Мектепке дейінгі жастағы баланың темперамент ерекшелігі


Slide 1

Мектепке дейінгі

Жастағы баланың

Темперамент

ерекшелігі

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. 1. Темперамент туралы жалпы түснік

1. 2. Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық

ерекшеліктері

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің

ерекшелігінің мәні

III. Қорытынды

IV. Әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Темперамент-адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын

айқындайтын психиканың дара

қасиеттерінің жиынтығы.

Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның

мазмұны, мақсаты және себеп түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты

көрінеді. есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста

темперамент кейпін өрнектейді.

Slide 4

Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнініде төрт түрлі сұйықтық болады:қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса -адамның дені сау, дұрыс араласпаса-сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. Мәселен холериктік темперамент-chole(өт), сангвиктік темперамент-sangues(қан), флегматиктік темперамент - phlegma (шырын), мелонхоликтік темперамент-melanos chole(қара өт) деген сөздерден алынған. Айтылған төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Slide 5

Темперамент

Холерик

Фленматик

Мелонхолик

Сангвинник

Slide 6

Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераментін төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді.

Гейне темпераментердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе,

орыс антропологы Зеланд Н. Л. (1833-1902) ми қабықтасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді.

Көрнекі орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

Slide 7

Павлов ілімі:

Ұстамсыз тип-жұмыс істеу қаблеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип.

Күшті типтердің екіншісі -ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады

Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу жүріп отырады.

Slide 8

сангвиниктерді -

ширақ, нерв жүйесі күшті,

қозу мен тежелуі тең, қозғалғыш адам;

холериктерді - ұстамсыз,

нерв жүйесі күшті,

қозуы тежелуінен басым;

флегматиктерді - нерв жүйесі күшті,

қозу мен тежелуі біріне тең болғанмен,

қозғалысы баяу адамдар десе;

меланхоликтерді - нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

Slide 9

Мектепке дейінгі жастағы балалардың темпераментінің физиологиясы

Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.

1. Күшті қозуы тежелуінен басым

2. Күшті қозуы мен тежелуі тең

3. Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу

Slide 10

Сангвиник. Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш бала. Ондай бала ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа балалармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді

Темпераменттердің

психологиялық

сипаттамасы.

Флегматик. Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты.

Slide 11

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

Холерик. Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза

Меланхолик. Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады

Slide 12

Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу.

Әр мұғалім баланың темпераментін білу керек. Холерик балада ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет. Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек. Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек. Ал сангвиниктерде тұрақтылықты орнату қажет.

Slide 13

Мектепке дейінгі кезең психологиясы

Мектепке дейінгі кезеңде бала тез өседі, әрі салмағы артады. Өсу қарқыны осы кезде біркелкі емес, 3 жаста тек 81 см қосады, 4 жаста 4-5 см-ге кемуі, 6 жаста - 7-8 см-ге артады, ал 7 жаста - 10 см артады. Мектепке дейінгі баланың бұлшық еті салмағы артады. Қаңқаның сүйектенуі интенсивті жүреді. Ми салмағы ересек адамның көрсеткішіне жақындайды.

Мектепке дейінгі кезеңде балалар сюжеттік-рольдік ойынмен қатар өнімді әрекет түрін меңгере бастайды, ол да даму факторы болады. Ең маңызды әрекет - сурет салу болып саналады.

Сурет салуды меңгеру бірқатар кезеңдерден тұрады:

1. Мәні жоқ шимақтарды салу (3 жас) ;

2. Формасы жоқ бейнелерді бейнелеу;

3. Схемалық кезең (4-5 жаста) ;

4. Шынға сай суреттер, егер адам болса, оның бөліктері майысқан болады, киімін бейнелейді;

5. Дұрыс бейнелерді бейнелеу кезеңі.

Slide 14

Балалар қарым-қатынаста жеке тұлғалық дамуды молайтып, кеңейтуі. Балалық шақ - құрбыға деген қызығу туындайтын шақ және ол бірнеше қарым-қатынас типтерін бастан өткереді:

1. Пассив - жағымды қарым-қатынас құрбыға деген;

2. Эгоистік қарым-қатынас;

3. Конкуренттік қарым-қатынас;

4. Жеке дербестік қарым-қатынас: 5. Тұрақсыз қарым-қатынас.

Slide 15

Темпераменттің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді. Темперамент баланың жеке басының реакциясының негізгі түрі болып келетін қасиет. Балалық шақта ол таза күйінде де кездеседі. Бірте-бірте өмір сүру барысында саналық өзгеріске түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал

Slide 16

Эмоция

Ес

Сөйлеу

Қабылдау

Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму.

мотив

Өзіндік сана-сезім

Slide 17

Мектепке дейінгі жастағы

Баланың темпераментін

Қалай анықтауға болады?

Құрбыларымен,

үлкендермен

араласуынан

Берілген

тапсырманы

орындауынан

Сурет салу

барысында

Топ арасында

сөйлеуі

Ойын ойнау

барысында

бақылау

Slide 18

Мектепке дейінгі жастағы баланың

темперамент ерекшелігі

Сангвиктік темпераментке ие бала қызба(сезім әректіне бой алдырғыш) көңілшек, жайдары және жарқын, белсенді келеді. Мұндай балалар қимылға бай, жайбарақат ойындарды бірдей ықыласпен ойнай бермейді. Берілген тапсырманы ұқыпты орындай алады.

Холериктік темпераментті бала өзін-өзі ұстай алмайды. Оған жоғары жүйке жүйесінің белсенділігі тән. Ол тым шапшаң, жігерлі, қызба. Шулы-дулы ойындар тән. Кімге болса да үйірсек. Үлкендерге откір, алғырішапшаң жауап береді. Мұндай балаларды тәрбиелеуде ұстамдылықты, шыдамдылықты талап етеді.

Флегматик балалар салмақты, байсалды, баяу қимылдайтын болып келеді. Әдетте олар ата-аналарына қиындық туғызбайды. Тапсырманы тыңғылықты орындайды.


Ұқсас жұмыстар
БАЛАНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаның дәстүрі
Кіші мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қиял түрлерін зерттеудің психодиагностикалық әдістер жинағы
К.Д.Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН
Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбекке деген көзқарасын дамыту
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, ес, қиял үдерісінің дамуына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz