Шигеллез (дизентерия): этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, патоанатомиясы, клиникасы, диагностикасы, емдеу және профилактикасы

Тақырыбы: Шигеллез.
Орындаған:.
Тексерген:
Жоспар: 1. Дизентерия жалпы сипаттама. 2. Этиологиясы. 3. Эпидемиологиясы. 4. Патогенезі 5. Патанатомиясы. 6. Клиникасы.
Дизентерия-антропонозды бактериальды ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді.
Этиологиясы: қоздырғышы Shigella туысына жатады. Shigella 4 тобы (А, В, С, Д) және 4 түрі ажыратылады:
- Sh. dysenteria
- Sh. flexneri
- Sh. boydi
- Sh. sonnei
Sh. sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксионнен тұрады, ал Sh. dysenteria, Sh. flexneri, Sh. sonnei экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді. Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді.
Эпидемиологиясы:
Барлық жерде таралымды.
Инфекция көздері:-жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар - транзиторлы бактерия тасымалдаушы Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндіреді. Осылардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық орында тамақтанатын жұмысшылар.
Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.
Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады.
Патогенезі: Шигелла асқазанға түскенен кейін ашы және тоқ ішеке өтеді. Тоқ ішекте олар колоноцитке өтіп, сол жерде көбейіп өледі де эндотоксин босап жергілікті әсер көрсетеді. Sh. dysenteriae (Григорьева-Шига) дизентерияларынан басқасына бактериемия тән емес. Токсин әсер ету кезінде күрделі процесстер пайда болады. Олар: ащы ішектің функцияларының бұзылуы (асқорыту, сіңу, моторлы-эвакуаторлы) . Сондай-ақ алмасу процестер (белок алмасуы), дәрумендердің және гемостаз жүйесінің бұзылуы. Аурудың дамуында басты рольді организм сенсибилизациясы ойнайды (г. з. т. ) Дизентерияның дамуына макроорганизм және қорғаушы факторлар маңызды мағына береді.
Патологиялық анатомиясы: п атоморфологиялық өзгерістер дизентерия кезінде тоқ ішектің дистальді бөлімінде көрінеді. Қабынудың келесі түрлері кездесуі мүмкін: *катаральді *катаральді-эрозиялы *катаральді-геморрагиялық *ойық-жаралы *фибринозды
Клиникасы. Дизентерияның клиникалық жіктелуі: . Жедел дизентерия ұзақтығы 3 айға дейін (ауырлау ағымы, егер 3-4 аптаға дейін сауығу кезеңі болмаса) . - колитикалық формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр) - гастроэнтероколиттік формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр) Созылмалы дизентерия ұзақтығы 3 айдан 2 жылға дейін - қайталану формасы (рецидивирующие) - үзіліссіз формасы (непрерывное) Бактерия тасымалдаушы формасы (транзиторлы) Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан (6-12 сағат) 7 күнге дейін тербелісте болды. Орташа есеппен 2-3 күн. Дизентерия клиникасында екі синдром ажыратылады.
Асқынулары: - инфекция- токсикалық шок -гепатоволемиялық шок -аралас шок -ішектен қан кету -перитонит (перфорациялық ойық жара кезінде) -инвагинация -тік ішекке түсу -артқы өту жолының жарылуы
Диагностикасы:
дизентерия диагнозы мынаған негізделеді: клиникалық негізге эпидемиологиялық негізге арнайы зертханалық негіздерге Арнайы диагностикалық әдістер:
-бактериологиялық зерттеу (нәжістің, құсық массанының)
-серологиялық реакция (РНГА)
-аллергиялық сынама
Арнайы емес әдістер:
-капрограмма
-ректороманоскопия
Салыстырмалы диагностикасы:
-тамақтық токсикоинфекция
-сальмонеллез
-холера
-амебиаз
-иерсиниозбен және басқа ауруларымен (диарея бұзылуы кезінде) .
Емдеуі: Дизентерия емдеуі стационарлы және үйде болады. Госпитализация клинико-эпидемиологиялық байланысты жэүргізіледі. Емдеу:- диета Режим ауыр ағымына байланысты Этиотропты препараттар (фуразолидон, неваграмон, метациклин, ципрофлоксоцин) жеңіл түрінде күніне 2-3 рет, орташа және ауыр ағымында 5-7 күн. Патогенетикалық терапия интоксикациялық синдром негізінде жүргізеді дезинтоксикациялық терапия, регидратациялық терапия, дегидратация кезінде, негізгі белгілерде қолданылады: организмнің иммундық реактивтігін жоғарлаттын препарат (метилурация) ферменттер (креон, фестал) эубиотики (бифидум бактерин, лактобактерин) физиолечение симптоматикалық заттар Профилактикасы: дизентерия кезінде профилактика жүргізіледі: жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар берілу жолына байланысты жүргізу