Қызанақ (Solanum lycopersicum): ботаникалық сипаттамасы, өсіру шарттары және тағамдық-дәрілік қасиеттері


Slide 1

Тақырыбы:

Қызанақ

Қызанақ

Slide 2

Қызанақ - жемісі жеуге жарамды, біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro-алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.

Slide 3

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Өсімдіктер

Кіші дүниесі:

Tracheobionta

Бөлімі:

Magnoliophyta

Табы:

Magnoliopsida

Кіші табы:

Asteridae

Сабы:

Solanales

Тұқымдасы:

Solanaceae

Тегі:

Solanum

Түрі:

S. lycopersicum

Екі-есімді атауы

Solanum lycopersicum L.

Синонимдері

Lycopersicon lycopersicum Lycopersicon esculentum

Slide 4

Қызанақ-жылу сүйгіш өсімдік.

Оның өсуі үшін оңтайлы температура:

күндіз-20-250С, түнде-12-150С. Температура 150С төмендесе, қызанақ гүлдемейді. 100С өсуін тоқтатады, ал-1, 50С опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 330С -қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 350С болғанда болғанда фотосинтез тоқататылады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-300С және топырақтың орташа ылғалдылығы өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 110С-тан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 80С, тіпті одан да төмен жылылықта біргелкі өскін бере алады.

Slide 5

1811 жылы ботаникалық сөздікте 'томат - улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен, сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады' деген хабар пайда болады.

1. Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.

2. Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.

3. Қызанақ 'иммунитетті’ де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.

4. Үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн, бұл организмге зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтырады.

Slide 6

5. Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

6. Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.

7. Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік түймедақ (Matricaria chamomilla): ботаникалық сипаттамасы, химиялық құрамы және емдік қасиеттері
Орамжапырақтың ботаникалық сипаттамасы, өсіру технологиясы және сақтау-ашыту әдістері
Сұлы (Avena): ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы
Мандарин (Citrus reticulata): биологиялық сипаттамасы, өсіру шарттары және емдік-қолданбалы қасиеттері
Тары (Panicum) және қарақұмық (Fagopyrum): ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы Қазақстанда
Сұлының ботаникалық сипаттамасы, температура талаптары және астық өсіру мен топырақ өңдеу технологиясы
Жылыжайда қызанақ пен қияр өсіру технологиясы және агротехникалық талаптары
Жүгері: ботаникалық сипаттамасы, шығу тегі мен таралуы, өсіру технологиясы және халық шаруашылығындағы маңызы
Лимонның ботаникалық сипаттамасы, химиялық құрамы және емдік-тұрмыстық қасиеттері
Дәрілік қырмызыгүл (Calendula officinalis): сипаттамасы, химиялық құрамы, емдік қасиеттері мен өсіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz