, өңеш күйігі жіне қан кетуі

Сұйық және жартылай сұйық,, қатық не қаймақ. Аздаған порциямен асты жиі қабылдау.

1А сияқты

1А тағамдарына ақ кепкен нан, үгітілген ірімшік, буға піскен ет не балық қосуға болады.

1

Асқазан мен ішекке жасалған операциядан кейін 4-5ші күні, аппендэктомиядан кейін 2ші күні

Піскен ет, жұмыртқа, тауық сорпасы, күріш ботқасы, сүт, қатық, ақ нан, сары май, жеміс шырындары, лимонмен шәй.

2

Созылмалы гастрит, күшеймеген энтероколит

Ұсақталған түрде жиі бөліп тамақтану

3

Іш қатуда

Клетчаткаға бай тағамдар мен сусынды көп қабылдау.

Slide 8

4

Гастроэнтероколиттер, дизентерия

Миенралды тұздарға бай тағамдар, буға піскен, үгітілген тағамдар

5

Жедел және созылмалы холецис -тит, панкреатит, сары ауру

Майлы, қуырылған, ысталған тағамдар жемеу. 2-2, 5 сағат сусындарды көп ішіп, ас қабылдайды.

6

Подагра, сүт-қышқылды диатез

Тұзы аз және сілтілі радикалдарға бай тағамдар(жеміс жидектер мен сүт)

7

Бүйрек және зәр шығару жолдарының сырқаттары

Р, С, В витаминіне бай тұссыз ас.

8

Семіздік кезінде

Тәбетті оятатын түрлі приправаларды, тұздарды тағам рационынан алып тастау.

Slide 9

9

Қант диабеті

Көп мөлшерде көкөніс

10

ЖҚТ сырқаты(Ревматизм, жүрек ақаула-ры, гипертония

11

Өкпе туберкулезі кезінде

12

Қызып қалдтырау кезеңіндегң жұқпалы ауруларда

Көп мөлшерде сұйықтық ішу

13

Фосфотурия кезінде

Сүт, ірімшік, сүзбе

14

Арнайы диета белгілеуі жоқ барлық сырқаттарға

Ет, құс еті, балық, сары май, өсімдік майы, пісірілмеген көкөністер мен жемістер т. б.

Slide 10

Жасанды тамақтандыру- адам ағзасына зондтар,

фистулалар немесе клизма(өте сирек жағдайда) арқы-

лы, парентеральді жолмен қоректік заттарды енгізу.

Жасанды тамақтануды қолдануға арналган көрсеткіштер:

Жұтынудың қиындығы;

Өңештің тарылуы немесе өтпейтіндігі;

Асқазан қақпасының стенозы;

Асқазан немесе асқазан ішек жолдарына операия

жасалғаннан кейінгі алғашқы кезең;

Тоқтамайтын құсу;

Сұйықтықты көп жоғалту;

Ес-түссіз жағдайда;

Тамақ жеуден бас тартатын психоздар.

Slide 11

Науқастардың хирургиялық операциялардан кейінгі диетасы

І. Науқасты аппендэктомиядан кейін тамақтандыру:

10 сағ. дейін ашығу;

10-12 сағ. кейін- диета №1А;

2 күннен кейін - диета №1;

Одан соң шыққынға дейін- диета №15;

Тәтті сүт өнімдерін қабылдауға болмайды.

ІІ. Өт қалтасы мен өт шығару жолдарына жасалған операциядан

кейін тамақтандыру:

1-ші күні- ашығу;

2-ші күннен бастап- диета №1А;

5-6шы күннен бастап- диета №5:

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы туралы
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы туралы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы науқастардың тамақтану
Пульмонология бөлімшесінің мейіргерінің міндеттері
Операциядан кейінгі кезең
Эндовидиохирургия
Емдеу қорғау тәртібі
ӨҢЕШТІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ
Ауруханалардың ішін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz