Электромагниттік өрістер және денсаулықтың нашарлау қаупі


Slide 1

СӨЖ

Қабылдаған:Токешева. Ш. М

Орындаған:Амангелдинова. Д. Қ

Тобы:404-ОЗ

СЕМЕЙ 2018ж

Тақырыбы:Электромагниттік өрістер және денсаулықтың нашарлау қаупі.

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті

Slide 2

Магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организм туғызатын магнит өрісін зерттейтін биофизиканың бір саласын магниттік биология деп атайды. Магнит өрісінің адам организміне әсері өте ерте заманнан-ақ зерттелген. Магнит өрісі нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін орыс ғалымы С. П. Боткин ашқан. Тіпті магнит өрісімен кез-келген ауруды емдеп жазуға болады деп ғылымда дәлелденген. Магнит өрісі нерв жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Ал қан айналым жүйесінде, қан тамырларының кеңеюін байқауға болады. Өте күшті магнит өрісінің әсерінен микроорганизмдер өсу жылдамдығы және оның өсу сипаты өзгеріске ұшырайды.

Slide 3 Slide 4

Төменгі жиілікті 0-20гц

Дыбыс жиілігіндегі(ДЖ) 20гц-20кГц

Ультрадыбысты жиілік(УДЖ) 20кГц-200кГц

Жоғары жиілікті(ЖЖ) 200кГц-30мГц

Ультражоғары жиілікті(УЖЖ) 30МГЦ-300МГц

Аса жоғары жиілікті(АЖЖ) 300МГц-тен жоғары.

Slide 5

Бұл құбылыс электролит ерітінділеріндегі иондардың ығысуымен түсіндіріледі.

Slide 6

Адам ағзасына электро-физикалық факторлармен әсер ету әдістері

Токпен әсер ету

Өріспен әсер ету

Электродтар адам денесіне тікелей жабысыстырылады.

Злектродтар адам денесінен белгілі бір ара қашықтықта орналастырылады.

Slide 7

АДАМ АҒЗАСЫНА ЗЛЕКТІР ТОГІМЕН ӘСЕР ЕТУ ӘДІСТЕРІНЕ МЫНАЛАР ЖАТАДЫ:

Тұрақты токпен әсер-гальванизация және электрофорез әдістері;

Үздікті(импульсті) злектр тогімен әсер-электростимуляция әдістері;

Жоғары жиілікті электр тогімен әсер-дарсонвализация және электрохирургия әдістері;

Slide 8

АДАМ АҒЗАСЫНА ЭЛЕКТР НЕМЕСЕ МАГНИТ ӨРІСТЕРІМЕН ӘСЕР ЕТУ ӘДІСТЕРІ:

Тұрақты электр өрісімен әсер-аэроионотерапия әдістері;

Жоғары немесе ультражоғары жиілікті электр немесе магнит өрісімен әсер-индуктотерапия және УЖЖ -терапия әдістері;

Аса жоғары жиілікті диапозандағы электромагниттік толқынмен әсер-микро толқындық терапия және дециметрлік толқынды (ДЦТ) терапия әдістері.

Slide 9

Адам денесіне электродтар арқылы бекітілген, тұрақты токтың адам ағзасына аз күшпен әсер етуге негізделген емдік әдіс гальванизация деп аталады.

Гальванизация әдісі перифериялық және орталық нерв жүйелерін, радикулитті, ми және жұлын қан айналысының бұзылуы, т. б. көптеген ауруларды емдеуде қолданылады.

Slide 10

Тұрақты токтың көмегімен адам ағзасына инъекциясыз дәрі енгізу үшін қолданылатын әдіс электрофорез деп аталады.

Электрофорез әдісінде электродтар мен адам денесінің арасына салынатын дәкелер дәріге малынады. Тұрақты токпен әсер еткенде теріс электродтың астындағы дәкеден теріс иондар және олардың күрделі химиялық қосылыстары, оң электродтың астындағы дәкеден оң иондар және олардың күрделі химиялық қосылыстары адам ағзасына кіреді.

Slide 11

Ағзаның функционалдық күйін өзгерту үшін тітіркендіргіш ретінде үздікті (импульсты) электр тогын қолдану әдісін электростимуляция деп атайды.

Қазіргі кезде электростимуляция клиникада ішкі органдарды(ішек, қуық, жатыр және т. б. ) емдеуде жиі қолданылады.

Қысқа мерзімді күшті токпен әсер ету әдісін дефибрилляция деп атайды.

Фибрилляция күйіндегі жүрек өздігінен қалыпты жұмыс істей алмайды. Жүректі осындай күйден шығару үшін дефибрилляция әдісі қолданылады. Бұл әдісте адамның жүрек тұсына ұзақтығы 10-15 ампер, кернеуі 4-6 киловольт бір ғана электр разрядымен әсер ету керек. Осындай тітіркендіргіштің әсерінен адамның барлық бұлшық еттері, соның ішінде жүректің бұлшық етері де, бір сәтте жиырылып, бір сәтте босайды. Соның нәтижесінде жүректің бұлшық еттерінің функциясы қалпына келуі мүмкін.

Slide 12

Нерв рецепторларын сергіту үшін қолданылатын әдіс дарсонвализация деп аталады. Алғаш рет француз физиологы және дәрігері Дарсонваль ұсынған.

Бұл әдісте адамның денесіне жоғары жиілікті әлсіз электр разрядымен әсер етеді. Электрод жоғары жиілікті 500кГц, кернеуі 15-20 кв, ток күші 0, 015-0, 02 А ток көзіне қосылады. Ток күші аз болғандықтан жылу эффектісін тудырмайды. Осындай ток көзіне қосылған электродты адам денесіне жақындатқанда олардың арасында әлсіз электр разряды пайда болады. Сол разрядтар нерв рецепторларының қабілетін арттырып, адамды сергітеді.

Slide 13

Электрохирургия деп- ЖЖ жылулық әсерін пайдаланып ұлпаны айтамыз. Осы кесуді- электротомия деп, ал оны күйдіре немесе балқыта отырып кесуді, жапсыруды- электрокоагуляция деп атайды. ЖЖ ток ұлпа арқылы өткенде активті электрод астындағы ұлпаның жасуша мен жасуша аралық қабаттардағы сұйықтар жоғары температураға (4000 градус және одан жоғары) дейін лезде қызады, жылдам қызған сұйықтардың булануы жарылыс (кавитация) түрінде жүреді.

Slide 14

Соңғы жылдары аэроионотерапия деп аталатын терапиялық әдіс кең қолданылуда. Бұл әдісте емдеу шаралары, жоғары кернеулі электр өрісімен өндірілген оң және теріс иондар арқылы іске асырылады. Емдік шаралары үшін оң және теріс зарядталған иондардың қатынасы 0. 1 - 0. 2 болуы шарт. Мұндай емдеу істері “Озотрон”, ”Ионотрон”, ”АГЭД - 01” құралдары арқылы іске асырылады.

Slide 15

Жиілігі 30 - 300 Мгц аралығындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар ультра жоғары жилікке жатқызылады, ал осы диапазон жататын 27. 12 МГц жиілікке сәйкес келетін ЭМ өрісті емдеу мақсатында қолдануды ультра жоғары жиілікті терапия деп атайды.


Ұқсас жұмыстар
Атмосфераның электромагниттік өріспен ластануы
Электромагниттік толқындар туралы
Электромагниттік өрістер, олардың адам денсаулығына ықпалы
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АДАМ
ДЕҢСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
Электромагниттік өріс
Өлшегіш құралдан
Электромагниттік толқындардың қолданылуы
Электрдің, электромагниттік толқындардың, иондаушы және ультрадыбыстық сәулелердің адам денсаулығына әсері
Заманауи жаппай қырып жою қаруларының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz