Балабақша қызметкерлерімен психологиялық жұмыс: коммуникация, коррекциялық әдістер және психогеометриялық бағалау


Slide 1

Балабақша қызметкерлерімен психологиялық жұмыс.

Slide 2

Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Балабақшадағы психологтың негізгі қызметі - балалардың физиологиялық және психикалық саулығын қорғау, әр баланың қабілетінің еркін және тиімді дамуына, эмоционалды үйлесімділікті қамтамасыз етуге ықпал ету. Психологиялық ойындар арқылы ба- лаларды әр түрлі ережелерді сақтауға үйрету, біріктіру, өзара сенім жағдайын құру мақсатында коррекциялық түзету жұмыстары мен балалардың танымдық деңгейлерін дамыту жұмыстары жүргізіледі.

Slide 6

Адамның қарым -қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы.

Осы мақсатқа жету үшін, мен мынандай 4 қадам:

Көзқарас. Қалай ойлайсыздар, көзқарас қарым-қатынас үшін қажет пе? Әрине қажет, адам біреумен танысу үшін, тілдесу үшін -алғашқы қадам көзқарастан басталады, махаббаттың өзі алғашқы көзқарастан тұрады.

Сөз. Адам тілдескенше дегендей, сөз қатынас құралы, сөз арқылы адаммен тілдесіп, жаңа дос тауып, қарым-қатынас жасаймыз. Ол адамға кішкене көңіл білдіріп, комплимент айтсаң, көңілі жадырап, танымаса да сізбен тілдесіп кетеді.

Тақырып. Екі адам тілдескенде тақырып ортақ болса, қарым-қатынас жасауға жеңіл бодады. Ой бөлісу, бір-бірімен тіл табысу осы тақырып арқылы өрбиді

Іс-әрекет. Досыңның іс-әрекетіне, қарым-қатынасына, сенде ілесіп, сондай қимылдар жасауға тырысуың керек. Сонда ғана қарым-қатынас жүзеге асады.

Ары қарай қарым-қатынасты жалғастыру, ол адаммен тілдесіп, сөйлесіп, кездесіп тұру қажет.

Slide 7

Сьюзен Делинггер әдісі : «Психогеометриялық тест» жеке тұлғаны пішіндер арқылы зерттеу жұмысы

Мақсаты: Психогеометрия - жеке тұлғаны анықтауға арналған ең ыңғайлы жүйенің бірі. Ол арқылы әр адамның жеке мінезін, қабілетін, ерекшелігін анықтауға болады.

Тренинг

Slide 8

Жүргізілу барысы: Мына төмендегі геометриялық фигуралардың біреуіне қарап «Бұл - мен!»- деп айта аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз, онда осылардың ішінен сізге қайсысы ұнайды, соны таңдап белгілеуге болады.

Ол үшін дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, зигзаг пішіндері қолданылады.

Slide 9

Геометриялық фигуралардың ерекшеліктері.

Төртбұрыш - ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, бөлшектерге, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты т. б

Slide 10

Үшбұрыш -көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш т. б.

Slide 11

Шеңбер - қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоциональды, сезімтал, сенгіш т. б.

Slide 12

Қорытынды: Қатысушылар тренинг барысында өздерінің алған әсерлері туралы айтады.


Ұқсас жұмыстар
Пациентпен және оның отбасымен жұмыс істеудегі коммуникация негіздері
Мектепке дейінгі топтағы балабақша психологының жұмыс ерекшеліктері
Жас мамандарға психологиялық қолдау: психодиагностикалық құралдар, психогеометриялық тест және әуен терапиясы
Балалардағы ринолалияны түзету: хирургиялық, диспансерлік және логопедиялық коррекциялық әдістер
Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық-психологиялық қызметтің теориясы, тарихы және коррекциялық педагогика негіздері
Тұйық және тұтығатын балалармен коррекциялық жұмыс әдістемесі: диагностика, түзету және отбасы-педагогикалық қолдау
Ата-аналармен жұмыс формалары және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық
Әлеуметтік-психологиялық қақтығыс: манипуляция және тиімді коммуникация әдістері
Көру, есту және сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс: ұйымдастыру және әдістемелік негіздер
Психо-педагогикалық коррекция: негізгі бағыттар, әдістер және бағдарламаларды құрастыру мен бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz