Кәсіби бағытта дамуында мейірбикенің өзін ұстау ережелері


Slide 1

Тақырыбы: Кәсіби бағытта дамуында мейірбикенің өзін ұстау ережелері

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Жоспар: 1. Медициналық этика. 2. Дәрігер -науқас арақатынас. 3. Мейірбике білу және істей білу керек принциптер. 4. Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі. 5. Науқастарды тасымалдау.

Slide 3

Медициналық этика грек тілінен алғанда - адамгершілікті зерделеу немесе медициналық деонтология грек тілінен алғанда - парыз деген ұғымдарға ие, («деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда, ) яғни бұл - медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы.

Slide 4 Slide 5

Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді: медициналық қызметкер - емделуші, медициналық қызметкер - емделушінің туысқандары, медициналық қызметкер - медициналық қызметкер.

Slide 6 Slide 7

Этика - адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет: • әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды; • шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын; • ішкі мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың мәселелерін, мейірбикелік үрдістің мәнін.

Slide 11

Мейірбике істей білуі қажет: • мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастыруды; • емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды; • алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді; • күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету; • кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу.

Slide 12

Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық және психикалық тыныштығын сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру шаралары. Оның негізінде бөлімде науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру жатады. Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді: Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру.

Slide 13

Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау. Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз ету. Бөлімшеде тыныштықты сақтау керек, акырын сөйлесу керек, емделушілерге радио мен теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді, кіші медицина қызметкерлерінің бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбау керек. Емделушілерден бөлімшедегі күн тәртібінің сақталуын талап ету керек

Slide 14

Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады: 1. Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін журнал - ф. №001/у. 2. ф. №003/у. 3. ф. №066/у. 4. ф. №058/у. 5. ф. №060/у. Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 у формасы) . Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) толтырады.

Slide 15

Науқасты бөлімшеге тасымалдау. Науқастарды бөлімшеге тасымалдау. Науқасты қараған дәрігердің ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге бақылаушы мейірбике күтіп алады, онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны, санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы айтады. Содан кейін мейірбике түскен науқас туралы дәрігерге баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша тағайындаулар жасайды.

Slide 16

Өздігінен жүре алмайтын науқастарды бөлімшеге зембілмен тасымалдайды. Әлсіреген науқастарды, мүгедектерді, кейбір егде және кәрі адамдарды кебінесе арнайы кресло-каталкамен (абайлап, қатты селкілдетпей) ; ауыр науқастарды каталкамен немесе зембілмен тасымалдайды.

Slide 17

Каталкамен тасымалдау Ауыр науқастарды каталкамен тасымалдау - ең ыңғайлы және сенімді болып есептеледі. Науқастың астына жайма жайып, үстін көрпемен жабады.

Slide 18 Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіз аурухана ортасы
Негізгі хабарламалар
ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері
Мейіргерлік істегі өзгерістер, Жаңа мейіргер концепция туралы
Мейіргерлік күтім жоспарының орындалуы
Құзыреттері пациенттің құқықтары пациенттің оқу бағыттарының құқықтары коммуникация және этикалық принциптер коммуникация және этикалық принциптер
Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім этика және деонтология
Мейірбике мен пациент
МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУШІЛІКТІ ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz