Заңдылықты қоғамдық тәртіп пен ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтары



Заңдылықты қоғамдық тәртіп пен ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтары

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттік өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлкеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ) . Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттік тану және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституция «Адам және азамат» деген ІІ тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтық да құқы мен міндеті туралы айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12-бап, 3-тармақ) .

Қазақстан Республикасында адам құқыктары мен бостандықтарын айқындайтын құқықтық нормалар мен ережелер халықаралық құқыктың құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы.

1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының» ережелері негізінде қабылданды. Оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің өкілдері сайланатын болды. Оған қатысушылар мемлекет ішінде адам құқықтарының қорғалуы жайында комитетке ұдайы баяндап отырады. Сонымен бірге комитет шартқа қосылған мемлекеттердегі адам құқығының қорғалу жайын өз тарапынан тексеріп отырады.

Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халық-аралық-құқықтық құжаттар жекелеген мемлекеттердің заңдарына ықпалын тигізіп отырады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарына мүше болып кірген ел халықаралық құқық нормаларын өз аумағында бұлжыт-пай орындап отыруға міндетті. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты сақтау ұйымына мүше болып кіргендіктен, осы ұйымдардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау хақындағы құжаттарын мойындайды және оларда қойылатын талаптарды орындап отырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz