GPS технологиясын топографиялық түсірімдерде қолдану. GPS қабылдағыштары және олардың сипаттамалары


Slide 1

GPS технологиясын топографиялық түсірімдерде қолдану. GPS қабылдағыштары және олардың сипаттамалары.

Тексерген: Мухаметов Е. М. Орындаған: Рахимгалиев А.

Тобы: ГК-607

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

“Геодезия және құрылыс” кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

GPS туралы түсінік

GPS технологияны геодезияда пайдалану

GPS технологиясын топографиялық түсірімдерде қолдану

GPS қабылдағыштары жəне олардың сипаттамалары

Trimble Navigation қабылдағышының сипаттамасы

SmartTrack қабылдағышының сипаттамасы

Қорытынды

Пайдаланылған сілтемелер

Slide 3

Кіріспе

Республиканың көптеген экономика, қорғаныс салаларында жергілікті жер туралы ақпарат маңызды құрамдас бөлік болып табылады, осыған байланысты сапалы геодезиялық жəне топографиялық өнімдерге, қызметке сұраныстың ұлғаюы байқалады. Бұл салада да GPS қолдану шеңбері орасан зор. Қазіргі уақытта спутниктік геодезиялық тораптар құру жəне республикамыздың экономика, қорғаныс жəне ұлттық қауіпсіздік салаларындағы міндеттерді шешу кезінде спутниктік тех-нологияларды кеңінен енгізу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бірегей мемлекеттік жүйе орнату өзекті болып отыр.

Slide 4

GPS туралы түсінік

GPS (Global Position System) - геодезиялық негіздерді құрудағы ең тиімді аспап болып табылады. GPS көмегімен орындалған геодезиялық өлшеулер дəлдігі, əмбебаптығы, жылдамдығы жəне үнемділігі, тиімділігімен кеңінен тарады. Бұл жұмыстардың орындау əдісінің классикалық геодезиялық өлшеу лерден айырмашылығы бар. GPS өлшеуде арнайы ереже-лерді сақтаған кезде тиімді нəтижелерді алуға болады. GPS қабылдағыштарының ең басты ерекшеліктерінің бірі - ауа райының кез келген жағдайларында өлшеу жұмыстарын орын-дайды.

Slide 5 Slide 6

GPS технологияны геодезияда пайдалану

Ұзындығы əртүрлі тораптардағы жерсеріктік координаттық анықтаудың жоғары дəлдіктегі өлшеулерін алуан түрлі физика-географиялық жағдайларда жүргізуге, жерсеріктік əдістерді қол-данбалы геодезияның ауқымды мəселелерін шешу кезінде тиімді пайдалануда.

Slide 7

GPS технологиясын топографиялық түсірімдерде қолдану

GPS жүйесін 5 негізгі пунктке бөлуге болады:

жер серігінің трилатерациясы - жүйе негізі;

жер серігімен қашықтық өлшеу - жер серігіне дейінгі арақашықтықты өлшеу;

дəл уақытпен байланыстыру - қабылдағыш пен жер серігінің сағатын сəйкестендіру;

жер серігінің орналасуы - ғарыштағы жер серіктерінің дəл орналасуын анықтау;

қателіктерді түзету - тропосфера мен ионосфера қа-баттарынан өтетін сигналдардың енгізілетін қателерін ескеру.

Slide 8

Егер жер серігіндегі жəне қабылдағыштағы сағат жүрісінің дəлдігі бірдей болса, онда арақашықтықты 2 жер серігінің көмегімен дəл анықтауға болады. Егер өлшеулер 3 жер серігінен орындалса, онда барлық сағаттар дəл жүреді деген сөз.

Slide 9

Жергілікті жерде жерсеріктік əдістердің əртүрлі түсіру түрлерін кеңінен қолдануға септігін тигізетін техника-экономикалық алғышарттар: жоғары дəлдік, ауа райы жағдайларына тəуелсіздік, пункттер арасында тіке көрінудің болуы міндетті емес. Негізгі шектеуші факторы - өлшеу сəтінде аспанның бақылаушы жер серіктері орналасқан бөлігінде, еркін шолуды қамтамасыз ету талаптары.

Slide 10

Жерді түсіруге байланысты орындалатын жұмыс ерекшеліктерінің бірі - жергілікті координаталар жүйелерін қолданудың мақсатқа сəйкестігі. Тұтынушыларды, көбінесе, нивелирлеуден алынатын биіктіктер қызықтырады. Сонымен қатар, жерсеріктік əдістер таңдап алынған эллипсоидтің бетіне жататын, нивелирлі биіктіктен едəуір өзгеше, геодезиялық биіктіктерді алуға мүмкіндік береді. Мұндай айырмашылықтар, салыстырмалы түрде тіпті кіші көлемді аймақтардың өзінде 40 см-ге жетіп, одан асуы да мүмкін.

Slide 11

GPS қабылдағыштары жəне олардың сипаттамалары

GPS қабылдағыштары - позициялау мақсатымен ЖЖС сигналдарын қабылдайтын электрондық қондырғылар. Жер серіктік қабылдағыштардың жұмыс жасау тəртібінің басты топтастыру белгілері - абсолютті немесе қатынасты (дифференциалды) позиционерлеу əдістері болып табылады. Бұл тəсілдер навигациялық (статикалық жəне кинематикалық) əдістеме шеңберінде баяу кинематика («stop - go» режимі), статикалық жəне жылдам статика, сонымен қатар, реоккупация түрінде іске асырылуы мүмкін.

Slide 12

GPS қабылдағыштармен бірге болатын программалардың көмегімен, өлшеу нəтижелерін өңдеп, алынған геодезиялық жүйелерді теңестіруге жəне пункт координаталарын келесі тахеометриялық түсірістерге есептеуге болады. GPS көмегімен геодезиялық жұмысты жүргізген сіздің еңбек өнімділігіңіз жоғарылайды.

Slide 13

Trimble Navigation қабылдағышының сипаттамасы


Ұқсас жұмыстар
Gps аспаптарының жұмыс істеу принципі, қолданылу аясы
GPS – өлшеулерді пайдалану арқылы ірі масштабты түсірістердің түсіру негіздерін құру
Лазерлік сканер
Геодезия GPS технологиясын пайдалану
Топографиялық түсірісті автоматтық әдістерімен жүргізу туралы жалпы түсінік
Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстар
Геодезиялық өлшемдерді автоматтандыру жүйелері
РАДИОЗОНД ЖАПОНИЯ
Дербес жерсеріктік радиотелефондық байланыс. Дербес жерсеріктік байланыс жүйесінің нұсқалары. Жерсеріктік навигациялық GPS жүйесі
GPS пен лимбті өлшеу кезінде су қоймаларындағы су деңгейінің ортометриялық биіктігінің қателіктерін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz