Ботулизм



Тақырыбы: Ботулизм.
Орындаған :
Тексерген:

Жоспар: 1) Ботулизм туралы жалпы түсінік. 2) Этиолгиясы. 3) Эпидемиологиясы. 4) Клиникалық көріністері. 5) Диагностикасы. 6) Ботулизм ауруының емі. 7) Алдын алу шаралары.

Ботулизм-ауыр токсикаинфекциялық ауру . Бұл ботулотоксинмен орталық және шеткі нерв жүйелерін зақымдаумен сипатталады.


Этиологиясы:Ботулизм қоздырғышы clostridium botulinum -анаэробты, қозғалмалы, грамм оң спора түзуші таяқша. Жанындағы таяқша шеттері дөңгеленген, спора әсерінен қоздырғыш тэннис ракеткасының формасына ие.

Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең таралған, топырақта мекендейді . Бактерия көбейеді және тіршілік етуіне токсин өндіреді. Токсиндер вегетативті формада өндіріледі 80◦ С температурада 30минутта, кайнатқанда 30 мин аралығында жойылады. Пепсин мен трипсинге тұрақты, ас тұзының жоғары концентрациясын көтере алады, әр түрлі қоспалардан тұратын азықта бұзылмайды.

Эпидемиологиясы. Ботулизм сапрозооноздарға жатады. Ботулизм кезінде қоздырғыштың негізгі резервуарлары: а) жылықандылық жануарлар (көбінесе шөп қоректілер) б) салқынқандылық (балықтар шаян тэрізділер, моллюскалар) в) сыртқы орта (жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы) . Ботулизмнің 3 түрі бар: 1 . тағамдық ботулизм 2. жарақаттық ботулизм 3. нәрестелердің ботулизмі Тағамдық ботулизм организмге токсин түскенде, ал жарақаттық жэне нәрестелердің ботулизмі споралар түскенде дамиды. Ең жиі кездесетін түрі - тағамдық ботулизм. Жұғу жолы: алиментарлы, токсин дамыған тағамдық азықтар арқылы (үйде консервленген ет, көкөністер, саңырауқұлақтар, үйде тұздалған сан еті (окорок), түздалган және қақталған балық. Жарақаттық ботулизм эр түрлі жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін. Топырақпен бірге түскен споралар шартты анаэробты жағдай туылған кезде вегетативті түріне ауысып токсин түзеді. Нәрестелердің ботулизмі - емшектегі баланың асқазан ішек жолына қоздырғыштың споралары түскен жағдайда дамуы мүмкін. Нәрестелердің ас қазанының микрофлорасының ерекшелігіне байланысты споралар вегетатвті түріне ауысып, олар токсин түзеді.

Клиникалық көріністері. Ботулизмнің жасырын кезеңі 2-1^ сағаттан 7 күнге дейін созылады, жиі 18-24 сағат. Ботулизм жеде^ басталады. Алғашқы кезевде ауру 3 клиникалық вариантта дамиды; паралитикалық, гастроинтестинальды жэне жалпы интоксикациялық. Интоксикация симптомдары: бас ауруы, бас айналу, бұлшьц еттердің элсіздігі, тез шаршағыштық, ұйқысыздық. Гастроинтстинальды синдромның көріністері: жүрек айнуь^ қайталама құсу, іш ету, ауамен кекіру, іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауру сезімі. Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді болады. Паралитикалық синдромға офтальмоплегиялық белгілердец басталады. Көрудің нашарлауы, көздің алдында тордың пайда болуы, диплопия. Науқастарда аккомадация парезі пайда болады.

Асқынулары. Жиі науқаста аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік шаралардың әсерінен (интубация, катетеризация, өкпенің жасанды вентиляциясы) екіншілік инфекцияның қосылуы пайда болады. Ботулизмнің салыстырмалы диагностикасы. Басқа уланулармен (атропин жэне оның препараттары, белена, метил спирті, улы саңырауқұлақтар) және аурулармен (тағамдық токсикоинфекциялар, энцефалит, полиомиелит, кеңірдек дифтериясы, жедел ми қан айналымының бұзылыстарымен, ОЖЖ - эртүрлі аурулармен) жүргізіледі.

Болжамы. Ботулизм кезінде сауығу ұзаққа созылады, 1-1, 5 ай шамасында болады. Алдымен тыныс алу жэна жұтыну қабілеті қалпына келеді. Бас ауру көздің симптомдары, жүрек қантамыр жетіспеушілігі ұзаққа дейін сақталады. Әлсіздік (астения) бірнеше айлар бойы сақталып қалады. Ботулизммен ауырғаннан кейін сауығу толық болады. Ботулизмге қайтымсыз өзгерістер тән емес. Ботулизмнің болжамы емдеуіне байланысты. Адекватты терапия болмаған жағдайда летальділігі 25-30% құрайды.



Диагностикасы. Ботулизмнің диагностикасын эпидемио- логиялық, клйникалық жэне лабораториялық көрсеткіштерге сүйенеді. Лабораторлық диагностика науқастан алынган қан, құсық массасы, асқазанның шайынды суынан ботулотоксин жэне ботулизм қоздырғыштарын анықтауға негізделген. Емдік сарысуды енгізбестен бұрын көк тамырдан 8-10 мл қан алады. Ботулотоксинді нейтрализация реакция арқылы анықтайды, ал аурудың қоздыргышы қоректік орталарға (пепсин-пептон, Китта-Тароцци ортасы, Хоттингер сорпасы) себу арқылы анықтайды. Ботулизм имуннодиагностикасы науқастың қанындағы антитоксиндерді анықтауға негізделген.

Емдеуі. Ботулизммен науқастарды инфекциялық стационарларға міндетті түрде жатқызу керек. Емдеуінің негізін спецификалық және спецификалық емес дезинтоксикация құрайды. Барлық науқастарға асқазанды жуып- шаю және ішекті тазалау клизмаларын жасайды.
Дезинтоксикация кезінде энтеросорбенттер (карболен, энтеродез, энтерол, смекта), вена ішілік кристаллоидты (трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) ертінділерді қолданылады.
Қандағы ботулотоксинді нейтрализациялау үшін емдік моновалентті ботулизмге қарсы сары сулар қолданылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz