Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері


Slide 1

Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері

Slide 2

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І ТАРАУ. Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері

1. 1. Педагогика мен психология

1. 2. Педагогика мен психологияның әдіснамасы жөнінде түсінік

1. 3. Педагогика мен психологияның философиялық негіздемесі

1. 4. Педагогика мен психологияның жалпы ғылымдық әдіснамасы

ІІ ТАРАУ. Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін зерттеу принциптері

2. 1. Педагогика мен психологиялық зерттеулердің әдіснамалық принциптері

2. 2. Педагогика мен психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру

2. 3. Педагогика мен психологиялық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі

2. 4. Психология мен педагогикадағы зерттеу үдерісінде әдіснамалық негіздерін талдау

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі: Кез келген педагогикалық зерттеуде педагогикалық зерттеу обьектісі оқытылып және тәрбиеленіп жатқан адамның психологиялық сипаттамаларын міндетті түрде ескеруге мәжбүрміз.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту.

Зерттеу объектісі:

Оқушылардың педагогика мен психологиялық әдістаналық негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.

Курстық жұмыстың міндеті:Педагогика мен психологияның пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогика мен психологиялық ұғымдарды қарастырайық.

Slide 4

Педагогика мен психология

Педагогика мен психологияның пәнін ажырату тек жеке алынған ғылыми жұмыстың логикасы мен алынатын нәтижелерінің сипатын анықтау үшін ғана емес, кешенді зерттеудің көлемін кеңейту мақсатында да жүргізіледі.

Психологиямен әрбір мұғалімнің ісі бар, себебі педагогика психологиясыз өмір сүре алмайды. Педагогика мен психологияның ара қатысын анықтау соңғы жылдары жиналып қалған түсініспеушіліктер мен көмескі мәселелердің жігін ажыратып алу үшін қажет.

Slide 5

Педагогика мен психологиядағы әрекет

мақсаттық

мотивациялық

біріккен орындаушылық

Slide 6

Психология пәні

Психология ғылымы пәнінің анықтамалары жеткілікті ақ. Оның барлығын бірден басшылыққа алу мүмкін емес. Барлық айтылғандарға жіне осы анықтаманың көмегімен шешілетін міндеттің ерекшелігі және анықтама таңдау жасалатын логика ережесіне сәйкес біз тұтас психологиялық зерттеудің пәні ретінде әрекеттің және субьектілік-тұлғаның құрылымдарын қамтитын жеке тұлғаның психологиялық құрылымы деп есептейтін Н. Н. Непомнящаяның бағытын құптаймыз.

Slide 7

Педагогика мен психологияның негіздері

Адам өмірінде пайдаланатын кез келген пәндердің негіздері - өздерінің ішкі мүмкіншіліктерінен тамыр алғанда ғана, өзінің методологиясынан дамитын жүйелері бар ғылыми пән ретінде қалыптасатындығы белгілі. Бұл қағида, халық педагогикасы пәніне де тән.

Жоғарыда айтылған халық педагогикасы мен психологиясының методологиясында көрсетілгендей, адамның тән қуатынсыз оның жан дүниесі еселей дамып, жан-жақты жетіле алмайтындығы түсінікті.

адам тәнінің физиологиялық өсу кезеңдері - тәлімдік тәрбиелердің негіздеріне, яғни халық педагогикасының негіздеріне нәр беретіндігі аксиомалық шындық. Сондыкдан да, адамның ержету жолдарындағы әрбір кезеңдердің өздеріне ғана тән тәрбие әдістері бар.

Slide 8

Адам физиологиясының кезендері мен халық педагогикасы мен психологиясының негіздері

Адам

Тек, тұқым

Түйсік

Жан

Бесік жыры

Тіл, ойлау

Табиғат тану

Орта білім

Білім және логика

Тән

Ұрық

Құрсақтағы 9 ай

40 жасқа дейінгі кезең

Балбөбек кезең

Сәбилік кезең

Балиғатқа толу

Кәмелеттік кезең

Халық педагогикасы кезеңдері

Физиологиялық кезеңдері

Notes: үү

Slide 9

педагогикалық және психологиялық білімдерінің өзара қатынас ретінде:

Slide 10

Педагогика мен психологияның өзара байланысы

Педагогика мен психология байланысының шынайы ауқымы мен перспективасын түсіну үшін байланыстың бөліп көрсетілген түрлеріне назар аударып, олардың ерекшеліктерін ғана ашып қоймай, сонымен бірге, белгіленген үрдістерді айқындап көрейік.

Адамды оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту мәселелеріне И. Гербарт, А. Дистервег, Д. К. Ушинский, Л. Н. Толстой, С. И. Гессен, В. А. Сухомлинский және тағы басқалар тап осылай қарады.

Slide 11

Қатарына психология мен педагогика кіретін адам туралы ғылымдар әуел бастан таным мен даму объектісінің өзара байланыстырып, түрлі тарихи кезеңде талдамалы түрде «мүшелерге жіктелуге» мен «біріктіруге» ұшырады. Бұл байланыстар түрлі нысандарда көрініп тұрады:

Slide 12

Педагогика мен психологияның пәнаралық байланысы мынадай проблемалардың қойылуы арқылы ашылады:

Slide 13

психология, педагогика және білім беру практикасының арақатынасы аясында мынадай проблемаларды бөліп атауға болады:

Slide 14

Психологиялық -педагогикалық бағыттылықтарды зерттеулер мына ғылымдар құрылымдарының түрлі элементтерін «тізбелеп» беруге қабілетті:

педагогика ғылымы

психолгия ғылымы

Slide 15

Педагогика мен психологияның ғылыми жүйелері

Жалпы ғылыми жүйе - кез келген пәннің атқарар мың сан қызметтерін үндестіре жинақгап, ондағы зерттелетін ішкі-сыртқы ұғымдардың біртұтас бүтіндігі мен ауқымдылығын қамтиды. Осының арқасында әрбір пән өзінің дұрыс бағытында зерттеліп қана қоймай, оның ашылмай жатқан ғылыми танымдары да жан-жақты танылып тереңдей береді. Ғылыми жүйесі мен негіздері дұрыс қаланбаған пәнде нәтижелі мағына мен мәні де, тіпті диалектикалық жетілудің болуы да мүмкін емес.

Slide 16

Жүрек тәрбиесін - халық педагогикасы мен психологиясының ғылыми жүйесі ретінде ұғыну үшін - жер бетіндегі он сегіз мың ғаламның, яғни, жалпы жаратылыстағы тірі табиғаттың үш таған негізгі қасиеттерін көңіл көзіне сыйғанынша зерделей талдай шолып өту аса қажет!

Ақыл тәрбиесін Халық педагогикасы мен психологиясының екінші ғылыми жүйесі ретінде ұғыну үшін оның ең алғашқы басталатын сәтін анықтап алуымыз керек. Бұл сәт адам тәрбиесінің нәресте кезеңінде жетілетін қасиеті мол аса бір үлкен құбылыс.

Slide 17

Педагогика мен психологияның әдіснамасы жөнінде түсінік

«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағьшаны береді. «Метод» «әдіс»термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады.

Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын жөне негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды.

Slide 18

Педагогика мен психологияның философиялық негіздемесі

Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты әрқилы ғылымда әдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт-бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда.

Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дәрігітеуші көрнекті өкілдер: Н. А. Бердяев, Л. И. Шестов (Ресей), М. Хайдеттер, Г. Ясперс (Германия), Ж. Сатр, А. Камю (Франция), Э. Брейзах, П. Тиллих (АҚШ) т. б. Экзистенциалнзмнің негізгі ұғымы- тіршілік - өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер түсінігінде шынайы дүниенің мәні оның субъектті сипатта болуына тәуелді. Олар тікелей объектив білімдер мен объектив шындықты мойындамайды.

Slide 19

Педагогика мен психологияның жалпы ғылымдық әдіснамасы

Жалпы ғылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жұйесіне бағдарлайды.

Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі.

Slide 20

Педагогика мен психологиялық зерттеулердің әдіснамалық принциптері

Slide 21

Педагогика мен психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру


Ұқсас жұмыстар
Арнайы педагогика мен арнайы психологияның теориялық және әдіснамалық негіздері
Еңбектің психологиялық қатынасындағы оқыту аспектерін, еңбек әрекеті процесінің бір қыры
Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері
Оқыту процесінің қозғаушы күштері
Педагогикалық теория
Жалпы әдіснама
Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz